Об утверждении Положения о государственном учреждении «Управление финансов и государственных активов Туркестанской области» Қолданыста
Басқа 0
«Түркістан облысының қаржы және мемлекеттік активтер басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы
Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 27-бабына, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі «Мемлекеттік органдар мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы» № 590 қаулысына сәйкес, Түркістан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. «Түркістан облысының қаржы және мемлекеттік активтер басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы Ереже осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
Тармақ 2
2. «Түркістан облысының қаржы және мемлекеттік активтер басқармасы» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
Тармақша 1
1) жоғарыда көрсетілген Ережені әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы қаулыға қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Түркістан облысы бойынша филиалына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;
Тармақша 3
3) осы қаулының ресми жарияланғанынан кейін оның Түркістан облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Түркістан облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 8. «Түркістан облысының қаржы және мемлекеттік активтер басқармасы»
мемлекеттік мекемесі туралы
ЕРЕЖЕ (әрі қарай – Ереже)
Түркістан облысы әкімдігінің
2025 жылғы « 14 » қазандағы
№ 211 қаулысына қосымша.
«Түркістан облысының қаржы және мемлекеттік активтер басқармасы»
мемлекеттік мекемесі туралы
ЕРЕЖЕ (әрі қарай – Ереже)
Тарау 9. 1 - Тарау. Жалпы ережелер
1 - Тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. «Түркістан облысының қаржы және мемлекеттік активтер басқармасы» мемлекеттік мекемесі (әрі қарай – Басқарма), облыстық бюджеттің атқарылуын ұйымдастыру және облыстың коммуналдық меншігін басқару салаларында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
Тармақ 2
2. Басқарманың ведомстволары жоқ.
Тармақ 3
3. Басқарма өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
Тармақ 4
4. Басқарма ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
Тармақ 5
5. Басқарма азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
Тармақ 6
6. Егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, Басқарма мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
Тармақ 7
7. Басқарма өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Басқарма басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актiлермен ресiмделетiн шешiмдер қабылдайды.
Тармақ 8
8. Басқарманың құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
Тармақ 9
9. Басқарманың орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Түркістан облысы, Түркістан қаласы, Жаңа қала м/а, 32 көше, 20 ғимарат.
Тармақ 10
10. Осы Ереже Басқарманың құрылтай құжаты болып табылады.
Тармақ 11
11. Басқарманың қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
Тармақ 12
12. Басқармаға кәсіпкерлік субъектілермен Басқарманың функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Егер Қазақстан Республиканың Заңнамасында басқаша көзделмесе, Басқармаға заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілген жағдайда, осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.
Тарау 22. 2 -Тарау. Мемлекеттік органның негізгі мақсаттары мен өкілеттілігі
2 -Тарау. Мемлекеттік органның негізгі мақсаттары мен өкілеттілігі
Тармақ 13
13. Мақсаттары:
Тармақша 1
1) облыстық бюджеттің және облыс бюджетінің атқарылуы туралы есепті дайындау және әзірлеу;
Тармақша 2
2) облыстық коммуналдық меншікті басқару бойынша жұмысты ұйымдастыру.
Тармақ 14
14. Өкілеттіктері:
Тармақша 1
1) құқықтары:
өзiне жүктелген мiндеттерi мен функциялары шегiнде шешiмдер қабылдау;
заңнамада белгiленген тәртiппен өз функцияларын жүзеге асыру үшiн мемлекеттiк органдардан, ұйымдар мен жеке және заңды тұлғалардан құжаттарды және ақпаратты сұратып алу, сондай-ақ басқа мемлекеттік органдарға ақпарат ұсыну.
Тармақша 2
2) міндеттері:
өз құзыретi шегiнде жеке және заңды тұлғалардан келiп түскен мәселелердi қарау;
мемлекеттік активтер мен қаржыны басқару саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;
Қазақстан Республикасының заңнамалық және нормативтік құқықтық актілерін сақтау және орындау.
Тармақ 15
15. Функциялары:
Тармақша 1
1) облыстық бюджеттің атқарылуын ұйымдастыру және бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджетті атқару жөніндегі қызметін үйлестіру;
Тармақша 2
2) мiндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарын, жергiлiктi бюджеттер бойынша түсiмдердiң және төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарын жасау, бекіту және жүргізу;
Тармақша 3
3) бюджеттік мониторинг жүргізу;
Тармақша 4
4) өтімділікті басқару;
Тармақша 5
5) облыстық бюджеттің атқарылуын бюджеттік есепке алуды жүргізу;
Тармақша 6
6) бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органы белгілеген тәртіпте бюджет есептілігін жасау және ұсыну, облыстық бюджет пен облыс бюджетінің атқарылуы туралы есепті, сондай-ақ шоғырландырылған қаржы есептілігін жасау;
Тармақша 7
7) облыстың әкімдігіне, ревизиялық комиссиясына, экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасына, ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті органға облыстық бюджеттің атқарылуы туралы есепті ай сайын ұсыну;
Тармақша 8
8) облыстың жергілікті атқарушы органының борышын өтеу және қызмет көрсету;
Тармақша 9
9) бюджеттік кредитердің мониторингін жүзеге асыру;
Тармақша 10
10) жергілікті уәкілетті орган мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелердің мониторингін жүргізу;
Тармақша 11
11) Түркістан облысы әкімдігінің:
«Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу объектілерінде тұрғын үй және (немесе) пәтер салуды және (немесе) алуды, сатып алуды;
мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарын және мемлекеттік жоспарлау жүйесіне кірмейтін өзге де құжаттарды іске асыру шеңберінде сарқынды суларды тазарту құрылысжайларының кешендерін, жылумен, электрмен, сумен жабдықтау және су бұру желілері мен жүйелерін салу және жаңғырту (реконструкциялау, күрделі жөндеу);
мектептерді реновациялауды қаржыландыру үшін мемлекеттік бағалы қағаздар шығаруын жүзеге асыру;
Тармақша 12
12) жергiлiктi ауқымдағы әлеуметтік, табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар туындаған, сондай-ақ төтенше жағдайдың құқықтық режимін қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралар өткізілген жағдайда жергiлiктi атқарушы органның резервiнен ақша бөлу туралы өтініш хаттарды қарау;
Тармақша 13
13) өз құзыреті шегінде облыстық коммуналдық мүлікті басқару саласындағы нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу және облыс әкімдігіне бекітуге ұсыну;
Тармақша 14
14) облыстық коммуналдық мүліктің есепке алынуын ұйымдастыру, оның тиімді пайдаланылуын қамтамасыз ету;
Тармақша 15
15) аудандық коммуналдық мүлікті басқару саласында өздерінің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарының жұмысын үйлестіру;
Тармақша 16
16) облыстық коммуналдық мүлікті басқаруды жүзеге асыру, оны қорғау жөнінде шаралар қолдану;
Тармақша 17
17) облыстық мемлекеттік кәсіпорындардың, мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің даму жоспарларының орындалуын бақылау мен талдауды жүзеге асыру;
Тармақша 18
18) облыстық коммуналдық мүлікті облыстық коммуналдық заңды тұлғаларға бекіту;
Тармақша 19
19) облыстық коммуналдық мүлікті, сондай-ақ мүліктік кешен ретінде кәсіпорындарды міндетті түрде жария тыңдаулар өткізе отырып жекешелендіру туралы облыс әкімдігінің қаулысын әзірлеу;
Тармақша 20
20) облыстық коммуналдық мүлікті, сондай-ақ мүліктік кешен ретінде кәсіпорындарды жекешелендіруді жүзеге асыру, оның ішінде жекешелендіру процесін ұйымдастыру үшін делдалды тарту, жекешелендіру объектісін бағалауды қамтамасыз ету, жекешелендіру объектісінің сатып алу-сату шарттарын дайындау мен жасасуды және сатып алу-сату шарттары талаптарының сақталуын бақылауды жүзеге асыру;
Тармақша 21
21) облыстық коммуналдық мүліктік жалға беру (жалға алу);
Тармақша 22
22) коммуналдық мүлікті жеке тұлғаларға және мемлекеттік емес заңды тұлғаларға кейіннен сатып алу құқығынсыз немесе шағын кәсіпкерлік субъектілерінің меншігіне кейіннен өтеусіз негізде беру құқығымен сенімгерлік басқаруға беру туралы облыс әкімдігі қаулысының жобасын дайындау;
Тармақша 23
23) сенімгерлік басқарушының облыстық коммуналдық мүлікті сенімгерлікпен басқару шарты бойынша міндеттемелерді орындауын бақылауды жүзеге асыру;
Тармақша 24
24) мемлекеттік мүлікті мемлекеттік меншік түрлерінің бірінен екіншісіне, сондай-ақ жергілікті мемлекеттік басқарудың бір деңгейінен екіншісіне қабылдау және беру;
Тармақша 25
25) мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарттары негізінде салынған, облыстың коммуналдық меншігіне қабылдауға жататын нысандарды қабылдау бойынша жұмыстарды ұйымдастыру;
Тармақша 26
26) ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы бірыңғай талаптардың, деректерді басқару жөніндегі талаптардың сақталуын қамтамасыз ету;
Тармақша 27
27) өзіне осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамасында жүктелген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.
Тарау 57. 3 - Тарау. Мемлекеттік органның бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттіктері
3 - Тарау. Мемлекеттік органның бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттіктері
Тармақ 16
16. Басқарманы басқаруды бірінші басшы жүзеге асырады, ол Басқармаға жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз өкілеттіктерін жүзеге асыруына дербес жауапты.
Тармақ 17
17. Басқарманың бірінші басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалады және лауазымнан босатылады.
Тармақ 18
18. Басқарманың бірінші басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалатын және лауазымнан босатылатын орынбасарлары болады.
Тармақ 19
19. Басқарманың бірінші басшысының өкілеттігі:
Тармақша 1
1) қолданыстағы заңнамаға сәйкес Басқарманың және ведомстволық бағыныстағы ұйымдардың қызметкерлерi үшiн мiндеттi бұйрықтар шығарады;
Тармақша 2
2) Басқарма қызметкерлерi мен ведомстволық бағыныстағы ұйымдардың басшыларын тағайындайды және қызметтерiнен босатады;
Тармақша 3
3) Басқарманың атынан сенімхатсыз әрекет етеді;
Тармақша 4
4) сенiм хат бередi;
Тармақша 5
5) келісімшарттар жасасады;
Тармақша 6
6) банктік шоттар ашады;
Тармақша 7
7) заңнамалармен, облыс әкiмi мен әкiмдiгiмен оған жүктелген басқа да функцияларды жүзеге асырады.
Басқарманың бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкiлеттiктерiн қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.
Тармақ 20
20. Бірінші басшы өз орынбасарларының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгілейді.
Тарау 70. 4 - Тарау. Мемлекеттік органның мүлкі
4 - Тарау. Мемлекеттік органның мүлкі
Тармақ 21
21. Басқарманың заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.
Басқарманың мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
Тармақ 22
22. Басқармаға бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
Тармақ 23
23. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе Басқарманың өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне берілген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
Тарау 74. 5 - Тарау. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату
5 - Тарау. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату
Тармақ 24
24. Басқарманы қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Басқарманың қарамағындағы ұйымдардың тізбесі:
Тармақша 1
1) «Сарыағаш» Емдеу - оңалту кешені» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.