Об утверждении Правил оказания государственной услуги «Выдача разрешения на производство интродукции, реинтродукции и гибридизации рыб и других водных животных» Қолданыста
Басқа 0
«Балық және басқа да су жануарларын интродукциялауды, реинтродукциялауды және будандастыруды жүргізуге рұқсат беру» мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларын бекіту туралы
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына және «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 1-тармағының 4) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Коса беріліп отырған «Балық және басқа да су жануарларын интродукциялауды, реинтродукциялауды және будандастыруды жүргізуге рұқсат беру» мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Балық шаруашылығы комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін оның Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика
министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Жасанды интеллект және
цифрлық даму
министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Экология және табиғи ресурстар
министрлігі
Басқа 0. «Балық және басқа да су жануарларын интродукциялауды, реинтродукциялауды және будандастыруды жүргізуге рұқсат беру» мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары
Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрі
2025 жылғы 22 қазандағы
№ 385
бұйрығымен бекітілген
«Балық және басқа да су жануарларын интродукциялауды, реинтродукциялауды және будандастыруды жүргізуге рұқсат беру» мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. «Балық және басқа да су жануарларын интродукциялауды, реинтродукциялауды және будандастыруды жүргізуге рұқсат беру» мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 1) тармақшасына және «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 1-тармағының 4) тармақшасына сәйкес әзірленді және «Балық және басқа да су жануарларын интродукциялауды, реинтродукциялауды және будандастыруды жүргізуге рұқсат беру» мемлекеттік қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) көрсету тәртібін айқындайды.
Тармақ 2
2. Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
Тармақша 1
1) балық шаруашылығы саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) – балық ресурстарын және басқа да су жануарларын қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласында басшылықты, сондай-ақ өз құзыреті шегінде салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
Тармақша 2
2) «электрондық үкіметтің» веб-порталы (бұдан әрі – портал) – нормативтік құқықтық базаны қоса алғанда, бүкіл шоғырландырылған үкіметтік ақпаратқа және электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызметтерге, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерге және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтеріне қол жеткізудің бірыңғай терезесін білдіретін ақпараттық жүйе;
Тармақша 3
3) электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі – ЭЦҚ) – электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың дұрыстығын, оның тиесілілігін және мазмұнының өзгермегендігін растайтын электрондық цифрлық символдар жиынтығы.
Тарау 2. 2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
Тармақ 3
3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшелері (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) Қағидаларға сәйкес жеке және (немесе) заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) көрсетеді.
Тармақ 4
4. «Балық және басқа да су жануарларын интродукциялауды, реинтродукциялауды және будандастыруды жүргізуге рұқсат беру» мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі (бұдан әрі – Тізбе) Қағидаларға 1-қосымшада көрсетілген.
Тармақ 5
5. Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша балық және басқа да су жануарларын интродукциялауды, реинтродукциялауды және будандастыруды жүргізуге рұқсат беру туралы өтінішті (бұдан әрі – өтініш) және Тізбенің 8-тармағында көрсетілген құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру портал арқылы жүзеге асырылады.
Көрсетілетін қызметті алушы Тізбеге сәйкес құжаттардың толық топтамасын ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттарды ұсынған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші өтінішті қабылдаудан бас тартады.
Тармақ 6
6. Заңды тұлғаны мемлекеттiк тiркеу (қайта тiркеу) туралы анықтама, жеке басты куәландыратын құжат туралы, дара кәсіпкерді тіркеу не дара кәсіпкер ретінде қызметтің басталғаны туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші «электрондық үкіметтің» шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.
Көрсетілетін қызметті алушыға жеке кабинетке мемлекеттік қызметті көрсету сұранымының қабылданғаны туралы мәртебе және мемлекеттік қызметті көрсету күні мен уақыты көрсетілген хабарлама жіберіледі.
Көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген кезде құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.
Тармақ 7
7. Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері Тізбенің 8-тармағында көрсетілген құжаттарды «Е-лицензиялау» мемлекеттік дерекқоры» ақпараттық жүйесінде (бұдан әрі – «Е-лицензиялау» МДҚ) қабылдауды, тіркеуді жүзеге асырады және оларды құжаттар қабылданған күні көрсетілетін қызметті берушіге не оны алмастыратын адамға тапсырады.
Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыскері құжаттар тіркелген сәттен бастап екі (2) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.
Тармақ 8
8. Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартуға негіздер болмаған кезде, көрсетілетін қызметті берушінің жұмыскері көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттарды қарайды және Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша «Е-лицензиялау» МДҚ-да балық және басқа да су жануарларын интродукциялауды, реинтродукциялауды және будандастыруды жүргізуге рұқсатты қалыптастырады.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының ЭЦҚ-сы қойылған электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының жеке кабинетіне жіберіледі және сақталады.
Рұқсаттың қолданылу мерзімі бір күнтізбелік жылдан аспайды.
Тармақ 9
9. Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер болған кезде көрсетілетін қызметті алушыға Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім туралы хабарлама жіберіледі, онда көрсетілетін қызметті алушыға алдын ала шешім бойынша ұстанымын білдіру мүмкіндігі үшін тыңдау өткізудің уақыты мен орны (тәсілі) көрсетіледі.
Тыңдау туралы хабарлама мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі аяқталғанға дейін 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірілмей жіберіледі. Тыңдау хабарлама жасалған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі.
Тыңдау нәтижелері бойынша көрсетілетін қызметті беруші балық және басқа да су жануарларын интродукциялауды, реинтродукциялауды және будандастыруды жүргізуге рұқсат беру немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден уәжді бас тарту туралы шешім қабылдайды.
Мемлекеттік қызметті көрсетуден уәжді бас тарту портал арқылы көрсетілетін қызметті алушының жеке кабинетіне Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының ЭЦҚ-сы қойылған электрондық құжат нысанында жіберіледі.
Тармақ 10
10. Көрсетілетін қызметті беруші Тізбенің 9-тармағында көзделген негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартады.
Тармақ 11
11. Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызметті көрсету сатысы туралы деректердің мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне енгізілуін қамтамасыз етеді.
Тармақ 12
12. Ақпараттық жүйеде іркіліс болған кезде, көрсетілетін қызметті беруші іркіліс анықталған сәттен бастап 2 (екі) сағат ішінде ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымға жауапты құрылымдық бөлімшенің жұмыскерін хабардар етеді.
Ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымға жауапты жұмыскер техникалық проблема туралы хаттама жасайды және оған көрсетілетін қызметті беруші қол қояды.
Тарау 3. 3-тарау. Мемлекеттік қызметтер мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының шешімдеріне, іс-әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
3-тарау. Мемлекеттік қызметтер мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының шешімдеріне, іс-әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
Тармақ 13
13. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің шешіміне, іс-әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға беріледі.
Шағым Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің (бұдан әрі – ҚР ӘРПК) 91-бабына сәйкес келіп түскен жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші оны келіп түскен күннен бастап үш (3) жұмыс күні ішінде шағымды қарайтын органға жолдайды. Көрсетілетін қызметті беруші қолайлы акт қабылданған, шағымда көрсетілген талаптарды қанағаттандыратын әкімшілік іс-әрекет жасалған жағдайда шағымды қарайтын органға шағымды жібермейді.
Тармақ 14
14. Көрсетілетін қызметті алушының шағымын Заңның 25-бабының 2-тармағына сәйкес:
көрсетілетін қызметті беруші – тіркелген күнінен бастап бес (5) жұмыс күні ішінде;
мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган –тіркелген күнінен бастап он бес (15) жұмыс күні ішінде қарауға тиіс.
Көрсетілетін қызметті берушінің, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның шағымды қарау мерзімі Заңның 25-бабы 4-тармағына сәйкес:
Тармақша 1
1) шағым бойынша қосымша зерделеу немесе тексеру не жергілікті жерге барып тексеру жүргізу;
Тармақша 2
2) қосымша ақпарат алу қажет болған жағдайларда, 10 (он) жұмыс күнінен аспайтын мерзімге ұзартылады.
Шағымды қарау мерзімі ұзартылған жағдайда, шағымды қарау жөнінде өкілеттік берілген лауазымды адам шағымды қарау мерзімі ұзартылған сәттен бастап үш (3) жұмыс күні ішінде шағымды берген көрсетілетін қызметті алушыға жазбаша нысанда (шағым қағаз жеткізгіште берілген кезде) немесе электрондық нысанда (шағым электрондық түрде берілген кезде) ұзарту себебін көрсете отырып, шағымды қарау мерзімінің ұзартылғаны туралы хабарлайды.
