О признании утратившими силу некоторых приказов Қолданыста
Басқа 0
Кейбір бұйрықтардың күші жойылды деп тану туралы
«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 27-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес кейбір бұйрықтардың күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Халықаралық экономикалық ынтамақтастық департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және оны алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 0. Күші жойылған кейбір бұйрықтардың тізбесі
Министрдің м.а.
2025 жылғы 17 қазандағы
№ 109
бұйрығына қосымша
Күші жойылған кейбір бұйрықтардың тізбесі
Тармақ 1
1. «Байланысты гранттарды тартуға арналған өтінімдер беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 11 қарашадағы № 76 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9941 болып тіркелген).
Тармақ 2
2. «Байланысты емес гранттарды тарту, пайдалану, пайдаланылуын мониторингілеу және бағалау қағидаларын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 30 желтоқсандағы № 196 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10170 болып тіркелген).
Тармақ 3
3. «Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 15 қыркүйектегі № 637 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12158 болып тіркелген) бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің бұйрықтарына енгізіліп отырған өзгерістер мен толықтыру тізімінің 13-тармағы.
Тармақ 4
4. «Байланысты гранттарды тартуға арналған өтінімдер беру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 11 қарашадағы № 76 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2018 жылғы 16 ақпандағы № 51 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16510 болып тіркелген).