Об утверждении Правил взаимодействия органа государственных доходов с уполномоченным органом в сфере гражданской авиации по представлению заключения при проведении тематической проверки по подтверждению достоверности сумм налога на добавленную стоимость, предъявленных к возврату, подтверждающего факт осуществления рейса воздушным судном иностранной авиакомпании и количество реализованных горюче-смазочных материалов (в разрезе авиакомпаний) Қолданыста
Басқа 0
Мемлекеттік кірістер органының азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органмен қайтаруға ұсынылған қосылған құн салығы сомасының анықтығын растау бойынша тақырыптық тексеру жүргiзу кезінде шетелдiк авиакомпания әуе кемесiнiң рейстi жүзеге асыру фактiсiн және өткiзiлген жанар-жағармай материалдарының (авиакомпаниялар бөлінісінде) мөлшерiн растайтын қорытындыны ұсыну бойынша өзара іс-қимыл қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 52-бабы 2-тармағының 3)-тармақшасына және 469-бабы 3-тармағының 4)-тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:
Тармақ 1
1. Осы бірлескен бұйрыққа қосымшаға сәйкес Мемлекеттік кірістер органының азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органмен қайтаруға ұсынылған қосылған құн салығы сомасының анықтығын растау бойынша тақырыптық тексеру жүргiзу кезінде шетелдiк авиакомпания әуе кемесiнiң рейстi жүзеге асыру фактiсiн және өткiзiлген жанар-жағармай материалдарының (авиакомпаниялар бөлінісінде) мөлшерiн растайтын қорытындыны ұсыну бойынша өзара іс-қимыл қағидаларын туралы ереже бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрілігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрыққа қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;
Тармақша 2
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бірлескен бұйрық 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Басқа 1. Мемлекеттік кірістер органының азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органмен қайтаруға ұсынылған қосылған құн салығы сомасының анықтығын растау бойынша тақырыптық тексеру жүргiзу кезінде шетелдiк авиакомпания әуе кемесiнiң рейстi жүзеге асыру фактiсiн және өткiзiлген жанар-жағармай материалдарының (авиакомпаниялар бөлінісінде) мөлшерiн растайтын қорытындыны ұсыну бойынша өзара іс-қимыл қағидалары
Қазақстан Республикасының
Көлік министрі
2025 жылғы 16 қазандағы
№ 343 мен
Қазақстан Реcпубликасының
Қаржы министрі
2025 жылғы 16 қазандағы
№ 612 Бірлескен бұйрығына
қосымша
Мемлекеттік кірістер органының азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органмен қайтаруға ұсынылған қосылған құн салығы сомасының анықтығын растау бойынша тақырыптық тексеру жүргiзу кезінде шетелдiк авиакомпания әуе кемесiнiң рейстi жүзеге асыру фактiсiн және өткiзiлген жанар-жағармай материалдарының (авиакомпаниялар бөлінісінде) мөлшерiн растайтын қорытындыны ұсыну бойынша өзара іс-қимыл қағидалары
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы, Мемлекеттік кірістер органының азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органмен қайтаруға ұсынылған қосылған құн салығы (бұдан әрі – ҚҚС) сомасының анықтығын растау бойынша тақырыптық тексеру жүргiзу кезінде шетелдiк авиакомпания әуе кемесiнiң рейстi жүзеге асыру фактiсiн және өткiзiлген жанар-жағармай материалдарының (авиакомпаниялар бөлінісінде) мөлшерiн растайтын қорытындыны ұсыну бойынша өзара іс-қимыл қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Салық кодексінің (бұдан әрі – Салық кодексі) 52-бабы 2-тармағының 3) тармақшасына және 469-бабы 3-тармағының 4) тармақшасына сәйкес әзірленді және осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша қайтаруға ұсынылған ҚҚС сомаларының анықтығын растау бойынша тақырыптық тексеру жүргізуге қатысатын азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйым қызметшісінің шетелдік авиакомпания әуе кемесінің рейсті жүзеге асыру және өткізілген жанар-жағармай материалдарының мөлшері фактісінің анықтығын растайтын қорытындысын (бұдан әрі – Қорытынды) ұсыну бойынша мемлекеттік кірістер органы мен азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйымының арасындағы өзара іс-қимыл тәртібін айқындайды.
