Об утверждении Положения о государственном учреждении «Отдел культуры и развития языков акимата города Костаная» Қолданыста
Басқа 0
«Қостанай қаласы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына, «Мемлекеттік органдар мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі № 590 қаулысына сәйкес, Қостанай қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. «Қостанай қаласы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы Ереже осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
Тармақ 2
2. «Қостанай қаласы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) жоғарыда көрсетілген Ережені әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы қаулыға қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күн ішінде оның көшірмесін электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Қостанай облысы бойынша «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорынының филиалына жіберуді;
Тармақша 3
3) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін оны Қостанай қаласы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қостанай қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Басқа 8. «Қостанай қаласы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы ереже
Қостанай қаласы әкімдігінің
2025 жылғы «20» қазандағы
№ 1657 қаулысымен
бекітілді
«Қостанай қаласы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы ереже
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. «Қостанай қаласы әкiмдігінің мәдениет және тiлдердi дамыту бөлiмi» мемлекеттiк мекемесі мәдениет, демалыс, тілдерді дамыту саласындағы басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
Тармақ 2
2. «Қостанай қаласы әкiмдігінің мәдениет және тiлдердi дамыту бөлiмi» мемлекеттiк мекемесінің мынадай ведомстволық бағынысты ұйымдары бар:
Тармақша 1
1) «Қостанай қаласы әкiмдігінің мәдениет және тiлдердi дамыту бөлiмiнің «Мирас» қалалық мәдениет сарайы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
Тармақша 2
2) «Қостанай қаласы әкiмдігінің мәдениет және тiлдердi дамыту бөлiмiнің орталықтандырылған кітапхана жүйесі» мемлекеттік мекемесі.
Тармақ 3
3. «Қостанай қаласы әкiмдігінің мәдениет және тiлдердi дамыту бөлiмi» мемлекеттiк мекемесі өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтiк құқықтық актiлерге, сондай-ақ осы ережеге сәйкес жүзеге асырады.
Тармақ 4
4. «Қостанай қаласы әкiмдігінің мәдениет және тiлдердi дамыту бөлiмi» мемлекеттiк мекемесі мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттiк тiлде өз атауы бар мөрі мен мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
Тармақ 5
5. «Қостанай қаласы әкiмдігінің мәдениет және тiлдердi дамыту бөлiмi» мемлекеттiк мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарды өз атынан жасайды.
Тармақ 6
6. «Қостанай қаласы әкiмдігінің мәдениет және тiлдердi дамыту бөлiмi» мемлекеттiк мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы.
Тармақ 7
7. «Қостанай қаласы әкiмдігінің мәдениет және тiлдердi дамыту бөлiмi» мемлекеттiк мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен «Қостанай қаласы әкiмдігінің мәдениет және тiлдердi дамыту бөлiмi» мемлекеттiк мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
Тармақ 8
8. «Қостанай қаласы әкiмдігінің мәдениет және тiлдердi дамыту бөлiмi» мемлекеттiк мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
Тармақ 9
9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 110000, Қазақстан Республикасы, Қостанай облысы, Қостанай қаласы, М.Дулатов көшесі, № 91 үй.
Тармақ 10
10. Осы Ереже «Қостанай қаласы әкiмдігінің мәдениет және тiлдердi дамыту бөлiмi» мемлекеттiк мекемесінiң құрылтай құжаты болып табылады.
Тармақ 11
11. «Қостанай қаласы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қостанай қаласының бюджетінен жүзеге асырылады.
Тармақ 12
12. «Қостанай қаласы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілерімен «Қостанай қаласы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінің өкілеттіктері болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қарым-қатынастар жасауға тыйым салынады.
Егер «Қостанай қаласы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кірістер, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджетке жіберіледі.
Тарау 2. 2-тарау. Мемлекеттік органның мақсаттары мен өкілеттіктері
2-тарау. Мемлекеттік органның мақсаттары мен өкілеттіктері
Тармақ 13
13. Мақсаттары:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасы халқының мәдениетін қайта түлетуге, сақтауға, дамытуға және таратуға бағытталған шаралар қабылдау;
Тармақша 2
2) ұлттық және әлемдік мәдениет құндылықтарына баулу арқылы азаматтарды отаншылдыққа және эстетикалық тәрбиелеуге жағдайлар жасау;
Тармақша 3
3) мемлекеттік органның құзыреті шегінде тілдерді дамыту саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру.
Тармақ 14
14. Өкілеттіктері:
Тармақша 1
1) құқықтары:
өз құзыреті шегінде белгіленген тәртіпте мемлекеттік органдардан және басқа да ұйымдардан, олардың лауазымды тұлғаларынан қажетті мәліметтерді, материалдар мен құжаттарды сұрату және алу;
мәдениет пен тілдерді дамыту, тарихи-мәдени мұраны сақтау және пайдалану мәселелерін шешу үшін комиссиялар мен уақытша және тұрақты жұмыс топтарын құру;
мәдениет, тілдерді дамыту мәселелері бойынша ақпараттық-таныстыру іс-шараларын (дөңгелек үстелдер, семинарлар, конференциялар, тәжірибе алмасу және басқа да іс-шаралар) ұйымдастыру және өткізу.
