О внесении изменений в некоторые постановления Восточно-Казахстанского областного акимата Күшін жойған
Басқа 0
Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің кейбір
қаулыларына өзгерістер енгізу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 39-бабы 2-тармағына, «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 65-бабы 3-тармағына, «Жергілікті атқарушы органдардың штат санының лимиттерін бекітудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 27 маусымдағы № 480 қаулысына, «Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2024 жылғы 9 қазандағы № 687 бұйрығының 19-тарауына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 35238 болып тіркелген) және «Жергілікті атқарушы органдардың құрылымы мен штат санының лимиті туралы» Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2022 жылғы 13 шілдедегі № 163 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2025 жылғы 17 қыркүйектегі № 228 қаулысына сәйкес Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. «Шығыс Қазақстан облысының мемлекеттік сатып алу басқармасы» мемлекеттік мекемесін құру туралы» Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 3 ақпандағы № 20 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:
аталған қаулының қосымшасы осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
Тармақ 2
2. «Шығыс Қазақстан облысының мемлекеттік сатып алу басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы» Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2016 жылғы 15 шілдедегі № 224 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:
аталған қаулының қосымшасы осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
Тармақ 3
3. Шығыс Қазақстан облысының мемлекеттік сатып алу басқармасы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы қаулыға қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесінің Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жариялау үшін «Қазақстан Республикасының заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;
Тармақша 2
2) осы қаулыны ресми жариялағаннан кейін Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің бірінші орынбасарына жүктелсін.
Басқа 7. «Шығыс Қазақстан облысының мемлекеттік сатып алу басқармасы»
мемлекеттік мекемесінің құрылымы
Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің
2025 жылғы «13» қазандағы
№ 258 қаулысына
1-қосымша
Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің
2015 жылғы 3 ақпандағы
№ 20 қаулысына
қосымша
«Шығыс Қазақстан облысының мемлекеттік сатып алу басқармасы»
мемлекеттік мекемесінің құрылымы
Басқарма басшысы
Басшының орынбасары
Басшының орынбасары
Бас маман-бас бухгалтер
Бас маман-заңгер
Жұмыстарды мемлекеттік сатып алу бөлімі
Тауарлар мен қызметтерді мемлекеттік сатып алу бөлімі
Мониторинг және шағымдарды қарау бөлімі
Коммуналдық мүлік бөлімі
Басқа 8. «Шығыс Қазақстан облысының мемлекеттік сатып алу басқармасы»
мемлекеттік мекемесі туралы ереже
Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің
2025 жылғы «13» қазандағы
№ 258 қаулысына
2-қосымша
Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің
2016 жылғы 15 шілдедегі
№ 224 қаулысына
қосымша
«Шығыс Қазақстан облысының мемлекеттік сатып алу басқармасы»
мемлекеттік мекемесі туралы ереже
Тармақ 1
1. «Шығыс Қазақстан облысының мемлекеттік сатып алу басқармасы» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрi - Басқарма) Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес орталықтандырылған мемлекеттік сатып алуды, мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушы функцияларын жергілікті атқарушы органның құзыреті шегінде орындайтын және облыстық коммуналдық мүлікті басқару саласындағы басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
Тармақ 2
2. Басқарма өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне және өзге де нормативтiк құқықтық актiлерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
Тармақ 3
3. Басқарма мемлекеттік мекеменің ұйымдастыру-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілдегі өзінің атауымен мөрлері және мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланктері, Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес қазынашылық органында есеп шоттары болады.
Тармақ 4
4. Басқарма өз атынан азаматтық-құқықтық қатынастарға түседі.
Тармақ 5
5. Басқарманың, егер ол заңнамаға сәйкес осыған уәкілетті болса мемлекет атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
Тармақ 6
6. Басқарма өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Басқарма басшысының бұйрықтарымен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
Тармақ 7
7. Басқарманың құрылымы мен штат санының лимитін қолданыстағы заңнамаға сәйкес Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі бекітеді.
Тармақ 8
8. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 070004, Қазақстан Республикасы, Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қаласы, Қазақстан көшесі, 59/1.
Тармақ 9
9. Мемлекеттік органының толық атауы – «Шығыс Қазақстан облысының мемлекеттік сатып алу басқармасы» мемлекеттік мекемесі.
Тармақ 10
10. Осы Ереже Басқарманың құрылтай құжаты болып табылады.
Тармақ 11
11. Басқарманың қызметін қаржыландыру Шығыс Қазақстан облысы бюджетінен жүзеге асырылады.
Тармақ 12
12. Басқармаға кәсіпкерлік субъектілерімен Басқарманың функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Егер Басқармаға заңнамалық актілерімен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда мұндай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.