Қорытынды салық органына өз құзыреті шегінде міндеттерді орындау және оларға жүктелген функцияларды жүзеге асыру үшін қажетті тапсырмаларды ұсыну бөлігінде қайтаруға ұсынылған ҚҚС сомаларының дұрыстығын растау бойынша тақырыптық салықтық тексеру (бұдан әрі – тақырыптық тексеру) жүргізу кезінде ұсынылады.
Тарау 2. 2-тарау. Мемлекеттік кірістер органы мен азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органның тақырыптық аудит жүргізу кезінде қорытынды беру жөніндегі өзара іс-қимыл тәртібі
2-тарау. Мемлекеттік кірістер органы мен азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органның тақырыптық аудит жүргізу кезінде қорытынды беру жөніндегі өзара іс-қимыл тәртібі
Тармақ 2
2. Мемлекеттік кірістер органдары тақырыптық тексеру басталған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйымына тақырыптық тексеру жүргізуге қатысу үшін өкілдің кандидатурасы ұсыну туралы сұрау салуды (бұдан әрі – Сұрау) жолдайды.
Тармақ 3
3. Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйым Сұранымды салуды алған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде тақырыптық тексеру жүргізуге қатысу үшін өкілдің кандидатурасы ұсынады.
Тармақ 4
4. Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйымның тақырыптық тексеруге қатысатын қызметшісі Салық кодескінің 469-бабы 3-тармағының 4-тармақшасына сәйкес Қорытындыны ұсынуды қамтамасыз етеді.
Тармақ 5
5. Мемлекеттік кірістер органының сұрау салуды алған күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде салықтық тексеруге қатысушы болып табылатын мемлекеттік кірістер органының лауазымды адамына қорытынды табыс етіледі.
Тармақ 6
6. Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйымның қызметшісі Қорытындыға қол қояды.
Басқа 15. 20__ жылғы «__» ____ бастап 20___ жылғы «__» ___ аралығындағы кезеңге
Қайтаруға ұсынылған қосылған құн салығы сомаларының анықтығын растау бойынша тақырыптық тексеру жүргізуге қатысатын азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйым қызметшісінің шетелдік авиакомпания әуе кемесінің рейсті жүзеге асыру және өткізілген жанар-жағармай материалдарының мөлшері фактісінің анықтығын растайтын қорытындысы
Мемлекеттік кірістер органының азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органмен қайтаруға ұсынылған қосылған құн салығы сомасының анықтығын растау бойынша тақырыптық тексеру жүргiзу кезінде шетелдiк авиакомпания әуе кемесiнiң рейстi жүзеге асыру фактiсiн және өткiзiлген жанар-жағармай материалдарының (авиакомпаниялар бөлінісінде) мөлшерiн растайтын қорытындыны ұсыну бойынша өзара іс-қимыл қағидаларына
қосымша.
