Об утверждении Положения государственного учреждения «Отдел занятости и социальных программ Абайского района» Қолданыста
Басқа 0
«Абай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдармалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына және «Мемлекеттік органдар мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі № 590 қаулысына сәйкес, Абай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
Тармақ 1
1. Қоса берілген «Абай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдармалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің Ережесі бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы қаулыдан туындайтын басқа да шаралар қабылдансын.
Тармақ 3
3. Абай ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 28 қыркүйектегі №35/02 «Абай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдармалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы» қаулысының күші жойылсын.
Тармақ 4
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Абай ауданы әкімінің орынбасарына жүктелсін.
Басқа 0
Абай ауданы әкімдігінің
2025 жылғы 21 қазандағы
№52/01 қаулысына қосымша
Тарау 1. 1 тарау. Жалпы ережелер
1 тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. «Абай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – мемлекеттік мекеме) заңды тұлға мәртебесіне ие, мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанында жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар саласындағы функцияларды жүзеге асыру үшін құрылған коммерциялық емес ұйым болып табылады.
Тармақ 2
2. Мемлекеттік мекеменің ведомствосы – «Абай ауданының отбасын қолдау орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
Тармақ 3
3. Мемлекеттік мекеме өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
Тармақ 4
4. Мемлекеттік мекеме мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрлері мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
Тармақ 5
5. Мемлекеттік мекеме азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
Тармақ 6
6. Мемлекеттік мекеме, егер оған заңнамаға сәйкес уәкілеттік берілген болса, мемлекет атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы.
Тармақ 7
7. Мемлекеттік мекеме өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік мекеме басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
Тармақ 8
8. Мемлекеттік мекеменің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
Тармақ 9
9. «Абай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің заңды мекенжайы: 100101, Қарағанды облысы, Абай ауданы, Абай қаласы, М. Әуезов көшесі, 30 үй.
Тармақ 10
10. Мемлекеттік органның толық атауы – «Абай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі.
Тармақ 11
11. Осы Ереже «Абай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
Тармақ 12
12. Мемлекеттік мекеменің қызметін қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
Тармақ 13
13. Мемлекеттік мекемеге кәсіпкерлік субъектілерімен мемлекеттік мекеменің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Егер мемлекеттік мекемеге заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда мұндай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.
Тарау 2. 2 тарау. Мемлекеттік мекеменің заңды мәртебесі
2 тарау. Мемлекеттік мекеменің заңды мәртебесі
Тармақ 14
14. Мемлекеттік мекеменің дербес балансы, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес банктерде шоттары, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген және мемлекеттік мекеменің атауы бар бланкілері, мөрлері болады.
Тармақ 15
15. Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, мемлекеттік мекеме басқа заңды тұлғаны құра алмайды, сондай-ақ оның құрылтайшысы (қатысушысы) бола алмайды.
Тармақ 16
16. Мемлекеттік мекеме өзінің қарауындағы ақшамен өз міндеттемелері бойынша жауап береді. Мемлекеттік мекемеде ақша жеткіліксіз болған кезде оның міндеттемелері бойынша Қазақстан Республикасы немесе әкімшілік-аумақтық бірлік тиісті бюджет қаражатымен субсидиарлық жауаптылықта болады.
Тармақ 17
17. Мемлекеттік мекемелердің азаматтық-құқықтық мәмілелері олар Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің аумақтық қазынашылық бөлімшелерінде міндетті тіркелгеннен кейін күшіне енеді.
Тарау 3. 3-тарау. Мемлекеттік мекеме қызметінің мәні мен мақсаттары
3-тарау. Мемлекеттік мекеме қызметінің мәні мен мақсаттары
Тармақ 18
18. Мемлекеттік мекеме қызметінің мәні халықты әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты қамтамасыз ету.
Тармақ 19
19. Мемлекеттік мекеме қызметінің мақсаты:
Тармақша 1
1) халықтың осал топтарына әлеуметтік көмек көрсету;
Тармақша 2
2) ардагерлерді, жалғызбасты қарттар мен мүгедек адамдарды әлеуметтік қолдау және олардың өмір сүру сапасын жақсарту;
Тармақша 3
3) көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру;
Тармақша 4
4) көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің нормативтік құқықтық базасын жетілдіру.
