Об утверждении Правил и размера оказания социальной поддержки по оплате коммунальных услуг и приобретению топлива за счет бюджетных средств специалистам государственных организаций здравоохранения, социального обеспечения, образования, культуры, спорта и ветеринарии, проживающим и работающим в сельских населенных пунктах Актогайского района Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 22.10.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Ақтоғай ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына бюджет қаражаты есебінен коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсету Қағидасы мен мөлшерін бекіту туралы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына, Қазақстан Республикасының «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Заңының 18-бабы 5-тармағына сәйкес, Ақтоғай аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Ақтоғай ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына бюджет қаражаты есебінен коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсету Қағидасы мен мөлшері осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.
Тармақ 2
2. Ақтоғай аудандық мәслихатының «Ақтоғай ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына бюджет қаражаты есебінен коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсетудің тәртібі мен мөлшерін бекіту туралы» 2022 жылғы 2 ақпандағы № 85/17 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26854 болып тіркелген) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 3
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 4. Ақтоғай ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына бюджет қаражаты есебінен коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсетудің Қағидасы мен мөлшері
Павлодар облысы Ақтоғай аудандық мәслихатының 2025 жылғы 22 қазандағы № 221/38 шешіміне қосымша Ақтоғай ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына бюджет қаражаты есебінен коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсетудің Қағидасы мен мөлшері
Тарау 1. 1 тарау. Жалпы ережелер
1 тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Қағида «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 18-бабы 5-тармағына сәйкес әзірленді және Ақтоғай ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына бюджет қаражаты есебiнен коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсету тәртібі мен мөлшерін айқындайды (бұдан әрі -мамандар).
Тармақ 2
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
Тармақша 1
1) ағымдағы шот-банк немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым банк шоты шартының негізінде ашатын банк шоты;
Тармақша 2
2) Коммуналдық қызметтер-тұрудың (болудың) қауіпсіз және жайлы жағдайларын қамтамасыз ету үшін тұтынушыға сумен жабдықтауды, су бұруды, газбен жабдықтауды, электрмен жабдықтауды, жылумен жабдықтауды, қоқысты жоюды, лифттерге қызмет көрсетуді қамтитын көрсетілетін қызметтер;
Тармақ 3
3. Әлеуметтік қолдауды тағайындауды уәкілетті орган – «Ақтоғай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі жүзеге асырылады (бұдан әрі - ММ).
Тарау 2. 2 тарау. Мамандарға бюджет қаражаты есебінен коммуналдық қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсету тәртібі мен мөлшері
2 тарау. Мамандарға бюджет қаражаты есебінен коммуналдық қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсету тәртібі мен мөлшері
Тармақ 4
4. Коммуналдық қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау бюджет қаражаты есебінен мамандардан өтініштер талап етілмей, мемлекеттік ұйымдардың бірінші басшылары бекіткен жиынтық тізімдер (бұдан әрі - тізім), екінші деңгейдегі банктер, қаржы нарығын және қаржы операцияларын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның банк операцияларының тиісті түрлеріне лицензиясы бар ұйымдар, «Қазпошта» акционерлік қоғамының аумақтық бөлімшелері арқылы мамандардың ағымдағы шоттарына аудару арқылы ақшалай нысанда.
Тармақ 5
5. Күнтізбелік жылда бір рет 2 (екі) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде мамандарға әлеуметтік қолдау көрсетіледі.
Тармақ 6
6. Әлеуметтік қолдау көрсетуге арналған шығыстарды қаржыландыру ағымдағы қаржы жылына арналған Ақтоғай ауданының бюджетінде көзделген қаражат шегінде жүзеге асырылады.
Тармақ 7
7. Коммуналдық қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу жөніндегі мамандарға әлеуметтік қолдау көрсету туралы шешім қабылдау мерзімі тізім түскен күннен бастап 8 (сегіз) жұмыс күнін құрайды.
Тармақ 8
8. ММ қызметкері денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария мемлекеттік ұйымдарының тізімдерін 8 (сегіз) жұмыс күні ішінде қарайды.
Тармақ 9
9. Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 73 және 74-баптарына сәйкес ұйымдардың бірінші басшылары ұсынған тізімдер сәйкес келмеген жағдайда, ММ алдын ала шешім туралы, әлеуметтік қолдау көрсетуден бас тарту туралы, сондай-ақ алдын ала шешім бойынша ұстанымын білдіру мүмкіндігі үшін тыңдауды өткізу уақыты мен орны (тәсілі) туралы ұйымдардың бірінші басшыларын хабардар етеді. Тізімдерді қарау нәтижелері бойынша ескертулер болмаған кезде ММ оң шешім қабылдайды және коммуналдық қызметтерге ақы төлеу және мамандардың ағымдағы шоттарына отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау төлемін көрсетеді.