Об отмене некоторых постановлений акимата города Костаная Қолданыста
Басқа 0
Қостанай қаласы әкімдігінің кейбір қаулыларын жою туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына, «Құқықтық актілер туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 65-бабына сәйкес Қостанай қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қостанай қаласы әкімдігінің мынадай қаулылары жойылсын:
Тармақша 1
1) «Қостанай қаласы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесі және «Қостанай қаласы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы Ережелерді бекіту туралы» Қостанай қаласы әкімдігінің 2022 жылғы 4 қазандағы № 2303 қаулысы;
Тармақша 2
2) Қостанай қаласы әкімдігінің «Қостанай қаласы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесі және «Қостанай қаласы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы Ережелерді бекіту туралы» 2022 жылғы 4 қазандағы № 2303 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» 2023 жылғы 29 маусымдағы № 1337 қаулысы;
Тармақша 3
3) Қостанай қаласы әкімдігінің «Қостанай қаласы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесі және «Қостанай қаласы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы Ережелерді бекіту туралы» 2022 жылғы 4 қазандағы № 2303 қаулысына толықтыру енгізу туралы» 2024 жылғы 13 наурыздағы № 381 қаулысы.
Тармақ 2
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Қостанай қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.