Об утверждении тарифов на сбор, транспортировку и захоронение твердых бытовых отходов по Енбекшиказахскому району Күшін жойған
Басқа 0
Еңбекшіқазақ ауданы бойынша қатты тұрмыстық қалдықтарды жинауға, тасымалдауға және көмуге арналған тарифтерді бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексінің 365-бабы 3-тармағының 3) тармақшасына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2021 жылғы 14 қыркүйектегі № 377 «Халық үшін қатты тұрмыстық қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифті есептеу әдістемесін бекіту туралы» бұйрығына сәйкес, Еңбекшіқазақ аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Еңбекшіқазақ ауданы бойынша қатты тұрмыстық қалдықтарды жинауға, тасымалдауға және көмуге арналған тарифтер осы шешімнің 1-қосымшасына сәйкес бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 3
Еңбекшіқазақ аудандық мәслихатының 2025 жылғы «25» қыркүйектегі
№ VIII-47-215 шешіміне
1-қосымша
Еңбекшіқазақ ауданы бойынша қатты тұрмыстық қалдықтарды жинауға, тасымалдауға және көмуге арналған тарифтер
№
Атауы
Есептік бірлік
ҚҚС-ты қоса алғандағы қызмет құны, теңге
1
Қатты тұрмыстық қалдықтарды жинауға, тасымалдауға және көмуге арналған тарифі
1.1
Жайлы тұрғын үйлер
тұрғын / ай
550,72
1.2
Жайсыз тұрғын үйлер
тұрғын / ай
550,72
2
Бірлікке (көлемге) жылдық тарифі
1 м³
3 478,24