Об установлении публичного сервитута Қолданыста
Басқа 0
Жария сервитутты белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының Жер кодексіне, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына сәйкес, Ақтоғай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес «Tesiktas Resources Ltd» жеке компаниясына пайдалы қазбаларды барлау үшін, жалпы көлемі 8678,988 гектар жер учаскесін меншік иелері мен жер пайдаланушылардан алып қоймай, 2029 жылдың 20 қарашасына дейін жария сервитут белгіленсін.
Тармақ 2
2. Осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес «Tesiktas Resources Ltd» жеке компаниясына пайдалы қазбаларды барлау үшін, жалпы көлемі 3388,11 гектар жер учаскесін меншік иелері мен жер пайдаланушылардан алып қоймай, 2029 жылдың 20 қарашасына дейін жария сервитут белгіленсін.
Тармақ 3
3. «Tesiktas Resources Ltd» жеке компаниясы (келісім бойынша) жер пайдаланушыларға және жер учаскесінің иелеріне толық көлемде шығындарын өтеуді қамтамасыз етсін, шығын көлемі және олардың өтемақысы Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес тараптардың келісімдері бойынша белгіленсін.
Тармақ 4
4. «Ақтоғай ауданының жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.
Тармақ 5
5. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақтоғай ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 6
6. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 1. «Tesiktas Resources Ltd» жеке компаниясына жария сервитут белгіленетін жер учаскелерінің тізбесі
Ақтоғай ауданы әкімдігінің
2025 жылғы 20 қазандағы
№ 77/02 қаулысына 1-қосымша
«Tesiktas Resources Ltd» жеке компаниясына жария сервитут белгіленетін жер учаскелерінің тізбесі
р/с
№
Жер пайдаланушылардың (меншік иелерінің) атауы
Кадастрлық нөмірі
Жария сервитут белгілеудің жалпы алаңы, гектар
1
Ақтоғай ауданының жер қоры
8135,8910
2
«Qazaq Steppe Sheep» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
09-102-040-1657
102,7860
3
Кркруов Болеген Елубайулы
09-102-040-554
440,3110
Басқа 2. «Tesiktas Resources Ltd» жеке компаниясына жария сервитут белгіленетін жер учаскелерінің тізбесі
Ақтоғай ауданы әкімдігінің
2025 жылғы 20 қазандағы
№ 77/02 қаулысына 2-қосымша
«Tesiktas Resources Ltd» жеке компаниясына жария сервитут белгіленетін жер учаскелерінің тізбесі
р/с
№
Жер пайдаланушылардың (меншік иелерінің) атауы
Кадастрлық нөмірі
Жария сервитут белгілеудің жалпы алаңы, гектар
1
Ақтоғай ауданының жер қоры
2750,4300
2
Абишев Амангельды Ергалиевич
09-102-040-572
637,680