Тармақ 2
Тармақ 13
13. Басқарманың миссиясы: мемлекеттік сатып алу және коммуналдық мүлікті басқару саласындағы мемлекеттік саясатты сапалы іске асыруды қамтамасыз ету.
Тармақ 14
14. Міндеттері:
мемлекеттік сатып алу саласындағы мемлекеттік саясатты сапалы іске асыру;
облыстық коммуналдық мүлікті басқаруды жүзеге асыру.
Тармақ 15
15. Функциялары:
Тармақша 1
1) мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және өткізу рәсімдерін, сондай-ақ, облыс әкімі анықтайтын бюджеттік бағдарламалар не тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бойынша мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушының функциясын жүзеге асырады;
Тармақша 2
2) тапсырыс беруші ұсынған тапсырма негізінде конкурстық құжаттаманың (аукциондық құжаттаманың) жобасын әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 3
3) конкурстық комиссияның (аукциондық комиссияның) құрамын айқындайды және бекітеді;
Тармақша 4
4) қажет болған жағдайда конкурстық құжаттамаға (аукциондық құжаттамаға) өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізеді;
Тармақша 5
5) мемлекеттік сатып алуды өткізу туралы хабарландыруды мемлекеттік сатып алу веб-порталына орналастырады;
Тармақша 6
6) тапсырыс берушіге мемлекеттік сатып алу туралы шарт жобасына конкурстық құжаттаманы (аукциондық құжаттаманы) және (немесе) конкурстық құжаттаманың (аукциондық құжаттаманың) техникалық өзіндік ерекшелігін алған, мемлекеттік сатып алу веб-порталына автоматты түрде тіркелген тұлғалар тарапынан сұрау салулар мен ескертулерді жібереді;
Тармақша 7
7) конкурстық құжаттаманың ережелеріне түсінік береді;
Тармақша 8
8) облыстың мемлекеттік сатып алуларына мониторинг жүргізеді;
Тармақша 9
9) Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде әлеуетті өнім берушілердің шағымдарын қарайды;
Тармақша 10
10) Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде әлеуетті өнім берушілердің шағымдарын қанағаттандыру немесе қанағаттандырудан бас тарту туралы шешім қабылдайды;
Тармақша 11
11) Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес мемлекеттік сатып алу қорытындысын қайта қарау, оның күшін жою немесе күшін жоюдан бас тарту туралы шешім қабылдайды;
Тармақша 12
12) заңнамада көзделген жағдайларда сотқа әлеуетті өнім берушілерді мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылары деп тану туралы талап жолдайды;
Тармақша 13
13) өз құзыреті шегінде облыстық коммуналдық мүлікті басқару саласындағы нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлейді;
Тармақша 14
14) аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарының аудандық коммуналдық мүлікті басқару саласындағы өз құзыретіне кіретін мәселелер бойынша жұмысын үйлестіреді;
Тармақша 15
15) облыстық коммуналдық мүлікті өз құзыреті шегінде басқарады, оны қорғау жөнінде шаралар қолданады;
Тармақша 16
16) облыстық коммуналдық заңды тұлғалардың жарғыларын (ережелерін), оларға енгізілетін өзгерістер мен толықтыруларды бекітеді;
Тармақша 17
17) облыстық коммуналдық мүлікті облыстық коммуналдық заңды тұлғаларға бекітеді;
Тармақша 18
18) облыстың жергілікті атқарушы органының шешімі бойынша облыстық коммуналдық мүлікті жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің жарғылық капиталына не акционерлік қоғамдардың акцияларын төлеуге беруді жүзеге асырады;
Тармақша 19
19) облыстың жергілікті атқарушы органының шешімі бойынша облыстық коммуналдық мүліктің құрамына акционерлік қоғамдардың акцияларын және жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің жарғылық капиталындағы қатысу үлестерін сатып алуды жүзеге асырады;
Тармақша 20
20) облыстық коммуналдық мүлікті (облыстық коммуналдық заңды тұлғалардың мүліктік кешендерін, акционерлік қоғамдардың акцияларын және жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің жарғылық капиталындағы қатысу үлестерін қоспағанда) ауданның, облыстық маңызы бар қаланың коммуналдық мүлік деңгейіне беру туралы шешім қабылдайды;
Тармақша 21
21) облыстық коммуналдық мүлікті (облыстық коммуналдық заңды тұлғалардың мүліктік кешендерін, акционерлік қоғамдардың акцияларын және жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің жарғылық капиталындағы қатысу үлестерін қоспағанда) пайдалану туралы, оның ішінде оны жалға, өтеусіз пайдалануға және сенімгерлік басқаруға беру туралы шешім қабылдайды;
Тармақша 22
22) облыстық коммуналдық мүліктің пайдаланылуын және сақталуын бақылауды қамтамасыз етеді;
