Об утверждении Правил регулирования численности рыбных ресурсов и других водных животных Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 20.10.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Балық ресурстары мен басқа да су жануарларының санын реттеу қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасының Экология кодексі 254-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Балық ресурстары мен басқа да су жануарларының санын реттеу қағидалары бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Балық шаруашылығы комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 0. Балық ресурстары мен басқа да су жануарларының санын реттеу қағидалары
Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі 2025 жылғы 20 қазандағы № 378 бұйрығымен бекітілген Балық ресурстары мен басқа да су жануарларының санын реттеу қағидалары
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Балық ресурстары мен басқа да су жануарларының санын реттеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Экология кодексінің 254-бабының 2-тармағына сәйкес әзірленді және балық ресурстары мен басқа да су жануарларының санын реттеу тәртібін айқындайды.
Тармақ 2
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
Тармақша 1
1) биологиялық негіздеме – жануарлар дүниесін пайдалануға, жануарлар дүниесі объектілерінің жол берілетін аулау мөлшерін анықтауға, сондай-ақ жануарлар дүниесінің объектілері мен олардың мекендеу ортасына ықпал етуге қабілетті қызметке арналған ғылыми негізделген қорытынды;
Тармақша 2
2) жануарлар дүниесі объектілерін алу – табиғи еркіндік жағдайында мекендейтін жануарларды, олардың бөліктері мен дериваттарын мекендеу ортасынан жануарлар дүниесін пайдалануға арналған рұқсаттың немесе балық ресурстарын және басқа да су жануарларын пайдалануға арналған рұқсаттың негізінде алу (ұстап алу, аулау, атып алу, жинау, соғып алу).
Тарау 2. 2-тарау. Балық ресурстары мен басқа да су жануарларының санын реттеу тәртібі
2-тарау. Балық ресурстары мен басқа да су жануарларының санын реттеу тәртібі
Тармақ 3
3. Балық ресурстары мен басқа да су жануарларының санын реттеу мынадай мақсаттарда жүзеге асырылады:
Тармақша 1
1) халық денсаулығын қорғау;
Тармақша 2
2) ауыл шаруашылығы және үй жануарлары ауруларының алдын алу;
Тармақша 3
3) экономикаға келетін залалдың алдын алу;
Тармақша 4
4) биологиялық тепе-теңдікті сақтау.
Тармақ 4
4. Балық ресурстары мен басқа да су жануарларының санын реттеудiң негiздерi:
Тармақша 1
1) халықтың, ауыл шаруашылығы және үй жануарларының таратушылары балық ресурстары және басқа да су жануарлары объектілері болып табылатын ауруларды жұқтыру немесе онымен ауыру қатерiнiң туындауы;
Тармақша 2
2) экономикаға елеулi зиян келтiру қатерiнiң туындауы;
Тармақша 3
3) балық ресурстары және басқа да су жануарларының жекелеген түрлерi санының азаюына және басқа да жағымсыз салдарға әкеп соққан олардың мекендеу ортасында қалыптасқан табиғи баланстың бұзылуы;
Тармақша 4
4) балықтардың жаппай қырылуына әкеп соғуы мүмкін су айдындарының және (немесе) учаскелерінің гидрохимиялық және өзге де режимдерінің бұзылу қаупінің туындауы болып табылады.
Тармақ 5
5. Балық ресурстары және басқа да су жануарлары түрлерінің санын реттеу биологиялық негіздемеге сәйкес жүргізіледі, онда мыналар көрсетіледі:
Тармақша 1
1) балықтар мен басқа да су жануарларының санын есепке алу;
Тармақша 2
2) кәсіпшілік түрлердің қорын бағалау;
Тармақша 3
3) репродуктивтік әлеует пен табиғи өлім-жітімді талдау;
Тармақша 4
4) рұқсат етілген алып қою лимитін айқындау.
Тармақ 6
6. Балық ресурстарын және басқа да су жануарларын пайдалануға арналған биологиялық негіздемені дайындауды «Жануарлар дүниесін қорғау, көбейту және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 9-1-бабы 10) тармақшасы негізінде «Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілерін аккредиттеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2023 жылғы 25 шілдедегі № 335 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33182 болып тіркелген) сәйкес аккредиттелген ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілері жүргізеді.
Тармақ 7
7. Биологиялық негіздеме негізінде мынадай іс-шаралар жүргізіледі:
Тармақша 1
1) Заңның 29-бабына сәйкес балық ресурстарын және басқа да су жануарларын алудың рұқсат етілген лимиттерін және балық аулау объектілерін алудың квоталарын белгілеу;
Тармақша 2
2) «Балық ресурстарын және басқа да су жануарларын, олардың бөліктері мен дериваттарын пайдалануға шектеулер мен тыйымдар белгілеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2025 жылғы 30 қыркүйектегі № 340 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 37035 болып тіркелген) бекітілген Балық ресурстарын және басқа да су жануарларын, олардың бөліктері мен дериваттарын пайдалануға шектеулер мен тыйымдар белгілеу қағидаларына сәйкес балық ресурстарын және басқа да су жануарларын, олардың бөліктері мен дериваттарын пайдалануға шектеулер мен тыйымдар белгілеу;
Тармақша 3
3) санын реттеу көзделетін балық және басқа да су жануарларының түрлері «Жануарлардың өзге де шаруашылық мақсаттарда (аң аулау мен балық аулаудан басқа) пайдаланылатын түрлерiнің, жануарлардың шаруашылық мақсаттарда пайдаланылмайтын, бiрақ экологиялық, мәдени және өзге де құндылығы бар түрлерiнің, жануарлардың халықтың денсаулығын сақтау, ауыл шаруашылығы және басқа да үй жануарларын аурудан алдын ала қорғау, қоршаған ортаға зиян келтiрудi болдырмау, ауыл шаруашылығы қызметiне айтарлықтай зиян келтiру қаупiнiң алдын алу мақсатында саны реттелуге тиiс түрлерiнің тізбелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2010 жылғы 14 сәуірдегі № 258 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6223 болып тіркелген) бекітілген Жануарлардың халықтың денсаулығын сақтау, ауыл шаруашылығы және басқа да үй жануарларын аурудан алдын ала қорғау, қоршаған ортаға зиян келтіруді болдырмау, ауыл шаруашылығы қызметіне айтарлықтай зиян келтіру қаупінің алдын алу мақсатында саны реттелуге тиіс түрлерінің тізбесіне енгізіледі.
Тармақ 8
8. Балық ресурстары мен басқа да су жануарларының санын реттеу шеңберінде жануарлар дүниесі объектілерін алып қою балық ресурстарын және басқа да су жануарларын пайдалануға рұқсат негізінде жүзеге асырылады.