Об утверждении тарифов на оказание специальных социальных услуг по Кобдинскому району Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 13.10.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қобда ауданы бойынша арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету тарифтерін бекіту туралы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31, 37-баптарына, Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексінің 141, 142-баптарына және «Арнаулы әлеуметтік қызметтерге тарифтерді қалыптастырудың ережесі мен әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 281 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32987 тіркелген) бұйрығына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес бір қызмет алушыға көрсетілетін арнаулы әлеуметтік қызметтер тарифтері бекітілсін.
Тармақ 2
2. «Қобда аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы қаулыны қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
Тармақша 2
2) осы қаулыны оны ресми жариялағаннан кейін Қобда ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 7
Қобда ауданы әкімдігінің 2025 жылғы «13» 10 № 370 қаулысына қосымша Бір қызмет алушыға көрсетілетін арнаулы әлеуметтік қызметтер тарифтері № Ме­ке­ме түр­ле­рі Кү­ніне бір қыз­мет алушы­ның та­ри­фі, тең­ге­мен 1 Үй­де қыз­мет көр­се­ту жағ­дай­ын­да 4664,90 2 Жар­ты­лай ста­ци­о­нар жағ­дай­ын­да 8081,40