Об установлении Перечня сведений, содержащихся в паспорте налогоплательщика, Правил и сроков его формирования и размещения на интернет-ресурсе уполномоченного органа Қолданыста
Басқа 0
Салық төлеушінің паспортында қамтылған мәліметтер тізбесін, оны қалыптастыру және уәкілетті органның интернет-ресурсында орналастыру қағидалары мен мерзімдерін белгілеу туралы
Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 36-бабы 4-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Белгіленсін:
Тармақша 1
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Салық төлеушінің паспортында қамтылған мәліметтер тізбесі;
Тармақша 2
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Салық төлеушінің паспортын қалыптастыру және оны уәкілетті органның интернет-ресурсында орналастыру қағидалары мен мерзімдері белгіленсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
Тармақша 3
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрық 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Жасанды интеллект және
Цифрлық даму министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігі
Басқа 1. Салық төлеушінің паспортында қамтылған
мәліметтер тізбесі
Қазақстан Реcпубликасының
Қаржы министрі
2025 жылғы 17 қазандағы
№ 917
бұйрығына 1-қосымша
Салық төлеушінің паспортында қамтылған
мәліметтер тізбесі
Тармақ 1
1. Дара кәсіпкердің жеке сәйкестендіру нөмірі немесе заңды тұлғаның бизнес-сәйкестендіру нөмірі.
Тармақ 2
2. Дара кәсіпкердің немесе заңды тұлғаның атауы.
Тармақ 3
3. Дара кәсіпкердің, заңды тұлға басшысының тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе).
Тармақ 4
4. Салық төлеушінің мәртебесі (қолданыстағы, жұмыс істемейтін салық төлеушілердің тізіліміне енгізілген салық есептілігін ұсынуды тоқтата тұрған).
Тармақ 5
5. Дара кәсіпкер немесе заңды тұлға туралы мәліметтерді салық төлеушілердің мемлекеттік деректер базасына енгізу немесе тіркеу есебіне қою күні.
Тармақ 6
6. Мемлекеттік кірістер органында бақылау-касса машиналарының тіркеу нөмірі.
Тармақ 7
7. Бақылау-касса машинасын пайдалану орны.
Тармақ 8
8. Алкоголь өнімін өндіру аумағында оны сақтау және бөлшек саудада өткізу жөніндегі қызметті қоспағанда, алкоголь өнімін сақтауға және бөлшек саудада өткізуге арналған лицензияның болуы немесе болмауы.
Басқа 2. Салық төлеушінің паспортын қалыптастыру және оны уәкілетті органның интернет-ресурсында орналастыру қағидалары мен мерзімдері
Қазақстан Реcпубликасының
Қаржы министрі
2025 жылғы 17 қазандағы
№ 917
бұйрығына 2-қосымша
Салық төлеушінің паспортын қалыптастыру және оны уәкілетті органның интернет-ресурсында орналастыру қағидалары мен мерзімдері
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Салық төлеушінің паспортын қалыптастыру және оны уәкілетті органның интернет-ресурсында орналастыру қағидалары мен мерзімдері (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 36-бабы 4-тармағына сәйкес әзірленді.
Тармақ 2
2. Осы Қағидалардың күші қоғамдық тамақтандыру және сауда салаларында қызметті жүзеге асыратын салық төлеушілерге қолданылады.
Тармақ 3
3. Осы Қағидалар салық төлеушінің паспортын қалыптастыру және оны уәкілетті органның интернет-ресурсында орналастыру тәртібі мен мерзімдерін айқындайды.
Тарау 2. 2-тарау. Салық төлеушінің паспортын қалыптастыру
тәртібі мен мерзімдері
2-тарау. Салық төлеушінің паспортын қалыптастыру
тәртібі мен мерзімдері
Тармақ 4
4. Салық төлеушінің паспортын мемлекеттік кірістер салық құпиясы болып табылмайтын органы штрих-кодта қамтылған кәсіпкерлік субъектісінің ақпараттық картасы түрінде қалыптастырады.
Тармақ 5
5. Салық төлеуші паспортының мәліметтері айына 1 (бір) рет есепті айдан кейінгі екінші айдың 15-і (он бесінші) күнінен кешіктірілмейтін мерзімде автоматты режимде қалыптастырылады және уәкілетті органның интернет-ресурсында жариялануға тиіс.
Тарау 3. 3-тарау. Салық төлеушінің паспортын
уәкілетті органның интернет-ресурсында орналастыру тәртібі мен мерзімдері
3-тарау. Салық төлеушінің паспортын
уәкілетті органның интернет-ресурсында орналастыру тәртібі мен мерзімдері
Тармақ 6
6. Салық төлеушінің паспортын мемлекеттік кірістер органы оны қалыптастырған күннен кейінгі 5 (бес) жұмыс күні ішінде уәкілетті органның интернет-ресурсында орналастырады.
Тармақ 7
7. Салық төлеуші Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің веб-порталы арқылы штрих-код түрінде белсенді терезеде салық төлеушінің сәйкестендіру нөмірін, бақылау-касса машинасының тіркеу нөмірін енгізу және «код жасау» терезесін іске қосу жолымен салық төлеушінің паспортын алады (https://kgd.gov.kz).