О переименовании улицы города Аягоз Аягозского района Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 15.10.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Аягөз ауданы Аягөз қаласының көшесін қайта атау туралы «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабының 5-1) тармақшасына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 1-тармағының 4)-тармақшасына, 31-бабына сәйкес, Абай облысының ономастика комиссиясының 2025 жылғы 12 қыркүйектегі қорытындысы негізінде, Аягөз ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Аягөз аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Аягөз ауданы Аягөз қаласының «Жаңа көше-1» көшесі Әбілкәрім Темірханов көшесі деп қайта аталсын.
Тармақ 2
2. Осы бірлескен Аягөз ауданы әкімдігінің қаулысы мен Аягөз аудандық мәслихатының шешімі алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.