О признании утратившими силу некоторых приказов Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 15.10.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Кейбір бұйрықтардың күші жойылды деп тану туралы «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27- бабының 1 - тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес кейбір бұйрықтардың күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Персоналды басқару департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің аппарат басшысына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 1. Күші жойылған кейбір бұйрықтардың тізбесі
Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрі 2025 жылғы 15 қазандағы № 297-НҚ бұйрығына қосымша Күші жойылған кейбір бұйрықтардың тізбесі
Тармақ 1
1. «Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің, оның ведомстволары мен олардың аумақтық бөлімшелерінің «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің жұмысын бағалау әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің 2020 жылғы 10 ақпандағы № 18-НҚ бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20041 болып тіркелген).
Тармақ 2
2. «Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің, оның ведомстволары мен олардың аумақтық бөлімшелерінің «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің жұмысын бағалау әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің 2020 жылғы 10 ақпандағы № 18-НҚ бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Сауда және интеграция министрінің 2023 жылғы 25 сәуірдегі № 150-НҚ бұйрығы.
Тармақ 3
3. «Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің, оның ведомстволары мен олардың аумақтық бөлімшелерінің «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің жұмысын бағалау әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің 2020 жылғы 10 ақпандағы № 18-НҚ бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Сауда және интеграция министрінің 2023 жылғы 12 шілдедегі № 272-НҚ бұйрығы.