Тармақ 15
15. Егер заңда өзгеше көзделмесе, ҚР ӘРПК 91-бабының 5-тармағына сәйкес сотқа дейінгі тәртіппен шағымданғаннан кейін сотқа жүгінуге жол беріледі.
Басқа 1. «Балық және басқа да су жануарларын интродукциялауды, реинтродукциялауды және будандастыруды жүргізуге рұқсат беру» мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі
«Балық және басқа да
су жануарларын интродукциялауды,
реинтродукциялауды және
будандастыруды жүргізуге
рұқсат беру» мемлекеттік
қызметін көрсету қағидаларына
1-қосымша
«Балық және басқа да су жануарларын интродукциялауды, реинтродукциялауды және будандастыруды жүргізуге рұқсат беру» мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі
«Балық және басқа да су жануарларын интродукциялауды, реинтродукциялауды және будандастыруды жүргізуге рұқсат беру» мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі
1.
Көрсетілетін қызметті берушінің атауы
Балық шаруашылығы саласындағы уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшелері
2.
Мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілдері
«Электрондық үкіметтің» www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы
3.
Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі
3 (үш) жұмыс күні
4.
Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны
Электрондық (ішінара автоматтандырылған)
5.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі
Балық және басқа да су жануарларды интродукциялауды, реинтродукциялауды және будандастыруды жүргізуге рұқсат беру не уәжді бас тарту.
6.
Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері
Тегін
7.
Көрсетілетін қызметті берушінің және ақпарат объектілерінің жұмыс графигі
1) порталдың – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады);
2) көрсетілетін қызметті беруші – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына және «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жексенбі және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден жұманы қоса алғанда сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін.
Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары тиісті көрсетілетін қызметті берушінің ресми интернет ресурсында орналастырылған.
8.
Мемлекеттік қызметті көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтер тізбесі
1) Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжат нысанында балық және басқа да су жануарларын интродукциялауды, реинтродукциялауды және будандастыруды жүргізуге рұқсат беру туралы өтініш;
2) жануарлар дүниесін пайдалануға арналған биологиялық негіздеменің электрондық көшірмесі.
Заңды тұлғаны мемлекеттiк тiркеу (қайта тiркеу) туралы анықтама, жеке басты куәландыратын құжат туралы, дара кәсіпкерді тіркеу не дара кәсіпкер ретінде қызметтің басталғаны туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші «электрондық үкіметтің» шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.
9.
Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер
1) көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігінің анықталуы;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті ұсынылған деректер мен мәліметтердің, Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;
3) «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету үшін талап етілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге ұсынылатын келісімінің болмауы.
10.
Мемлекеттік қызметті көрсету, оның ішінде электрондық нысанда көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, қойылатын өзге де талаптар.
Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты порталдағы «жеке кабинеті», сондай-ақ Бірыңғай байланыс-орталығы арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде алу мүмкіндігі бар.
Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс-орталығы 1414, 8 800 080 7777.
Басқа 2. Балық және басқа да су жануарларын интродукциялауды, реинтродукциялауды
және будандастыруды жүргізуге рұқсат беру туралы өтініш
«Балық және басқа да су
жануарларын интродукциялауды,
реинтродукциялауды
және будандастыруды жүргізуге рұқсат
беру» мемлекеттік қызметін
көрсету қағидаларына
2-қосымша
Нысан
Кімге________________________
(уәкілетті органның толық
атауы)
кімнен_______________________
(заңды тұлғаның атауы не жеке тұлғаның
_____________________________
аты, әкесінің аты
(бар болса), тегі)
_____________________________
(мекенжайы, телефоны және факс
нөмірі)
_____________________________
(бизнес-сәйкестендіру
нөмірі/жеке
сәйкестендіру нөмірі)
Балық және басқа да су жануарларын интродукциялауды, реинтродукциялауды
және будандастыруды жүргізуге рұқсат беру туралы өтініш
Интродукциялауды, реинтродукциялауды және будандастыруды жүргізудің
мақсаты______________________________________________________________
Балық және басқа да су жануарының түрі __________________________________
_____________________________________________________________________
Балық және басқа да су жануарының мөлшері мен салмағы ___________________
_____________________________________________________________________
Интродукциялауды, реинтродукциялауды және будандастыруды жүргізу мерзімі
_____________________________________________________________________
Интродукциялау, реинтродукциялау және будандастыру жүргізілетін аудан
_____________________________________________________________________
Ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын
мәліметтерді пайдалануға келісемін.
