Об установлении водоохранных зон, полос Кызылординской области и режима их хозяйственного использования Қолданыста
Басқа 0
Қызылорда облысының су қорғау аймақтарын, белдеулерін және оларды шаруашылықта пайдалану режимін белгілеу туралы
Қазақстан Республикасы Су Кодексінің 27 және 85-баптарына, «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына, «Су қорғау аймақтары мен белдеулері шекараларын белгілеу Қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрінің 2025 жылғы 9 маусымдағы № 120-НҚ бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 36238 болып тіркелген) және Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігінің 10 шілдедегі №01-04-21-03/8192 хатына сәйкес Қызылорда облысының әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
Тармақ 1
1. Қызылорда облысының су қорғау аймақтары мен белдеулері осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес белгіленсін.
Тармақ 2
2. Қызылорда облысының су қорғау аймақтары мен белдеулерін шаруашылықта пайдаланудың режимі осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес белгіленсін.
Тармақ 3
3. Қызылорда облысы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші осы қаулының 3-қосымшасына сәйкес жойылды деп танылсын.
Тармақ 4
4. «Қызылорда облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
Тармақ 5
5. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қызылорда облысы әкімінің орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 6
6. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 7
Қызылорда облысы әкімдігінің
2025 жылғы «22» қазандағы
№ 201 қаулысына 1-қосымша
Қызылорда облысының су қорғау аймақтары мен белдеулері
№
Су объектілерінің атауы
Әкімшілік-аумақтық бірліктердің атауы
Су қорғау аймағы мен белдеуінің көлемі, гектар
Су қорғау аймағының ені, метр
Су қорғау белдеуінің ені, метр
1
Сырдария өзені
Сырдария ауданы
6962,5
500
100
2
Сырдария өзені
Шиелі ауданы
25979,9
500
100
3
Сырдария өзені
Арал ауданы
29606,17
1000
100
4
Сырдария өзені
Қазалы ауданы
41790,54
1000
100
5
Сырдария өзені
Қармақшы ауданы
54350,27
1000
100
6
Сырдария өзені
Жаңақорған ауданы
17503,46
500
35
7
Сырдария өзені
Жалағаш ауданы
6293,91
500
35
8
Сырдария өзені
Қызылорда қаласы
2733,1
70-1700
35
9
Арал теңізі
Арал ауданы Бөген ауылдық округі
31266,300
500
35
10
Қарашалаң көлі
Арал ауданы Бөген ауылдық округі
3410,42
500
35
11
Жалаңаш көлі
Арал ауданы Қосжар ауылдық округі
1594,03
500
35
12
Қаязды - Бидайкөл көлі
Арал ауданы Қосжар ауылдық округі
1182,88
500
35
13
Лайкөл көлі
Арал ауданы Райым ауылдық округі
1467,75
500
35
14
Ақшатау - Сорғақ көлі
Арал ауданы Райым ауылдық округі
2428,53
500
35
15
Қаракөл көлі
Арал ауданы Райым ауылдық округі
1366,05
500
35
16
Суықкөл көлі
Арал ауданы Райым ауылдық округі
200,09
500
35
17
Райым көлі
Арал ауданы Райым ауылдық округі
725,16
500
35
18
Алашакөл көлі
Арал ауданы Райым ауылдық округі
598,68
500
35
19
Шөмішкөл көлі
Арал ауданы Райым ауылдық округі
638,56
500
35
20
Құмкөл көлі
Қазалы ауданы Әйтеке би кенті
246,11
500
35
21
Қотанкөл көлі
Қазалы ауданы Майдакөл ауылдық округі
2047,04
500
35
22
Ақкөл көлі
Қазалы ауданы Тасарық ауылдық округі
852,37
500
35
23
Ащыкөл көлі
Қазалы ауданы Арықбалық ауылдық округі
371,66
500
35
24
Қаракөл көлі
Қазалы ауданы Қызылқұм ауылдық округі
455,96
500
35
25
Қуандария көлі
Қазалы ауданы Тасарық және Сарыбұлақ ауылдық округтері
15371,106
500
35
26
Қалғандария көлі
Сырдария ауданы А. Тоқмағанбетов ауылдық округі
262,52
500
35
27
Таушұқырой көлі
Шиелі ауданы Телікөл ауылдық округі
401,4
500
35
28
Алабие көлі
Шиелі ауданы Талаптан ауылдық округі
1599,2
500
35
29
Үлкен барша көлі
Шиелі ауданы Бәйгеқұм ауылдық округі
439,4
500
35
30
Ханқожа көлі
Шиелі ауданы Жөлек ауылдық округі
4130,1
500
35
31
Қараөзек арнасы
Қызылорда облысы Сырдария, Жалағаш, Қармақшы аудандары
