Об утверждении перечня приоритетных видов деятельности в области информационно-коммуникационных технологий и критерия собственного производства Қолданыста
Басқа 0
Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы басым қызмет түрлерінің тізбесін және меншікті өндірістің өлшемшартын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 17-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Мыналар:
Тармақша 1
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы басым қызмет түрлерінің тізбесі;
Тармақша 2
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес меншікті өндірістің өлшемшарты бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес кейбір бұйрықтардың күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің Жасанды интеллект және деректерді басқару комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
Тармақша 3
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы ақпаратты Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің жауапты вице-министріне жүктелсін.
Тармақ 5
5. Осы бұйрық 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Сауда және интеграция министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігі
Басқа 1. Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы басым қызмет түрлерінің тізбесі
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары –
Жасанды интеллект және
цифрлық даму министрінің
2025 жылғы № бұйрығына
1-қосымша
Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы басым қызмет түрлерінің тізбесі
Тармақ 1
1. Бағдарламалық қамтылымды және бағдарламалық өнімді әзірлеу, енгізу, сүйемелдеу, дамыту, модификациялау және іске асыру (бағдарламалық-техникалық мүмкіндіктерге интеграцияланған қызметтерді коммерциялық мақсаттарда пайдалану, оның ішінде ақылы контентті орналастыру, кіріктірілген қосымша функционалды сату арқылы іске асыруды қоса алғанда).
Тармақ 2
2. Ақпараттық жүйелерді (мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерін қоспағанда) құру, тәжірибелік және өнеркәсіптік пайдалану, енгізу, дамыту, түрлендіру, сүйемелдеу.
Тармақ 3
3. Жеке немесе үшінші тарап бағдарламалық қамтылымын қолдана отырып, деректерді өңдеу қызметі (мәліметтер базасында білімді табу).
Тармақ 4
4. Жаратылыстану және техникалық ғылым саласындағы іргелі және қолданбалы зерттеулер, эксперименттік әзірлемелер, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы ғылыми-зерттеу, тәжірибелік-конструкторлық немесе тәжірибелік-технологиялық жұмыстарды орындау және осындай зерттеулер мен әзірлемелердің нәтижелерін іске асыру.
Тармақ 5
5. Технологияларды, микро -, опто - және наноэлектроника, микроэлектроника құрылғылары мен жүйелерін әзірлеу, енгізу, сүйемелдеу, дамыту, түрлендіру немесе әзірлеудің жекелеген кезеңдері (зерттеу, жобалау (құрастыру), тестілеу, техникалық сынау), баспа платаларын монтаждау және осындай әзірлемелердің нәтижелерін іске асыру.
Тармақ 6
6. Технологияларды әзірлеу, енгізу, сүйемелдеу, дамыту, түрлендіру немесе робототехниканың технологиясын, құрылғылары мен жүйелерін әзірлеудің жекелеген кезеңдері (зерттеу, жобалау (құрастыру) тестілеу, техникалық сынақтар) және осындай әзірлемелердің нәтижелерін енгізу.
Тармақ 7
7. Радиолокация, радионавигация, радиобайланыс, радиобасқару, радиожиілікті сәйкестендіру технологияларын, құрылғылары мен жүйелерін әзірлеу, енгізу, сүйемелдеу, дамыту, түрлендіру (зерттеу, жобалау (құрастыру), тестілеу, техникалық сынау) және осындай әзірлемелердің нәтижелерін іске асыру.
Тармақ 8
8. Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар, телекоммуникациялық технологиялар саласындағы технологияларды, жабдықтар мен құрылғыларды, биометрия құрылғылары мен жүйелерін әзірлеу, енгізу, сүйемелдеу, дамыту және түрлендіру немесе әзірлеудің жекелеген кезеңдері (зерттеу, жобалау (құрастыру), прототиптеу, тестілеу, техникалық сынақтар) және осындай әзірлемелердің нәтижелерін іске асыру.
Тармақ 9
9. Қорғалған орындаудағы ақпаратты өңдеудің техникалық, бағдарламалық құралдарын, ақпараттық қауіпсіздік саласындағы бағдарламалық, бағдарламалық-аппараттық құралдарын әзірлеу, енгізу, сүйемелдеу, дамыту, түрлендіру, өндіру, өткізу, монтаждау, баптау (жоғарыда аталған барлық жұмыстар бірге немесе олардың бір бөлігі), оның ішінде ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің бағдарламалық-техникалық тәсілдері мен құралдары.
Тармақ 10
10. Бұлтты есептеу технологияларын пайдалана отырып, бағдарламалық қамтылымды және (немесе) аппараттық-бағдарламалық кешендерді әзірлеу, дамыту, түрлендіру, енгізу, пайдалану және сүйемелдеу.
Тармақ 11
11. Блокчейн технологиясы негізінде немесе оны пайдалана отырып бағдарламалық қамтылымды және (немесе) аппараттық-бағдарламалық кешендерді әзірлеу, енгізу, дамыту, түрлендіру, сүйемелдеу.
Тармақ 12
12. Көлік құралдарын пилотсыз басқару жүйелерін, сондай-ақ спутниктік навигация, ұялы байланыс пен көліктегі жедел қызметтерді шұғыл шақыру жүйелері мен құрылғыларын әзірлеу, енгізу, сүйемелдеу, дамыту және түрлендіру және іске асыру.
