О переименовании улиц села Копа Аягозского района Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 10.10.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Аягөз ауданы Қопа ауылының көшелерін қайта атау туралы «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабының 4) тармақшасына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабының 2-тармағына, «Абай облысының ономастикалық комиссиясына ұсыныс енгізу туралы» бірлескен Аягөз ауданы әкімдігінің 2025 жылғы 08 шілдедегі № 230 қаулысы мен Аягөз аудандық мәслихатының 2025 жылғы 03 шілдедегі № 26/462-VIII шешімі негізінде, Абай облысының ономастика комиссиясының 2025 жылғы 12 қыркүйектегі қорытындысын ескере отырып, Аягөз ауданы Қопа ауылының әкімдігі ШЕШТІ :
Тармақ 1
1. Аягөз ауданы Қопа ауылының: 2 көшесі – Жастар көшесі; 3 көшесі – Құрманғазы көшесі; 4 көшесі – Сәкен Сейфуллин көшесі; 5 көшесі – Болашақ көшесі; 6 көшесі – Шоқан Уәлиханов көшесі; 7 көшесі – Бірлік көшесі; 8 көшесі – Ардагерлер көшесі; 9 көшесі – Дәстүр көшесі; 10 көшесі – Береке көшесі; 11 көшесі – Еңбекшілер көшесі; 12 көшесі – Жерұйық көшесі; 13 көшесі – Бәйтерек көшесі; 14 көшесі – Достық көшесі; 15 көшесі – Қарасу көшесі деп қайта аталсын.
Тармақ 2
2. Осы Аягөз ауданы Қопа ауылы әкімдігінің шешімі алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.