Тармақ 20
20. Өз мақсаттарына жету үшін мемлекеттік мекеме
келесі қызмет түрлері:
Тармақша 1
1) «Абай ауданының отбасын қолдау орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің жұмысын үйлестіру;
Тармақша 2
2) аудан бойынша ұжымдық-шарттық қатынастарды үйлестіру. Әлеуметтік әріптестік бойынша меншіктің барлық нысандарындағы кәсіпорындармен және ұйымдармен жұмыс. Әлеуметтік әріптестік және әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі аудандық үшжақты комиссияға қатысу;
Тармақша 3
3) стационарлық жағдайында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге құжаттар ресімдеу;
Тармақша 4
4) үйде күтім көрсету жағдайында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге құжаттар ресімдеу;
Тармақша 5
5) мүгедек балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу;
Тармақша 6
6) мүгедектігі бар адамдарды және мүгедектігі бар балаларды санаторий-курорттық емдеумен қамтамасыз етуге құжаттарды ресімдеу;
Тармақша 7
7) мүгедек адамдарды протездік-ортопедиялық көмекпен қамтамасыз етуге құжаттарды ресімдеу;
Тармақша 8
8) мүгедектігі бар адамдарды техникалық көмекші (компенсаторлық) құралдармен қамтамасыз етуге құжаттарды ресімдеу;
Тармақша 9
9) мүгедектігі бар адамдарды абилитациялау мен оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес мүгедектігі бар адамдарды арнаулы жүріп-тұру құралдарымен қамтамасыз етуге құжаттарды ресімдеу;
Тармақша 10
10) жүріп-тұруы қиын бірінші топтағы мүгедек адамдардың жеке көмекшісінің қызметтерімен қамтамасыз етуге құжаттарды ресімдеу;
Тармақша 11
11) мүгедектігі бар адамдарды есту қабілеті нашар адамдар үшін ымдау тілі маманының қызметімен қамтамасыз етуге құжаттарды ресімдеу;
Тармақша 12
12) тұрғын үй көмегін көрсету;
Тармақша 13
13) Семей ядролық сынақ полигонында ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тіркеу және есепке алу;
Тармақша 14
14) жергілікті өкілді органдардың шешімдері бойынша азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау және төлеу;
Тармақша 15
15) әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі кәмелетке толған адамдарға қорғаншылық немесе қамқоршылық белгілеу;
Тармақша 16
16) әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі кәмелетке толған адамның шотына түскен мүлікке билік ету, зейнетақыларды, жәрдемақыларды, әлеуметтік төлемдерді алу және сот шешімі бойынша әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі деп танылған азаматтардың мүлкін иеліктен шығаруға рұқсат беру;
Тармақша 17
17) еңбекші көшіп келушіге рұқсат беру, ұзарту және кері қайтарып алу;
Тармақша 18
18) ақталған адамға куәлік беру;
Тармақша 19
19) Абай ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына коммуналдық қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсету және мөлшерін белгілеу;
Тармақша 20
20) мемлекеттік қызметтерді сапалы көрсетуді қамтамасыз ету;
Тармақша 21
21) Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін өзге де функциялар.
Тармақ 21
21. Мемлекеттік мекеме осы Ережеде бекітілген қызметін жүзеге асыруға, сондай-ақ оның қызметінің мәні мен мақсаттарына сай келмейтін мәмілелер жасауға құқылы емес.
Тармақ 22
22. Мемлекеттік мекеме Қазақстан Республикасының заңдарымен немесе құрылтай құжаттарымен нақты шектелген не оның басшысының жарғылық құзыретін бұза отырып, қызмет мақсаттарына қайшы жасалған мәміле: тиісті саланың уәкілетті органының, мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органның, жергілікті атқарушы органның, прокурордың талап қоюы бойынша жарамсыз деп танылуы мүмкін.