Тармақ 13
13. Жасанды интеллект технологияларын, құрылғылары мен жүйелерін әзірлеу, енгізу, сүйемелдеу, дамыту, түрлендіру немесе әзірлеудің жеке кезеңдері (зерттеу, жобалау (құрастыру), техникалық сынау) және осындай әзірлемелердің нәтижелерін іске асыру.
Тармақ 14
14. «Астана Хаб» қатысушысы құқық иесі болып табылатын бағдарламалық қамтамасыз етуді пайдалана отырып, сатушылар мен сатып алушылар арасында байланыс орнату және мәмілелер жасау үшін Интернет арқылы бағдарламалық-техникалық мүмкіндіктер беру (нақты уақыт режимінде Интернетке жұмыс істейтін сауда алаңын ұсыну), оның ішінде жасалатын қызметтер шеңберінде ілеспе қызметтер көрсету жөніндегі қызмет сауда алаңының бағдарламалық-техникалық мүмкіндіктеріне біріктірілген мәмілелер.
Тармақ 15
15. Бір-бірімен немесе сыртқы ортамен (интернет-заттар) өзара іс-қимыл жасау үшін кіріктірілген технологиялармен жарақтандырылған физикалық заттардың есептеу-коммуникациялық желісінің тұжырымдамасын әзірлеу, сүйемелдеу, дамыту, түрлендіру, енгізу, іске асыру.
Тармақ 16
16. Компьютерлік, мобильді, онлайн-ойындарды (бейне ойындарды) (коммерциялық мақсаттарда пайдалану арқылы бағдарламалық-техникалық мүмкіндіктерге интеграцияланған қызметтерді іске асыруды қоса алғанда, ақылы контентті орналастыру, кіріктірілген қосымша функционалды сату) әзірлеу, енгізу, сүйемелдеу, дамыту, өзгерту және іске асыру.
Тармақ 17
17. Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласында мынадай бағыттар бойынша оқыту бойынша қызметтер көрсету: бағдарламалық қамтылымның архитектурасы мен әкімшілігі, оның ішінде өнім менеджменті, желілік жүйелердің архитектурасы мен әкімшілігі, ақпараттық жүйелерді жобалау және әзірлеу, Заттар интернеті саласындағы шешімдердің архитектурасы мен дизайны, бағдарламалық және аппараттық платформалар негізінде шешімдерді әзірлеу,операциялық жүйелерді әзірлеу, веб-қосымшаларды әзірлеу, Алгоритмдер (жасанды интеллект, криптография және басқалар), талдау және үлкен деректермен жұмыс, Мобильді қосымшаларды әзірлеу, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы қауіпсіздік, интерактивті 3D қосымшаларды, виртуалды және Толықтырылған шындық қосымшаларын әзірлеу, бейне ойындар әзірлеу, бағдарламалау тілдері.
Тармақ 18
18. Виртуалды және кеңейтілген шынайылық технологияларын, құрылғыларын, бағдарламаларын әзірлеу, енгізу, сүйемелдеу, дамыту, түрлендіру немесе әзірлеудің жеке кезеңдері (зерттеу, жобалау, техникалық сынау) және осындай әзірлемелердің нәтижелерін іске асыру.
Тармақ 19
19. Есептеу операцияларын орындау және деректерді өңдеу үшін кешенді есептеу инфрақұрылымымен қамтамасыз ету бойынша көрсетілетін қызметтер (цифрлық майнинг бойынша қызметті жүзеге асыратын тұлғаларға инфрақұрылым ұсынатын деректерді өңдеу орталықтарын (Data-орталықтарды) қоспағанда).
Басқа 2. Меншікті өндірістің өлшемшарты
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары –
Жасанды интеллект
және цифрлық даму министрі
2025 жылғы 20 қазандағы
№ 521/НҚ № бұйрығына
2-қосымша
Меншікті өндірістің өлшемшарты
Қазақстан Республикасының «Өнеркәсіптік саясат туралы» Заңының 51-1-бабы 8-тармағына сәйкес «Астана хаб» қатысушысы үшін қазақстандық тауар өндіруші тізілімінен үзінді көшірменің болуы.
Басқа 3. Күші жойылған кейбір бұйрықтардың тізбесі
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары –
Жасанды интеллект және
цифрлық даму министрі
2025 жылғы 20 қазандағы
№ 521/НҚ
бұйрығына 3-қосымша
Күші жойылған кейбір бұйрықтардың тізбесі
Тармақ 1
1. «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы басым қызмет түрлерінің тізбесін және меншікті өндірістің өлшемшарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2019 жылғы 11 сәуірдегі № 37/НҚ бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудегі тізілімінде № 18523 болып тіркелді).
Тармақ 2
2. «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы басым қызмет түрлерінің тізбесін және меншікті өндірістің өлшемшарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2019 жылғы 11 сәуірдегі № 37/НҚ бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2022 жылғы 19 сәуірдегі № 130/НҚ бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудегі тізілімінде № 27788 болып тіркелді).
Тармақ 3
3. «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы қызметтің басым түрлерінің тізбесін және өз өндірісінің өлшемшарттарын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2019 жылғы 11 сәуірдегі № 37/НҚ бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 20 қыркүйектегі № 413/НҚ бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудегі тізілімінде № 33450 болып тіркелді).