О проведении смотра санитарного состояния и благоустройства населенных пунктов области Күшін жойған
Басқа 0
Облыс елді мекендерінің көріктендірілуі және санитариялық жай-күйі байқауын өткізу туралы
Облыс елді мекендерінің санитарлық жай-күйін жақсарту, халық арасында жұқпалы аурулардың алдын алу мақсатында, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 4 желтоқсандағы №361 «Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы туралы» Заңының 8,9 – баптарына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148-ІІ «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару» туралы Заңының 27-бабына сәйкес облыс әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. 2004 жылғы 10 қыркүйек – 10 қараша аралығында облыс елді мекендерінің көріктендірілуі және санитарлық жай-күйі байқауы жариялансын.
Тармақ 2
2. Атырау қаласы және аудан әкімдері бөлінген бюджет қаражаты шегінде:
Тармақша 1
1) кәсіпорындардың, ұйымдар және мекемелердің қатысуымен Атырау қаласы және облыстың елді мекендерін көріктендіру және санитарлық тазалау жөніндегі нақты шараларды әзірлеп, жүзеге асырсын;
Тармақша 2
2) кәсіпорындарға, ұйымдарға, олардың меншік нысанына қарамастан, аумақтарды, көшелерді, алаңдарды бекітіп беру ұсынылсын;
Тармақша 3
3) селолық және поселкелік округтердің, кәсіпорындар мен ұйымдардың басшыларына «Таза бейсенбі» ұранымен бекітілген аумақтарды апта сайын жинастыру, көріктендіру және көгалдандыру жұмыстарын жүргізу ұсынылсын;
Тармақша 4
4) тұрмыстық және басқа беталды пайда болған қоқыс үйінділері түрлерін, металл сынықтарын, құрылыс қалдықтарын елді мекендер аумағынан шығаруды, сондай-ақ бұзылған ғимараттардың орнын тазартуды қамтамасыз етсін;
Тармақша 5
5) қоқыс жинайтын контейнерлер сатып алсын, қосымша контейнерлік алаңдарды жабдықтасын, бұрынғыларға жөндеу жүргізсін;
Тармақша 6
6) стихиялық сауда орындары мен автокөлік құралдары тұрақтарына тыйым салу жөніндегі шараларды алсын;
Тармақша 7
7) үйлердің қоршауларын, тұрғын үйлердің және әлеуметтік-мәдени ғимараттардың қасбеттері мен дәзілдерін тәртіпке келтірсін;
Тармақша 8
8) көп қабатты үйлердің төлелерін тазалау және кептіру, инженерлік желілердегі апаттарды жою шараларын алсын;
Тармақша 9
9) бұралқы иттер мен мысықтарды аулауды ұйымдастырсын;
Тармақша 10
10) барлық елді мекендерде көшелер жарығын, жарнамалық маңдайша жазуларды, билбордтарды тексеріп, жөндеу жүргізсін;
Тармақша 11
11) жасыл желек егуді және оларға үнемі күтім жасауды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Атырау облыстық қоршаған ортаны қорғау басқармасы (келісім бойынша), Жайык-Каспий бассейндік су шаруашылығы басқармасы (келісім бойынша) облыстың ашық су қоймаларына теріс әсерлерді болдырмау мақсатында елді мекендер шегіндегі ашық су қоймаларының жаға белдеуін тазалауға бақылау жасауды ұйымдастырсын.
Тармақ 4
4. Атырау облыстық мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасы, Атырау облыстық қоршаған ортаны қорғау басқармасы (келісім бойынша), Атырау облысы ішкі істер басқармасы (келісім бойынша) елді мекендерді көректендіру және санитарлық тазалау жұмыстарының жүруіне үнемі бақылау жүргізсін.
Тармақ 5
5. «Атырау-Ақпарат» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны, «Қазақстан» республикалық телерадиокорпорациясы» жабық акцинерлік қоғамының Атырау облыстық филиалы (келісім бойынша) көріктендіру және санитарлық тазалау байқауы барысын бұқаралық ақпарат құралдарында жүйелі түрде жариялап отырсын.
Тармақ 6
6. Жайык-Каспий бассейндік су шаруашылығы басқармасы (келісім бойынша), Атырау облысы ішкі істер басқармасы (келісім бойынша), Атырау облыстық қоршаған ортаны қорғау басқармасы (келісім бойынша), Атырау облыстық мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасы облыстық әкімиятқа жұмыстың жүру барысы байқаудың нәтижелері туралы мәліметтерді 2004 жылдың 10 қазанына жәнет 10 қарашасына берсін.
Тармақ 7
7. Осы қаулының орындалу барысын бақылау облыс әкімінің орынбасары М.Байғожинге жүктелсін.