Тармақша 23
23) облыстық коммуналдық мүлікті есепке алуды ұйымдастырады, оның тиімді пайдаланылуын қамтамасыз етеді;
Тармақша 24
24) облыстық коммуналдық мүлікті жекешелендіруді жүзеге асырады, жекешелендіру объектілерін бағалауды қамтамасыз етеді, жекешелендіру объектілерін сатып алу-сату шарттарын дайындау мен жасауды және сатып алу-сату шарттары талаптарының сақталуын бақылауды жүзеге асырады;
Тармақша 25
25) облыстық коммуналдық мүлікті жеке тұлғаларға және мемлекеттік емес заңды тұлғаларға кейіннен сатып алу құқығынсыз, шағын кәсіпкерлік субъектілерінің меншігіне кейіннен сатып алу құқығымен немесе кейіннен өтеусіз негізде беру құқығымен мүліктік жалдауға (жалға алуға), сенімгерлік басқаруға береді;
Тармақша 26
26) сенімгерлік басқарушының облыстық коммуналдық мүлікті сенімгерлікпен басқару шарты бойынша міндеттемелерінің орындалуын бақылауды жүзеге асырады;
Тармақша 27
27) облыстың жергілікті атқарушы органының шешімі бойынша акционерлік қоғамдардың және жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің құрылтайшысы болады;
Тармақша 28
28) коммуналдық меншікке берілетін мемлекеттік емес заңды және жеке тұлғалардың мүлкі (акционерлік қоғамдардың акциялары мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің жарғылық капиталындағы қатысу үлестерін қоспағанда) бойынша сыйға тарту шартын жасау туралы шешім қабылдайды;
Тармақша 29
29) коммуналдық меншікке жататын концессия объектілері бойынша жасалған концессия шарттарының тізілімін жүргізеді;
Тармақша 30
30) жергілікті бюджеттер есебінен ұсталатын мемлекеттік мекемелердің мүлкін есептен шығаруды жүзеге асырады;
Тармақша 31
31) Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Тармақ 16
16. Құқықтары мен міндеттері:
Басқарма:
Тармақша 1
1) Басқарма құзыретіне кіретін мәселелер бойынша ұсыныстарды облыс басшылығының қарауына енгізуге;
Тармақша 2
2) өз өкілеттіктері шегінде Басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша кеңестер мен басқа да іс-шаралар өткізуге;
Тармақша 3
3) Басқармаға жүктелген міндеттер мен қызметтерді орындау үшін заңды және жеке тұлғалардан қажетті ақпаратты сұрауға және алуға;
Тармақша 4
4) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқылы.
Басқарма:
Тармақша 1
1) Басқарма құзыретіне кіретін мәселелер бойынша кеңестер беруге;
Тармақша 2
2) заңды және жеке тұлғалар ресми сұраған жағдайда өз құзіреті шегінде және заңнама шеңберінде қажетті материалдар мен ақпаратты ұсынуға;
Тармақша 3
3) Басқарма қызметкерлерінің әкімшілік мемлекеттік қызметшілер әдеп нормаларын сақтауын қамтамасыз етуге;
Тармақша 4
4) Басқарманың құзыретіне кіретін өзге де міндеттерді орындауға міндетті.
Тармақ 3
Тармақ 17
17. Басқармаға басшылықты Басқармаға жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға, сондай-ақ құжаттардың сапалы орындалуына дербес жауапты болатын басшы жүзеге асырады.
Тармақ 18
18. Шығыс Қазақстан облысының мемлекеттік сатып алу басқармасының басшысын облыс әкімі лауазымға тағайындайды және лауазымынан босатады.
Тармақ 19
19. Басқарма басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалатын және лауазымынан босатылатын орынбасарлары болады.
Тармақ 20
20. Басқарма басшысының өкілеттігі:
заңнамада белгіленген тәртіппен Басқарма қызметкерлерін лауазымға тағайындау және лауазымнан босату;
заңнамада белгіленген тәртіппен Басқарманың қызметкерлерін көтермелеуді жүзеге асыру және оларға тәртіптік жаза белгілеу;
мемлекеттік органдарда, өзге ұйымдарда Басқарма мүддесін білдіру;
сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөнінде қажетті шаралар қабылдау.
Басқарманың басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
Тармақ 21
21. Басқарма басшысы өз орынбасарларының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгілейді.
Тармақ 4
Тармақ 22
22. Басқарманың заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.
Басқарманың мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ қаржыландыру жоспары бойынша облыстық бюджеттен бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлік есебінен қалыптастырылады.
Тармақ 23
23. Басқармаға бекітілген мүлік облыстық коммуналдық меншікке жатады.
Тармақ 24
24. Егер заңнамада және осы Ережеде өзгеше көзделмесе, Басқарманың өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
Тармақ 5
Тармақ 25
25. Басқарманы қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.