Тармақша 2
2) міндеттері:
жергілікті атқарушы органдармен келісім бойынша өзінің негізгі қызметін жоспарлау және мәдениет, тілдерді дамыту, тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану саласын дамытуды айқындау;
мәдениет және тілдерді дамыту бағдарламаларын, жоспарларын жүзеге асыру;
ведомстволық бағынысты мекемелер мен кәсіпорындардың қызметін талдау;
Тармақ 15
15. Функциялары:
Тармақша 1
1) Қостанай қаласының кітапхана ісі, мәдени - демалыс қызметі саласында мемлекеттік мәдениет ұйымдарын құруға бастамашылық жасау, олардың қызметін үйлестіруді жүзеге асыру;
Тармақша 2
2) Қостанай қаласының мәдениет мекемелерінің инфрақұрылымын дамытуды және материалдық-техникалық қамтамасыз етілуін нығайтуды қамтамасыз ету;
Тармақша 3
3) Қостанай қаласының сауықтық мәдени-бұқаралық іс-шараларын, сондай-ақ әуесқой шығармашылық бірлестіктер арасында байқаулар, фестивальдер және конкурстар өткізуді жүзеге асыру;
Тармақша 4
4) ведомстволық бағынысты мемлекеттік мәдениет ұйымдарын аттестаттаудан өткізу;
Тармақша 5
5) мемлекеттік және басқа да тілдерді дамытуға бағытталған қалалық шараларды өткізу;
Тармақша 6
6) әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктерге, елді мекендердің құрамдас бөлiктерiне атау беру, оларды қайта атау, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту кезінде тиісті аумақ халқының пікірін ескеруді Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен жүргізуді ұйымдастыру;
Тармақша 7
7) тарих және мәдениет ескерткіштерін сақтау және танымал ету жөніндегі іс-шараларды өткізуге жұртшылықты тарту;
Тармақша 8
8) облыстың жергілікті атқарушы органдарын немесе уәкілетті органдарды олардың құзыреті шегінде тарих және мәдениет ескерткіштерінің бүлінуін, бұзылу қатерін жою туралы хабардар ету;
Тармақша 9
9) кітапхана ісі және мәдени-демалыс қызметі саласында Қостанай қаласының мемлекеттік мәдениет ұйымдарының қызметін қолдау және үйлестіру;
Тармақша 10
10) азаматтарды тіл қағидаты бойынша кемсітушілікке жол бермеу жөнінде түсіндіру жұмыстарын жүргізу.
Тармақша 11
11) рұқсат беру органының сұрау салуы бойынша маңдайшаларды орналастыруда Қазақстан Республикасының тіл туралы заңнамасының талаптарына сәйкестігі туралы хабарламаны келісу;
Тармақша 12
12) Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінде көзделген Қазақстан Республикасының тіл туралы заңнамасын бұзғаны үшін әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарау;
Тармақша 13
13) «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша әкімшілік жаза қолдану туралы қаулы шығару;
Тармақша 14
14) бюджет қаражаты көлемі шегінде балалар мен жасөспірімдерге арналған шығармашылық үйірмелерді қаржыландыруға мемлекеттік шығармашылық тапсырысты бекітеді;
Тармақша 15
15) мемлекеттік шығармашылық тапсырыстың көрсетілетін қызметтерін берушілердің меншік нысанына, олардың ведомстволық бағыныстылығына, типтері мен түрлеріне қарамастан, балалар мен жасөспірімдерге арналған шығармашылық үйірмелерде мемлекеттік шығармашылық тапсырысты орналастыруды қамтамасыз етеді;
Тармақша 16
16) электрондық және жалпыға қолжетімді форматтарда мемлекеттік шығармашылық тапсырысты орналастырудың, оның сапасын бақылаудың және нысаналы игерілуінің барлық кезеңдері мен рәсімдерінің орындалуын қамтамасыз етеді;
Тармақша 17
17) тиісті аумақта орналасқан мәдениет ұйымдарының қызметіне мониторингті жүзеге асыруды және облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органына ақпаратты, сондай-ақ белгіленген нысандағы статистикалық есептерді ұсынады;
Тармақша 18
18) тарихи-мәдени мұраны сақтау жөніндегі жұмысты ұйымдастырады, тарихи, ұлттық және мәдени дәстүрлер мен әдет-ғұрыптарды дамытуға жәрдемдеседі
Тарау 3. 3-тарау. Мемлекеттік органның бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттіктері
3-тарау. Мемлекеттік органның бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттіктері
Тармақ 16
16. «Қостанай қаласы әкiмдігінің мәдениет және тiлдердi дамыту бөлiмi» мемлекеттік мекемесін басқаруды бірінші басшы жүзеге асырады, «Қостанай қаласы әкiмдігінің мәдениет және тiлдердi дамыту бөлiмi» мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болады.
