Об утверждении Положения о государственном учреждении «Аппарат акима Бурлинского района» Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 21.10.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Бөрлі ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы 2020 жылғы 29 маусымдағы Қазақстан Республикасының әкімшілік рәсімдік-процестік Кодексіне, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы     «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Құқықтық актілер туралы» Заңдарына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі № 590 «Мемлекеттік органдар мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы» қаулысына сәйкес, Бөрлі ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. «Бөрлі ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі туралы Ереже осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
Тармақ 2
2. «Бөрлі ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Бөрлі ауданы әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.
Басқа 4. «Бөрлі ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі туралы ереже
Бөрлі ауданы әкімдігінің 2025 жылғы 21 қазандағы №394 қаулысына қосымша «Бөрлі ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі туралы ереже
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. «Бөрлі ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Аппарат) әкімнің және жергілікті атқарушы органының қызметін қамтамасыз етуді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
Тармақ 2
2. Аппараттың ведомствалары жоқ.
Тармақ 3
3. Аппарат өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
Тармақ 4
4. Аппарат мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлғасы болып табылады, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрлері және атауы қазақ және орыс тілдерінде жазылған мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, қазынашылық органдарында шоттары бар.
Тармақ 5
5. Аппарат азаматтық-құқықтық қатынастарды өз атынан жасайды.
Тармақ 6
6. Аппарат Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілеттік берілген жағдайда ол мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы.
Тармақ 7
7. Аппарат өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Аппарат басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
Тармақ 8
8. Аппарат құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі. Аппарат құрылымы: - мемлекеттік-құқықтық жұмысы бөлімі; - мемлекеттік сатып алу және бухгалтерлік есеп бөлімі; - бірыңғай персоналды басқару қызметі (кадр қызметі); - ұйымдастыру бақылау және мемлекеттік қызметтер мониторингі бөлімі; - құжаттамалық қамтамасыз ету және өтініштер бөлімі.
Тармақ 9
9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Батыс Қазақстан облысы, Бөрлі ауданы, Ақсай қаласы, Әл-Фараби көшесі, 99 ғимараты, индекс 093000.
Тармақ 10
10. Осы Ереже Аппараттың құрылтай құжаты болып табылады.
Тармақ 11
11. Аппарат қызметін қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес республикалық, облыстық және жергілікті бюджеттерден жүзеге асырылады.
Тармақ 12
12. Аппарат кәсіпкерлік субъектілерімен Аппараттың өкілеттіктері болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысынан шарттық қарым-қатынас жасауға тыйым салынады. Егер Аппаратқа заңнамалық актілермен кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кіріс, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджетке жіберіледі.
Тарау 2. 2-тарау. Мемлекеттік органның мақсаттары мен өкілеттіктері
2-тарау. Мемлекеттік органның мақсаттары мен өкілеттіктері
Тармақ 13
13. Аппараттың мақсаты әкімнің қызметiн ақпараттық-талдау тұрғысынан, ұйымдық-құқықтық және материалдық-техникалық жағынан қамтамасыз ету.
