О признании утратившими силу некоторых решений Кербулакского районного маслихата Қолданыста
Басқа 0
Кербұлақ аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің
күші жойылды деп тану туралы
«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 27-бабының 1-тармағына сәйкес Кербұлақ аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Кербұлақ аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 2
2. «Кербұлақ аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы шешімнің Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы шешімнің ресми жарияланғанынан кейін оның Кербұлақ аудандық мәслихатының интернет-ресурсына орналастырылуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Кербұлақ аудандық мәслихатының аппарат басшысына жүктелінсін.
Тармақ 4
4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 7
Кербұлақ аудандық мәслихаты
2025 жылғы 30 қазандағы № 29-225
шешіміне қосымша
Кербұлақ аудандық мәслихатының күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі
Тармақ 1
1. «Кербұлақ ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» Кербұлақ аудандық мәслихатының 2023 жылғы 13 желтоқсандағы № 09-80 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 109-19 болып тіркелген);
Тармақ 2
2. «Кербұлақ аудандық мәслихатының 2023 жылғы 13 желтоқсандағы «Кербұлақ ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» № 09-80 шешіміне өзгерістер енгізу туралы» Кербұлақ аудандық мәслихатының 2024 жылғы 7 маусымдағы № 16-138 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 222-19 болып тіркелген);
Тармақ 3
3. «Кербұлақ аудандық мәслихатының 2023 жылғы 13 желтоқсандағы «Кербұлақ ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» № 09-80 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Кербұлақ аудандық мәслихатының 2024 жылғы 23 желтоқсандағы № 21-171 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 263-19 болып тіркелген).