17200,3
500
35
32
Қалғандария – 200 көлі
Қызылорда облысы Қызылорда қаласы
341,9
500
35
33
Иіркөл көлі
Қызылорда қаласы
393,243
500
35
34
Сасықкөл көлі
Қызылорда қаласы
390,503
500
35
35
Иіркөл көлі (Прудхоз)
Қызылорда қаласы
482,587
500
35
36
Жарықкөл көлі
Арал ауданы
3476,122
500
35
37
Тұщыкөл көлі
Арал ауданы
3846,711
500
35
38
Домалақкөл көлі
Арал ауданы
385,083
500
35
39
Мариямкөл көлі
Қазалы ауданы
1988,134
500
35
40
Томайкөл көлі
Қазалы ауданы
852,9
500
35
41
Жанай №1 көлі
Қазалы ауданы
347,801
500
35
42
9-Құдық-Әлтәй көлі
Қармақшы ауданы
1748,243
500
35
43
Таскөл көлі
Қармақшы ауданы
536,352
500
35
44
Лайкөл көлі
Қармақшы ауданы
591,576
500
35
45
Меңей көлі
Қармақшы ауданы
269,977
500
35
46
Иіркөл көлі
Жалағаш ауданы
546,647
500
35
47
Бәйбіше көлі
Жалағаш ауданы
539,992
500
35
48
Қаракөл көлі
Жалағаш ауданы
72,078
300
35
49
Серкеш көлі
Жалағаш ауданы
574,641
500
35
50
Қазымбет көлі
Сырдария ауданы
757,487
500
35
51
Қаракөл көлі
Сырдария ауданы
440,932
500
35
52
Байсары көлі
Сырдария ауданы
303,621
500
35
53
Итатқан көлі
Шиелі ауданы
317,505
500
35
54
Домалақ көлі
Шиелі ауданы
640,232
500
35
55
Құмшұқырой көлі
Шиелі ауданы
452,728
500
35
56
Өзгент көлі
Жаңақорған ауданы
590,644
500
35
57
Жашыкөл көлі
Жаңақорған ауданы
589,578
500
35
58
Қойлық ата көлі
Жаңақорған ауданы
672,161
500
35
Басқа 8
Қызылорда облысы әкімдігінің
2025 жылғы «22» қазандағы
№ 201 қаулысына
2-қосымша
Қызылорда облысының су қорғау аймақтарын және белдеулерін шаруашылыққа пайдаланудың режимі
Тармақ 1
1. Жерүсті су объектілерінде:
Тармақша 1
1) жерасты суларына іздеу-бағалау жұмыстарын және оларды алуды, Каспий теңізінің қазақстандық секторында көмірсутектерді барлау немесе өндіру жөніндегі операцияларды, сондай-ақ кен іздеушілікті, ас тұзын, емдік балшықтар өндіруді қоспағанда, жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізуге;
Тармақша 2
2) радиоактивті және улы заттармен, тұрмыстық қатты және өндірістік қалдықтармен, улы химикаттармен, тыңайтқыштармен, қатты және сұйық түрдегі мұнай, химия өнімдерімен ластауға және қоқыстауға;
Тармақша 3
3) жол берілетін төгінділер нормативтеріне дейін тазартылмаған сарқынды суларды ағызуға;
Тармақша 4
4) бекітілген су режимінсіз және арнаулы су пайдалануға рұқсатсыз суды алуға және (немесе) пайдалануға;
Тармақша 5
5) ауыл шаруашылығы жануарларын тоғытуға және санитариялық өңдеуге;
Тармақша 6
6) бассейндік су инспекциясының келісімінсіз құрылыс қызметіне, ауыл шаруашылығы жұмыстарына, ұңғымаларды бұрғылауға, жерүсті су объектілерін санациялауға байланысты жұмыстарды және өзге де жұмыстарды жүргізуге;
Тармақша 7
7) пайдаланудан шығарылған (бүлінген) кемелерді және өзге де жүзу құралдарын, көлік құралдарын (олардың тетіктері мен бөліктерін) көмуге тыйым салынады.
Тармақ 2
2. Су қорғау белдеулері шегінде шаруашылық қызметтің кез келген түріне, сондай-ақ шаруашылық және өзге де қызметті жүргізу үшін жер учаскелерін беруге тыйым салынады, бұл тыйымға мынадай жағдайлар:
Тармақша 1
1) су шаруашылығы құрылысжайлары мен олардың коммуникациялары:
көпірлерді, көпір құрылысжайларын;
айлақтарды, порттарды, пирстерді және су көлігі, балық ресурстары мен басқа да су жануарларын қорғау, балық аулау мен аквашаруашылық қызметіне байланысты өзге де инфрақұрылым объектілерін;
балық өсіретін тоғандарды, балық өсіретін бассейндер мен балық өсіретін объектілерді, сондай-ақ оларға коммуникацияларды;
ғимараттар мен құрылысжайлардың күрделі құрылысынсыз балаларға арналған ойын және спорт алаңдарын, жағажайларды, аквапарктерді және басқа да рекреациялық аймақтарды;
су объектілері жай-күйінің көрсеткіштерін байқау пункттерін салу және пайдалану;
Тармақша 2
2) жағалауды нығайту, ағаш өсіру және көгалдандыру;
Тармақша 3
3) осы баптың 1-тармағының 1) тармақшасында рұқсат етілген қызмет кірмейді.