Тармақ 14
14. Өкілеттіктері: Құқықтары:
Тармақша 1
1) Мемлекеттік органдардан өз міндеттерін орындау үшiн қажеттi құжаттар мен мәлiметтердi сұратуға және алуға, сондай-ақ өз құзыреті шегінде оларды орындауға тапсырмалар беруге;
Тармақша 2
2) мемлекеттiк орган басшысының келiсiмiмен Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актілерiнiң жобаларын және мемлекеттiк органның құқықтық мәселелер жөнiндегi құжаттарын әзiрлеу үшiн, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасын насихаттау жөнiндегi iс-шаралар мен мемлекеттiк органда жалпыға бiрдей құқықтық оқытуды iске асыру үшiн басқа құрылымдық бөлiмшелердiң қызметкерлерiн тартуға;
Тармақша 3
3) Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің тапсырмалары мен актілерін, облыс және аудан әкімдігінің қаулыларының, облыс және аудан әкімінің, олардың орынбасарларының шешімдерін, өкімдерін және тапсырмаларын орындалуына талдау жүргізіп, анықталған заңбұзушылықтарды, олардың орындалмау себептері мен шарттарын жою жөнінде шаралар қабылдау;
Тармақша 4
4) өзіне жүктелген функцияларды жүзеге асыру кезінде қолданыстағы заңнамаға сәйкес мемлекеттік органдардың ақпараттық, соның ішінде құпия деректер базасын пайдалануға;
Тармақша 5
5) заңда белгіленген тәртіппен қызметтік көліктерді, байланыс және коммуникация жүйелерін пайдалануға;
Тармақша 6
6) заңда белгіленген тәртіпте ауданның жергілікті атқарушы органдары құрамдарына кіретін мемлекеттік органдардың, кәсіпорындар мен ұйымдардың қызметкерлерін әкімдікпен және әкіммен қаралатын сұрақтарды әзірлеп шешуге тартуға;
Тармақша 7
7) аудан әкімінің, оның орынбасарларының, аудан әкімі аппараты басшысының актілері мен тапсырмаларының орындалуына тексеру жүргізуді ұйымдастыруға және қатысуға;
Тармақша 8
8) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес ауданның жергілікті атқарушы органдары құрамдарына кіретін мемлекеттік органдарға, олардың ведомствоға қарасты ұйымдарына қатысты бақылау іс-шараларын жүзеге асыруға;
Тармақша 9
9) аудан әкімдігіне және әкімге есеп беретін мемлекеттік органдар басшыларының аудан әкімі аппаратында бақылауда тұрған тапсырмаларды орындамағаны және (немесе) тиісінше орындамағаны үшін жауапкершілігі жөнінде ұсыныстар енгізуге;
Тармақша 10
10) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқылы. Міндеттері:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес жүктелген функцияларды орындауға;
Тармақша 2
2) ішкі және сыртқы саясаттың негізгі бағыттарына сәйкес келмейтін шешімдерді қабылдануға жол бермеуге;
Тармақша 3
3) Ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде Қазақстан Республикасының мүдделерін сақтауға;
Тармақша 4
4) азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерінің сақталуын қамтамасыз етуге.
Тармақ 15
15. Функциялары:
Тармақша 1
1) мемлекеттік егемендікті, конституциялық құрылысты қорғау және нығайту жөніндегі Қазақстан Республикасы Президентінің саясатын өмірге енгізу, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасының Заңдарын, Президент пен Үкіметтің, облыс және аудан әкімі мен әкімдігінің актілерін мүлтіксіз орындауды ұйымдастыру;
Тармақша 3
3) ауданның әлеуметтік-экономикалық даму стратегиясын іске асыру, Экономикалық реформа жүргізу бойынша шараларды әзірлеу, оны жүзеге асырудың техникасы мен тетіктерін жетілдіру;
Тармақша 4
4) атқарушы биліктің жұмысына жүйелі және объективті талдау жүргізу, аудан әкімінің қатысуымен шешілуге тиісті аса маңызды проблемаларды анықтау;
Тармақша 5
5) ауылдық округ әкімдерінің қызметін үйлестіру, олардың жұмыс стилі мен әдістерін жетілдіру, жергілікті атқарушы органдардың құзыретіне жататын мәселелерді шешуде дербестігін арттыру;
Тармақша 6
6) ауданның әлеуметтік - экономикалық даму проблемаларын талдау, саяси және әлеуметтік-экономикалық үрдістерді зерттеу, тиісті ұсыныстар мен ұсынымдар әзірлеу;
Тармақша 7
7) аудан әкімінің аудандық мәслихатпен, мемлекеттік басқару органдарымен, қоғамдық, мәдени, діни қозғалыстармен өзара байланысын қамтамасыз ету;
Тармақша 8
8) заңдылық пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету мәселелерінде жан-жақты жәрдемдесу, конституциялық құқықтар мен міндеттердің жүзеге асырылуын бақылау, мемлекеттік және еңбек тәртібін, қоғамдық тәртіпті нығайту жөніндегі шараларды жүзеге асыру;
Тармақша 9
9) кадр саясатының жүргізілуін қамтамасыз ету;
Тармақша 10