нысан
20__ жылғы «__» ____ бастап 20___ жылғы «__» ___ аралығындағы кезеңге
Қайтаруға ұсынылған қосылған құн салығы сомаларының анықтығын растау бойынша тақырыптық тексеру жүргізуге қатысатын азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйым қызметшісінің шетелдік авиакомпания әуе кемесінің рейсті жүзеге асыру және өткізілген жанар-жағармай материалдарының мөлшері фактісінің анықтығын растайтын қорытындысы
№
Шетелдік авиакомпанияның атауы
Рейс нөмірі
Ұшып келген күні
Ұшып кеткен күні
Әуе кемесінің түрі
Шетелдік авиакомпаниямен шарттың нөмірі және күні (өтінімнің деректемелері)
Құйылған жанар-жағармай материалдары
Ескертпе
Мөлшері (тоннамен)
маркасы
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
Жиынтығы:
х
х
х
х
х
х
х
20___ жылғы _________ «____»
________________________________________________________________
(азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйым қызметшісінің лауазымы)
________________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты, (егер бұл жеке басты куәландыратын құжатта
көрсетілсе))
________________
(қолы)
Ескертпе: Қайтаруға ұсынылған қосылған құн салығы сомаларының анықтығын растау бойынша тақырыптық тексеру жүргізуге қатысатын азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйым қызметшісінің шетелдік авиакомпания әуе кемесінің рейсті жүзеге асыру және өткізілген жанар-жағармай материалдарының (авиакомпаниялар бөлінісінде) мөлшері фактісін растайтын қорытынды нысанын толтыру жөніндегі түсіндірме, осы бұйрыққа қосымшада келтірілген.
Басқа 16. Қайтаруға ұсынылған қосылған құн салығы сомаларының анықтығын растау бойынша тақырыптық тексеру жүргізуге қатысатын азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйым қызметшісінің шетелдік авиакомпания әуе кемесінің рейсті жүзеге асыру және өткізілген жанар-жағармай материалдарының (авиакомпаниялар бөлінісінде) мөлшері фактісін растайтын қорытынды нысанын толтыру бойынша түсіндірме
Қайтаруға ұсынылған қосылған құн салығы сомаларының анықтығын растау бойынша тақырыптық тексеру жүргізуге қатысатын азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйым қызметшісінің шетелдік авиакомпания әуе кемесінің рейсті жүзеге асыру және өткізілген жанар-жағармай материалдарының (авиакомпаниялар бөлінісінде) мөлшері фактісін растайтын қорытынды нысанына
қосымша
Қайтаруға ұсынылған қосылған құн салығы сомаларының анықтығын растау бойынша тақырыптық тексеру жүргізуге қатысатын азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйым қызметшісінің шетелдік авиакомпания әуе кемесінің рейсті жүзеге асыру және өткізілген жанар-жағармай материалдарының (авиакомпаниялар бөлінісінде) мөлшері фактісін растайтын қорытынды нысанын толтыру бойынша түсіндірме
Тармақ 1
1. Қайтаруға ұсынылған қосылған құн салығы сомаларының анықтығын растау бойынша тақырыптық тексеру жүргізуге қатысатын азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйым қызметшісінің шетелдік авиакомпания әуе кемесінің рейсті жүзеге асыру және өткізілген жанар-жағармай материалдарының (авиакомпаниялар бөлінісінде) мөлшері фактісін растайтын қорытынды нысаны (бұдан әрі – нысан) тақырыптық тексеруді жүргізуге қатысатын азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйым қызметшісімен толтырылады.
Тармақ 2
2. Нысан, мемлекеттік кірістер органына табыс етіледі.
Тармақ 3
3. Нысан мына үлгіде толтырылады:
нысанда салық төлеушінің атауы, заңды мекенжайы және бизнес сәйкестендіру нөмірі (БСН);
нысанның 1 – бағанында қатардың рет саны көрсетіледі;
нысанның 2 – бағанында авиакомпанияның атауын көрсете отырып, оның тіркелінген мемлекеті көрсетіледі;
нысанның 3 – бағанында рейстің нөмірі көрсетіледі;
нысанның 4 – бағанында ұшып келген күні көрсетіледі;
нысанның 5 – бағанында ұшып кеткен күні көрсетіледі;
нысанның 6 – бағанында әуе кемесінің үлгісі көрсетіледі;
нысанның 7 – бағанында шетелдік авиакомпаниямен шарттың күні, нөмірі (өтінім деректемелері) көрсетіледі;
нысанның 8 – бағанында жанар-жағармай материалдарының мөлшері (тоннамен) көрсетіледі;
нысанның 9 – бағанында жанар-жағармай материалдарының маркасы көрсетіледі;
нысанның 10 – бағанында ескертпе көрсетіледі.