Об установлении мест для массового отдыха, туризма и спорта на водных объектах города Астаны Қолданыста
Басқа 0
Астана қаласының су объектілерінде жаппай демалу, туризм және спорт
үшін орындар белгілеу туралы
Қазақстан Республикасы Су кодексі 125-бабының 4-тармағына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Құқықтық актілер туралы» заңдарына сәйкес Астана қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Астана қаласының су объектілерінде жаппай демалыс, туризм және спорт орындары осы қаулыға қосымшаға сәйкес белгіленсін.
Тармақ 2
2. «Астана қаласының Қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану басқармасы» мемлекеттік мекемесінің басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте, осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін, оның Астана қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырыруын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Астана қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 0. Астана қаласының су объектілерінде жаппай демалу, туризм және спорт үшін белгіленген орындар
Астана қаласы әкімдігінің
2025 жылғы «___»______
№ _______ қаулысына
қосымша
Астана қаласының су объектілерінде жаппай демалу, туризм және спорт үшін белгіленген орындар
Р/с
№
Су объектісінің атауы
Көпшіліктің демалу орны
Орналасқан жері
1.
Есіл өзені
«Столичный двор» демалыс аймағы
«Алматы» ауданы, «Күйгенжар» тұрғын алабы
2.
Есіл өзені
«Три пескаря» демалыс аймағы
«Сарыарқа» ауданы
3.
Есіл өзені
«Оазис» орталық жағажайы
«Нұра» ауданы, орталық елордалық саябақ
4.
Есіл өзені
коммуналдық жағажай
«Сарыарқа» ауданы, Ш. Бейсекова көшесі бойындағы көпірдің оң жағы
5.
Есіл өзені
«Армина» демалыс аймағы
«Алматы» ауданы, «Күйгенжар» тұрғын алабы
____________________________