Об отмене некоторых решений Текелийского городского маслихата Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 14.10.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Текелі қалалық мәслихатының кейбір шешімдерін жою туралы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 5 - тармағына, «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 46-бабы 2 тармағы 2) тармақшасына сәйкес, Текелі қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Текелі қалалық мәслихатының «Текелі қалалық мәслихаты аппаратының "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту туралы» 2023 жылғы 25 сәуірдегі № 3-15 (Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде № 180908 болып жарияланған);
Тармақ 2
2. Текелі қалалық мәслихатының «Текелі қалалық мәслихатының 2023 жылғы 25 сәуірдегі «Текелі қалалық мәслихаты аппаратының "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту туралы» № 3-15 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы 2023 жылғы 7 тамыздағы № 7-38 (Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде № 184957 болып жарияланған) шешімдері жойылсын.
Тармақ 3
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.