_____________________________________________________________________
(аты, әкесінің аты (бар болса), тегі), электрондық цифрлық қолтаңбасы
Басқа 3. Балық және басқа да су жануарларын интродукциялауды,
реинтродукциялауды және будандастыруды жүргізуге рұқсат
«Балық және басқа да
су жануарларын интродукциялауды,
реинтродукциялауды
және будандастыруды жүргізуге рұқсат
беру» мемлекеттік қызметін
көрсету қағидаларына
3-қосымша
Нысан
Балық және басқа да су жануарларын интродукциялауды,
реинтродукциялауды және будандастыруды жүргізуге рұқсат
Балық шаруашылығы саласындағы уәкілетті орган ведомствосының деректемелері мемлекеттік тілде
Балық шаруашылығы саласындағы уәкілетті орган ведомствосының деректемелері орыс тілінде
_______________________ жүргізуге рұқсат №______
Берілген күні: (берілген күні)
(Көрсетілетін қызметті алушының атауы)
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Балық шаруашылығы комитетінің аумақтық бөлімшесі Сіздің ________________ жүргізуге рұқсат беруге қатысты № (өтініш нөмірі) өтінішіңізге сәйкес (өтінім берілген күн) мынаны хабарлайды (мәтін) ____________________________
Басқа 4. Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім жөніндегі хабарлама
«Балық және басқа да
су жануарларын интродукциялауды,
реинтродукциялауды және
будандастыруды жүргізуге
рұқсат беру» мемлекеттік қызметін
көрсету қағидаларына
4-қосымша
Нысан
Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім жөніндегі хабарлама
Құрметті ________________________________________________________
Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 73-бабы
1-тармағына сәйкес осы хабарламамен Сізге «Балық және басқа да су жануарларын
интродукциялау, реинтродукциялау және будандастыруды жүргізуге рұқсат беру»
мемлекеттік қызметін көрсетуден бас тартылғаны туралы хабарлаймыз, өйткені:
_____________________________________________________________________
(бас тарту себептерін санамалау)
Бас тарту мәселесі бойынша тыңдау осы хабарлама жіберілген күннен бастап
2 (екі) жұмыс күнінен кейін жүзеге асырылады, онда Сіз осы шешім бойынша
өз ұстанымыңызды білдіре аласыз (қажеттісін жазыңыз):
_____________________________________________________________________
(тыңдау өткізу күн мен уақыты, тыңдау өткізу орны (тәсілі):
мекенжай бойынша ғимаратта/бейнеконференц байланыс/өзге де
коммуникация құралдары арқылы)
Көрсетілетін қызметті беруші
_____________________________________________________________________
(басшының қолы/электрондық цифрлық қолтаңбасы, аты, әкесінің аты
(бар болса), тегі)
Басқа 5. Мемлекеттік қызметті көрсетуден уәжді бас тарту
«Балық және басқа да су
жануарларын интродукциялауды,
реинтродукциялауды және
будандастыруды жүргізуге рұқсат
беру» мемлекеттік қызметін
көрсету қағидаларына
5-қосымша
Нысан
[Уәкілетті органның атауы]
[Уәкілетті органның
атауы]
Мемлекеттік қызметті көрсетуден уәжді бас тарту
Берілген күні: [Берілген күні]
[Қызмет алушының атауы]
Тіркеу орны: Облыс:
[Облыс] Аудан: [Аудан]
Қала/елді мекен: [Қала /елді мекен]
[жеке сәйкестендіру нөмірі/ бизнес сәйкестендіру нөмірі]
[БСН/ЖСН]
Мемлекеттік тіркеу күні [Күні]
Бас тарту себебі:
[Бас тарту себебі] [Қол қоюшының лауазымы]
[Қол қоюшының, аты, әкесінің аты (бар болса), тегі]
____________ ___________________________________ _______________________________
(лауазымы) ( аты, әкесінің аты (бар болса), тегі) (электрондық цифрлық қолтаңбасы)
20___ жылғы «____» _____