10) қызметтік құжаттар мен азаматтардың өтініштерін қарау, оларды қабылдауды ұйымдастыру, құжатайналымын талдау;
Тармақша 11
11) ақпараттандыру мәселелері бойынша Мемлекеттік органдардың құрылымдық бөлімшелерімен өзара іс-қимылды жүзеге асырады, аудан әкімі аппаратында ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етеді, құрылымдық бөлімшелерде ақпараттық қауіпсіздікті үйлестіреді;
Тармақша 12
12) терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі комиссия арқылы терроризмнің зардаптарын жою және (немесе) барынша азайту жөніндегі өзара іс-қимылды, сондай-ақ ауданның терроризмге қарсы комиссиясының құрамына кіретін құқық қорғау органдарының, мекемелер мен ұйымдардың ақпарат алмасуын ұйымдастырады;
Тармақша 13
13) өз құзыреті шегінде аудан аумағында төтенше жағдайлардың алдын алу және жою бойынша барлық қажетті іс-шараларды ұйымдастырады;
Тармақша 14
14) аудан әкімі аппаратының қызметкерлеріне, қажет болған жағдайда аудан әкімдігіне ведомстволық бағынысты дербес бөлімдердің қызметкерлеріне жеке тұрғын үй қорынан қызметтік тұрғын үй және тұрғын үй беру мәселелерін шешеді;
Тармақша 15
15) аудан әкімінің, аудан әкімі аппаратының және оның бөлімшелерінің қызметін жариялау бойынша бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара іс-қимылды жүзеге асырады;
Тармақша 16
16) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес айқындалатын бюджеттік бағдарламалар немесе тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бойынша бірыңғай мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыруды және өткізуді жүзеге асырады;
Тармақша 17
17) аудан әкімінің аппараты қолданыстағы заңнамамен белгіленген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
Тарау 3. 3-тарау. Мемлекеттік органның, алқалы органдардың (бар болса) бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттіктері
3-тарау. Мемлекеттік органның, алқалы органдардың (бар болса) бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттіктері
Тармақ 16
16. Аппаратты басқаруды басшы жүзеге асырады, ол Аппаратқа жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз өкілеттіктерін жүзеге асыруына дербес жауапты болады.
Тармақ 17
17. Аппарат басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес аудан әкімімен лауазымға тағайындалады және лауазымнан босатылады.
Тармақ 18
18. Аппарат басшысының өкілеттіктері:
Тармақша 1
1) аппаратқа жүктелген мақсаттарды іске асыруды ұйымдастырады;
Тармақша 2
2) өз құзыреті шегінде аппараттың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырады, үйлестіреді және бақылайды;
Тармақша 3
3) аппараттың техникалық қызмет көрсетуді және олардың жұмыс істеуін қамтамасыз ететін жұмыскерлерге қатысты бұйрықтар шығарады.
Тармақша 4
4) қызметтік тәртіптің сақталуын бақылауды жүзеге асырады;
Тармақша 5
5) өз құзыреті шегінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы, Қазақстан Республикасының заңнамасы талаптарының орындалуын қамтамасыз етеді;
Тармақша 6
6) ауданның жергілікті атқарушы және өкілетті органдар қабылдаған шешімдердің орындалу барысын бақылайды;
Тармақша 7
7) өз құзыреті шегінде бұйрықтар қабылдайды;
Тармақша 8
8) мемлекеттік органда, өзге де ұйымдарда аппараттың мүддесін білдіреді;
Тармақша 9
9) аппараттың құрылымы мен штаттық кестесін, құрылымдық бөлімшелері туралы ережелерді бекітеді;
Тармақша 10
10) аудан әкімі аппаратының барлық қаржылық құжаттарына бірінші қол қою құқығына ие;
Тармақша 11
11) қолданыстағы заңнамаға сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады. Аппарат басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын лауазымды жүзеге асырады.
Тарау 4. 4-тарау. Мемлекеттік органның мүлкі
4-тарау. Мемлекеттік органның мүлкі
Тармақ 19
19. Аппараттың заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін. Аппарат мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
Тармақ 20
20. Аппараттың бекітілген мүлкі коммуналдық меншікке жатады.
Тармақ 21
21. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Аппарат өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне берілген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
Тарау 5. 5-тарау. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату
5-тарау. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату
Тармақ 22
22. Аппаратты қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.