Тармақ 17
17. «Қостанай қаласы әкiмдігінің мәдениет және тiлдердi дамыту бөлiмi» мемлекеттiк мекемесінің бірінші басшысын Қостанай қаласының әкімі лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады.
Тармақ 18
18. «Қостанай қаласы әкiмдігінің мәдениет және тiлдердi дамыту бөлiмi» мемлекеттiк мекемесінің бірінші басшысының орынбасарлары болмайды.
Тармақ 19
19. «Қостанай қаласы әкiмдігінің мәдениет және тiлдердi дамыту бөлiмi» мемлекеттiк мекемесінің бірінші басшысының өкілеттігі:
Тармақша 1
1) «Қостанай қаласы әкiмдігінің мәдениет және тiлдердi дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінің атынан әрекет етеді;
Тармақша 2
2) «Қостанай қаласы әкiмдігінің мәдениет және тiлдердi дамыту бөлiмi» мемлекеттiк мекемесінің жұмысын ұйымдастырады және басқарады;
Тармақша 3
3) ведомстволық бағынысты ұйымдар басшыларының лауазымдық міндеттері мен өкілеттіктерін бөледі;
Тармақша 4
4) барлық ұйымдарда «Қостанай қаласы әкiмдігінің мәдениет және тiлдердi дамыту бөлiмi» мемлекеттік мекемесінің мүдделерін білдіреді;
Тармақша 5
5) заңнамада белгіленген жағдайларда және шектерде мүлiкке билік етеді;
Тармақша 6
6) шарттар жасасады;
Тармақша 7
7) сенiмхаттар береді;
Тармақша 8
8) «Қостанай қаласы әкiмдігінің мәдениет және тiлдердi дамыту бөлiмi» мемлекеттік мекемесінің барлық қызметкерлерімен орындалуға міндетті бұйрықтар шығарады және нұсқаулар береді;
Тармақша 9
9) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен «Қостанай қаласы әкiмдігінің мәдениет және тiлдердi дамыту бөлiмi» мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін жұмысқа қабылдайды және жұмыстан босатады;
Тармақша 10
10) «Қостанай қаласы әкiмдігінің мәдениет және тiлдердi дамыту бөлiмi» мемлекеттік мекемесінің қызметкерлеріне көтермелеу шараларын қолданады және тәртіптік жазаға тартады;
Тармақша 11
11) қаулы жобаларын уақтылы, сапалы әзірлеуге, рәсімдеуге және әкімдікке белгіленген мерзімдерде ұсынуға, сондай-ақ жоба мәтіндерінің мемлекеттік тілдегі және орыс тіліндегі түпнұсқалылығына дербес жауапты болады;
Тармақша 12
12) әзірлеуші органы мемлекеттік мекеме болып табылатын әкімдіктің нормативтік құқықтық актілерінің жобаларын әзірлеу, қабылдау және кейіннен мемлекеттік тіркеу барысына тікелей бақылау жасайды;
Тармақша 13
13) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұйымдастыруға дербес жауап береді;
Тармақша 14
14) құзыреті шегінде әкімшілік жауаптылыққа тарту және әкімшілік жаза қолдану туралы қаулы шығарады;
Тармақша 15
15) әкімшілік құқық бұзушылық және жаза қолдану туралы істерді қарау кезінде Қазақстан Республикасы заңнамасының сақталуына дербес жауапты болады.
«Қостанай қаласы әкiмдігінің мәдениет және тiлдердi дамыту бөлiмi» мемлекеттiк мекемесінің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
Тарау 4. 4-тарау. Мемлекеттiк органның мүлкі
4-тарау. Мемлекеттiк органның мүлкі
Тармақ 20
20. «Қостанай қаласы әкiмдігінің мәдениет және тiлдердi дамыту бөлiмi» мемлекеттiк мекемесі заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін.
«Қостанай қаласы әкiмдігінің мәдениет және тiлдердi дамыту бөлiмi» мемлекеттiк мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен табылған мүлік қалыптастырылады.
Тармақ 21
21. «Қостанай қаласы әкiмдігінің мәдениет және тiлдердi дамыту бөлiмi» мемлекеттiк мекемесіне бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
Тармақ 22
22. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, «Қостанай қаласы әкiмдігінің мәдениет және тiлдердi дамыту бөлiмi» мемлекеттiк мекемесі, өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
Тарау 5. 5-тарау. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату
5-тарау. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату
Тармақ 23
23. «Қостанай қаласы әкiмдігінің мәдениет және тiлдердi дамыту бөлiмi» мемлекеттiк мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.