О снятии ограничительных мероприятий Қолданыста
Басқа 0
Шектеу шараларын жою туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабына, «Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-1-бабының
8-тармақшасына, «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Бейімбет Майлин ауданы бойынша аумақтық инспекциясының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2025 жылғы 20 қазандағі № 01-20/403 ұсынысын негізге ала отырып, Белинский ауылдық округі әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Қостанай облысы Бейімбет Майлин ауданы Белинский ауылдық округі Мақсұт ауылында орналасқан Болатбек Тунгушпекович Малаевтің жеке шаруа қожалығының ірі қара малының бруцеллез ауруынан сау деп танылуына байланысты шектеу шаралары алынып тасталсын.
Тармақ 2
2. Қостанай облысы Бейімбет Майлин ауданы Белинский ауылдық округі әкімінің «Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы» 2025 жылғы 07 тамыздегі № 4 шешімінің күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 3
3. «Белинский ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мыналарды қамтамасыз етсін:
Тармақша 1
1) осы шешімге қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оның көшірмелерін электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасы Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және қосу үшін Қостанай облысы бойынша филиалына жіберуді;
Тармақша 2
2) осы шешімді ресми жарияланғаннан кейін Белинский ауылдық округі әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
Тармақ 4
4. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
Тармақ 5
5. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізілсін.