О форменной одежде с погонами (обмундировании) старшего, среднего и младшего начальствующего состава Республиканского государственного учреждения "Государственная фельдъегерская служба Республики Казахстан" Канцелярии Премьер-Министра Республики Казахстан Күшін жойған
Басқа 0
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi Кеңсесiнiң "Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк фельдъегерлiк қызметі" республикалық мемлекеттiк мекемесi аға, орта және кіші басшы құрамының погондары бар нысанды киiмi (киiм-кешегi) туралы
"Байланыс туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылы 5 шiлдедегi Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесi "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік фельдъегерлiк қызметi" республикалық мемлекеттiк мекемесiнiң аға, орта және кiшi басшы құрамы заңнамада белгіленген тәртiппен "Қазақстан Республикасы ішкі iстер органдарының қатардағы және басшы құрамдағы адамдарының нысанды киiм-кешектің жаңа үлгiлерiне көшуi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 15 қарашадағы N 1390 қаулысымен бекiтiлген iшкi iстер органдарының ішкі қызметiне арналған үлгiдегi погондары бар нысанды киiммен (киiм-кешекпен) қамтамасыз етіледі деп белгiленсiн.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң Кеңсесi және Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгi осы қаулыны iске асыру жөнiнде қажетті шаралар қабылдасын.
Тармақ 3
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.