Об установлении водоохранных зон, полос и режима их хозяйственного использования области Жетісу Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 13.10.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Жетісу облысының су қорғау аймақтарын, белдеулерін және оларды шаруашылықта пайдалану режимін белгілеу туралы Қазақстан Республикасы Су кодексінің 27-бабы 1-тармағының 3) тармақшасына «Су қорғау аймақтары мен белдеулерi шекараларын белгiлеу Қағидаларын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрінің 2025 жылғы 9 маусымдағы № 120-НҚ бұйрығына сәйкес (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 36238 тіркелген) Жетісу облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Жетісу облысы су объектілерінің су қорғау аймақтары мен белдеулері осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес белгіленсін.
Тармақ 2
2. Жетісу облысы су объектілерінің су қорғау аймақтары мен белдеулерін шаруашылықта пайдалану режимі осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес белгіленсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Жетісу облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі. «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы су ресурстары және ирригация министрлігінің Су ресурстарын пайдалануды, реттеу және қорғау жөніндегі комитетінің Су ресурстарын пайдалануды, реттеу және қорғау жөніндегі Балқаш-Алакөл бассейндік инспекциясы
Басқа 5
Жетісу облысы әкімдігінің 2025 жылғы « 13 » қазан № 331 қаулысына 1- қосымша Жетісу облысы су объектілерінің су қорғау аймақтары мен белдеулері № Су объектісінің атауы Су объектісінің орналасқан жері Су қорғау аймақтарының ені, (метр) Су қорғау белдеулерінің ені (метр) 1 Сарыбұлақ (Ащыбұлак, Қарасу) өзені Ескелді ауданы, Талдықорған қаласы 500 35-75 2 Теректі өзені Ескелді ауданы 500 35-75 3 Көктал өзені Ескелді ауданы 500 55-75 4 Ақсу өзені Ақсу ауданы, Сарқан ауданы 500 35-75 5 Басқан өзені Сарқан ауданы, Ақсу ауданы 500 35-50 6 Өсек өзені Панфилов ауданы 500 35-75 7 Теңтек өзені Алакөл ауданы 500 35-75 8 Шажа (Чиже, Чажа) өзені Ескелді ауданы, Текелі қаласы 500 35-100 9 Сарқан өзені Сарқан ауданы 500 35-100 10 Лепсі өзені Сарқан ауданы 500 35-55 11 Қорғас өзені Панфилов ауданы 500 35-75 12 Борохудзир өзені Панфилов ауданы 500 35-100 13 Бүйен өзені Ақсу ауданы 500 35-55 14 Қызылағаш өзені Ақсу ауданы 500 35-75 15 Ақешкі өзені Ақсу ауданы 500 35-75 16 Шынжылы өзені Алакөл ауданы 500 35-100 17 Мұқаншы өзені Көксу ауданы, Қаратал ауданы 500 35 18 Быжы өзені Кербұлақ ауданы, Қаратал ауданы 500 35-55 19 Жаманты өзені Алакөл ауданы 500 35-55 20 Сасықкөл көлі Алакөл ауданы 500 100 21 Жалаңашкөл көлі Алакөл ауданы 500 100 22 Сарықұл өзені Алакөл ауданы 500 50 23 Жарлыөзек өзені Көксу ауданы 500 35-75 24 Мұқры өзені Көксу ауданы 500 50 25 Сарқан өзені, кадастрлық нөмірі бар жер учаскесінің шегінде: 24-267-002-773 Сарқан ауданы 500 35 Ескертпе: су қорғау аймақтары мен белдеулері шекараларының координаттары бекітілген жобалық құжаттама және картографиялық материалдарда көрсетілген.
Басқа 6
Жетісу облысы әкімдігінің 2025 жылғы « 13 » қазан № 331 қаулысына 2 - қосымша Жетісу облысы су объектілерінің су қорғау аймақтары мен белдеулерін шаруашылықта пайдалану режимі
Тармақ 1
1. Жерүсті су объектілерінде:
Тармақша 1
1) жерасты суларына іздеу-бағалау жұмыстарын және оларды алуды, сондай-ақ кен іздеушілікті, ас тұзын, емдік балшықтар өндіруді қоспағанда, жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізуге;
Тармақша 2
2) радиоактивті және улы заттармен, тұрмыстық қатты және өндірістік қалдықтармен, улы химикаттармен, тыңайтқыштармен, қатты және сұйық түрдегі мұнай, химия өнімдерімен ластауға және қоқыстауға;
Тармақша 3
3) жол берілетін төгінділер нормативтеріне дейін тазартылмаған сарқынды суларды ағызуға;
Тармақша 4
4) бекітілген су режимінсіз және арнаулы су пайдалануға рұқсатсыз суды алуға және (немесе) пайдалануға;
Тармақша 5
5) ауыл шаруашылығы жануарларын тоғытуға және санитариялық өңдеуге;
Тармақша 6
6) бассейндік су инспекциясының келісімінсіз құрылыс қызметіне, ауыл шаруашылығы жұмыстарына, ұңғымаларды бұрғылауға, жерүсті су объектілерін санациялауға байланысты жұмыстарды және өзге де жұмыстарды жүргізуге;
Тармақша 7
7) пайдаланудан шығарылған (бүлінген) кемелерді және өзге де жүзу құралдарын, көлік құралдарын (олардың тетіктері мен бөліктерін) көмуге тыйым салынады.