Тармақ 3
3. Су қорғау аймақтары шегінде:
Тармақша 1
1) жерүсті су объектілерінің, су қорғау аймақтары мен белдеулерінің ластануы мен қоқыстануын болғызбайтын құрылысжайлармен және құрылғылармен қамтамасыз етілмеген жаңа және реконструкцияланған объектілерді пайдалануға беруге;
Тармақша 2
2) автожанармай құю станцияларын, мұнай өнімдерін сақтауға арналған қоймаларды, көлік құралдары мен ауыл шаруашылығы техникасын техникалық қарап-тексеру, оларға қызмет көрсету, жөндеу және жуу пункттерін орналастыруға және салуға;
Тармақша 3
3) тыңайтқыштарды, пестицидтерді, улы химикаттарды, көңді сақтауға және оларды қолдануға арналған қоймалар мен алаңдарды орналастыруға және салуға тыйым салынады. Су қорғау аймағында мәжбүрлі санитариялық өңдеу жүргізу қажет болған кезде уыттылығы аз және орташа, жойылуы оңай пестицидтерді қолдануға жол беріледі;
Тармақша 4
4) тұрмыстық қатты және өнеркәсіптік қалдықтардың үйінділерін орналастыруға және жайғастыруға;
Тармақша 5
5) зираттарды орналастыруға;
Тармақша 6
6) жүктеме нормасынан асатын ауыл шаруашылығы жануарларын жаюға, мал шаруашылықтарын, мал сою алаңдарын (ауыл шаруашылығы жануарларын сою алаңдарын), мал қорымдарын (биотермиялық шұңқырларды), пестицидтердің арнаулы қоймаларын (көмінділерін) және олардың ыдыстарын орналастыруға;
Тармақша 7
7) сарқынды суларды жинақтағыштарды, сарқынды сулармен суару алқаптарын, сондай-ақ жерүсті және жерасты суларының радиациялық, химиялық, микробиологиялық, токсикологиялық және паразитологиялық ластану қаупін туғызатын басқа да объектілерді орналастыруға тыйым салынады.
Басқа 29
Қызылорда облысы әкімдігінің
2025 жылғы «22» қазандағы
№ 201 қаулысына 3-қосымша
Қызылорда облысы әкімдігінің күші жойылды деп танылған кейбір қаулыларының тізбесі
Тармақ 1
1. «Қызылорда облысының Шиелі және Сырдария аудандары аумағындағы Сырдария өзенінің су қорғау аймақтарын, белдеулерін және оларды шаруашылықта пайдалану режимін белгілеу туралы» Қызылорда облысы әкімдігінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 283 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5340 болып тіркелген).
Тармақ 2
2. «Қызылорда облысының Арал, Қазалы және Қармақшы аудандары аумағындағы Сырдария өзенінің су қорғау аймақтарын, белдеулерін және оларды шаруашылықта пайдалану режимін белгілеу туралы» Қызылорда облысы әкімдігінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 284 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5341 болып тіркелген).
Тармақ 3
3. «Қызылорда облысының Жаңақорған және Жалағаш аудандары аумағындағы Сырдария өзенінің су қорғау аймақтарын, белдеулерін және оларды шаруашылықта пайдалану режимін белгілеу туралы» Қызылорда облысы әкімдігінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 285 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5331 болып тіркелген).
Тармақ 4
4. «Қызылорда облысының Қызылорда қаласы аумағындағы Сырдария өзенінің су қорғау аймақтарын, белдеулерін және оларды шаруашылықта пайдалану режимін белгілеу туралы» Қызылорда облысы әкімдігінің 2017 жылғы 24 ақпандағы № 720 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5758 болып тіркелген).
Тармақ 5
5. «Су қорғау аймақтарын, белдеулерін және оларды шаруашылықта пайдалану режимін белгілеу туралы» Қызылорда облысы әкімдігінің 2018 жылғы 22 қазандағы № 1247 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6481 болып тіркелген).
Тармақ 6
6. «Су қорғау аймақтарын, белдеулерін және оларды шаруашылықта пайдалану режимін белгілеу туралы» Қызылорда облысы әкімдігінің 2019 жылғы 18 ақпандағы № 1335 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6702 болып тіркелген).
Тармақ 7
7. «Қызылорда облысы әкімдігінің кейбір қаулыларына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қызылорда облысы әкімдігінің 2021 жылғы 2 ақпандағы № 194 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8139 болып тіркелген).
Тармақ 8
8. «Қызылорда облысының Қызылорда қаласы аумағындағы Сырдария өзенінің су қорғау аймақтарын, белдеулерін және оларды шаруашылықта пайдалану режимін белгілеу туралы» Қызылорда облысы әкімдігінің 2017 жылғы 24 ақпандағы № 720 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Қызылорда облысы әкімдігінің 2025 жылғы 30 сәуірдегі № 96 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8605-11 болып тіркелген).