О внесении изменений в административно-территориальное устройство района Алтай и Шемонаихинского района Восточно-Казахстанской области Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 13.10.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Шығыс Қазақстан облысының Алтай және Шемонаиха аудандарының әкімшілік-аумақтық құрылысына өзгерістер енгізу туралы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 1-тармағының 4) тармақшасына, 27-бабының 2-тармағына, «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 3, 8, және 11-баптарына сәйкес, «Алтай ауданының әкімшілік-аумақтық құрылысына өзгерістер енгізу жөніндегі ұсыныс туралы» Алтай ауданы әкімдігінің 2024 жылғы 4 қыркүйектегі № 376 қаулысы мен Алтай аудандық мәслихатының 2024 жылғы 4 қыркүйектегі № 19/7-VIII шешімінің, «Шығыс Қазақстан облысы Шемонаиха ауданының әкімшілік-аумақтық құрылысына өзгерістер енгізу туралы» бірлескен Шемонаиха ауданы әкімдігінің 2024 жылғы 25 қыркүйектегі № 326 қаулысы мен Шемонаиха аудандық мәслихатының 2024 жылғы 25 қыркүйектегі № 21/8-VIII шешімінің негізінде Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Шығыс Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Шығыс Қазақстан облысының әкімшілік-аумақтық құрылысына мынадай өзгерістер енгізілсін: Алтай ауданы бойынша: мынадай елді мекендер: Соловьево ауылдық округінің Ленинск ауылы; Малеевск ауылдық округінің Ландман ауылы; Парыгино ауылдық округінің Кутиха ауылы таратылсын және өзге қоныстар санатына енгізілсін; таратылған ауылдардың аумағы: Ленинск қонысы Соловьево ауылдық округінің Подорленок ауылының құрамына; Ландман қонысы Малеевск ауылдық округінің Малеевск ауылының құрамына; Кутиха қонысы Парыгино ауылдық округінің Парыгино ауылының құрамына енгізілсін; Шемонаиха ауданы бойынша: мынадай елді мекендер: Усть-Таловка кентінің Заречное ауылы; Каменев ауылдық округінің Рулиха станциясы таратылсын және өзге қоныстар санатына енгізілсін; таратылған ауыл мен станция аумағы: Заречное қонысы шекаралары өзгертіле отырып, Усть-Таловка кентінің құрамына; Рулиха қонысы шекаралары өзгертіле отырып, Каменев ауылдық округінің Рулиха ауылының құрамына енгізілсін.
Тармақ 2
2. Осы бірлескен қаулы мен шешім олардың алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.