Тармақ 2
2. Су қорғау белдеулері шегінде шаруашылық қызметтің кез келген түріне, сондай-ақ шаруашылық және өзге де қызметті жүргізу үшін жер учаскелерін беруге тыйым салынады, бұл тыйымға мынадай жағдайлар:
Тармақша 1
1) мыналарды: су шаруашылығы құрылысжайлары мен олардың коммуникацияларын; көпірлерді, көпір құрылысжайларын; айлақтарды, порттарды, пирстерді және су көлігі, балық ресурстары мен басқа да су жануарларын қорғау, балық аулау мен аквашаруашылық қызметіне байланысты өзге де инфрақұрылым объектілерін; балық өсіретін тоғандарды, балық өсіретін бассейндер мен балық өсіретін объектілерді, сондай-ақ оларға коммуникацияларды; ғимараттар мен құрылысжайлардың күрделі құрылысынсыз балаларға арналған ойын және спорт алаңдарын, жағажайларды, аквапарктерді және басқа да рекреациялық аймақтарды; су объектілері жай-күйінің көрсеткіштерін байқау пункттерін салу және пайдалану;
Тармақша 2
2) жағалауды нығайту, ағаш өсіру және көгалдандыру;
Тармақша 3
3) осы баптың 1-тармағының 1) тармақшасында рұқсат етілген қызмет кірмейді.
Тармақ 3
3. Су қорғау аймақтары шегінде:
Тармақша 1
1) жерүсті су объектілерінің, су қорғау аймақтары мен белдеулерінің ластануы мен қоқыстануын болғызбайтын құрылысжайлармен және құрылғылармен қамтамасыз етілмеген жаңа және реконструкцияланған объектілерді пайдалануға беруге;
Тармақша 2
2) автожанармай құю станцияларын, мұнай өнімдерін сақтауға арналған қоймаларды, көлік құралдары мен ауыл шаруашылығы техникасын техникалық қарап-тексеру, оларға қызмет көрсету, жөндеу және жуу пункттерін орналастыруға және салуға;
Тармақша 3
3) тыңайтқыштарды, пестицидтерді, улы химикаттарды, көңді сақтауға және оларды қолдануға арналған қоймалар мен алаңдарды орналастыруға және салуға тыйым салынады. Су қорғау аймағында мәжбүрлі санитариялық өңдеу жүргізу қажет болған кезде уыттылығы аз және орташа, жойылуы оңай пестицидтерді қолдануға жол беріледі;
Тармақша 4
4) тұрмыстық қатты және өнеркәсіптік қалдықтардың үйінділерін орналастыруға және жайғастыруға;
Тармақша 5
5) зираттарды орналастыруға;
Тармақша 6
6) жүктеме нормасынан асатын ауыл шаруашылығы жануарларын жаюға, мал шаруашылықтарын, мал сою алаңдарын (ауыл шаруашылығы жануарларын сою алаңдарын), мал қорымдарын (биотермиялық шұңқырларды), пестицидтердің арнаулы қоймаларын (көмінділерін) және олардың ыдыстарын орналастыруға;
Тармақша 7
7) сарқынды суларды жинақтағыштарды, сарқынды сулармен суару алқаптарын, сондай-ақ жерүсті және жерасты суларының радиациялық, химиялық, микробиологиялық, токсикологиялық және паразитологиялық ластану қаупін туғызатын басқа да объектілерді орналастыруға тыйым салынады.
Тармақ 4
4. Орналастырылуы осы баптың ережелеріне қайшы келмейтін объектілер су объектілерінің, су қорғау аймақтары мен белдеулерінің ластануын, қоқыстануын және сарқылуын болғызбайтын, сондай-ақ судың зиянды әсерінің алдын алуды қамтамасыз ететін техникалық сумен жабдықтаудың тұйық (ағынсыз) жүйелерімен және (немесе) құрылысжайлармен және құрылғылармен қамтамасыз етілуге тиіс.
Тармақ 5
5. Су объектілеріндегі, су қорғау аймақтары мен белдеулеріндегі шаруашылық қызмет тәртібі бассейндік су инспекцияларымен, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органмен, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдарымен және өзге де мүдделі мемлекеттік органдармен келісілген жобалар шеңберінде айқындалады.
Тармақ 6
6. Көлік немесе инженерлік коммуникацияларды су объектілерінің аумағы арқылы салу жобалары тасқын сулардың өтуін, су объектілерін пайдалану режимін, сулардың ластануын, қоқыстануын және сарқылуын болғызбауды, олардың зиянды әсерінің алдын алуды қамтамасыз ететін іс-шаралар жүргізуді көздеуге тиіс.