Об установлении публичного сервитута акционерного общества «Казахтелеком» Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 06.10.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Қазақтелеком» акционерлік қоғамына қауымдық сервитут белгілеу туралы Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 19, 69 баптарына және Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 37 бабына, Төлеби аудандық жер қатынастары бөлімінің 12.09.2025 жылғы (жер учаскесін қалыптастыру жөнінде жерге орналастыру жобасын бекіту туралы) №692 (№KZ11VBG01645834) бұйрығына, Төлеби ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің қала құрылыстық қорытындысына және өтінішіне сәйкес ШЕШІМ ЕТТІ:
Тармақ 1
1.«Қазақтелеком» акционерлік қоғамының филиалы – «Желі» дивизоны» бірлестігіне Ленгір қаласы, Амангелді көшесінің бойынан талшықты оптикалық байланыс желілерін жүргізу үшін жалпы алаңы 0,0658 га жер учаскесін 5 (бес) жыл мерзімге қауымдық сервитут белгіленсін.
Тармақ 2
2. Осы шешiмнiң орындалу барысын қадағалау қала әкiмi орынбасары Ж.Байзаковқа жүктелсiн.
Тармақ 3
3. Осы шешім оның алғашқы жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.