Тарау 4. 4-тарау. Мемлекеттік мекемені басқару
4-тарау. Мемлекеттік мекемені басқару
Тармақ 23
23. Мемлекеттік мекемеге басшылықты мемлекеттік мекемеге жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.
Тармақ 24
24. Мемлекеттік мекеменің бірінші басшысын Абай ауданының әкімі Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
Тармақ 25
25. Мемлекеттік мекеменің бірінші басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасары болады.
«Абай ауданының отбасын қолдау орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директорын мемлекеттік мекеменің бірінші басшысы қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
Тармақ 26
26. Мемлекеттік мекеменің бірінші басшысының өкілеттіктері:
Тармақша 1
1) басшы мемлекеттік мекеме қызметінің барлық мәселелері бойынша шешім қабылдайды;
Тармақша 2
2) басшы мекеме атынан сенімхатсыз әрекет етеді, оның мүдделерін аумақтық және ведомстволық бағыныстағы барлық мемлекеттік, атқарушы, бақылаушы органдарда, соттарда білдіреді;
Тармақша 3
3) мемлекеттік мекеме басшысының құқықтары мен міндеттері болады:
банкте есеп айырысу және өзге де шоттар ашуға, қаржы құжаттарында бірінші қол қоюға құқығы бар;
Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген бұйрықтарға, басқа да актілерге қол қою;
заңды және жеке тұлғалармен шарттар жасасу;
мекеменің мүлкіне өз құзыреті шегінде билік ету;
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес персоналды қабылдауды және жұмыстан шығаруды жүзеге асырады;
еңбекті қорғау, техника қауіпсіздігі нормаларын қамтамасыз етеді;
өз құзыреті шеңберінде басқа ұйымдармен байланыстарды жүзеге асырады;
бөлімнің қызметіне қатысты ақпаратты басқа ұйымдардан сұратады және алады;
Қазақстан Республикасы заңнамасының, Президент пен Үкіметтің нормативтік актілерінің сақталуына жауапты болады;
мекеменің қаржы-шаруашылық қызметін үйлестіреді және бақылауды жүзеге асырады;
Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін өзге де құқықтар мен міндеттер.
Тармақша 4
4) өзіне Қазақстан Республикасының заңнамасымен, осы Ережемен және жергілікті атқарушы органмен жүктелген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
Тармақ 27
27. Бірінші басшы өз орынбасарының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес айқындайды.
Тарау 5. 5-тарау. Мемлекеттік мекеменің мүлкін құру тәртібі
5-тарау. Мемлекеттік мекеменің мүлкін құру тәртібі
Тармақ 28
28. Мемлекеттік мекеменің Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.
Мемлекеттік мекеменің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
Тармақ 29
29. Мемлекеттік мекемеге бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
Тармақ 30
30. Егер заңнамада өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік мекеме өзіне бекітілген мүлікті және оған қаржыландыру жоспары бойынша берілген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті дербес иеліктен шығаруға немесе оған өзге тәсілмен билік етуге құқылы емес.
Тарау 6. 6-тарау. Мемлекеттік мекемедегі жұмыс режимі
6-тарау. Мемлекеттік мекемедегі жұмыс режимі
Тармақ 31
31. Мемлекеттік мекеменің жұмыс режимі ішкі еңбек тәртібі қағидаларында белгіленеді және Қазақстан Республикасы Еңбек заңнамасының нормаларына қайшы келмеуге тиіс.
Тарау 7. 7-тарау. Құрылтай құжаттарына өзгерістер мен
толықтырулар енгізу тәртібі
7-тарау. Құрылтай құжаттарына өзгерістер мен
толықтырулар енгізу тәртібі
Тармақ 32
32. Мемлекеттік мекеменің құрылтай құжаттарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу жергілікті атқарушы органның шешімі бойынша жүргізіледі және "заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес аумақтық әділет органдарында мемлекеттік тіркеу рәсімінен өтеді.
Тарау 8. 8 тарау. Мемлекеттік мекемені қайта ұйымдастыру және тарату шарттары
8 тарау. Мемлекеттік мекемені қайта ұйымдастыру және тарату шарттары
Тармақ 33
33. Мемлекеттік мекемені қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.