Об утверждении Положения о республиканском государственном учреждении «Комитет телекоммуникаций Министерства искусственного интеллекта и цифрового развития Республики Казахстан» Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 22.10.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің Телекоммуникациялар комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы «Мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2025 жылғы 18 қыркүйектегі № 997 Жарлығын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 9 қазандағы № 846 қаулысына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған «Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің Телекоммуникациялар комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі туралы Ереже бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің Телекоммуникациялар комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрыққа қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оның көшірмесін қазақ және орыс тілдерінде ресми жариялау және Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгінiң «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
Тармақша 2
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму вице-министріне жүктелсiн.
Тармақ 5
5. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Басқа 1. «Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің Телекоммуникациялар комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі туралы Ереже
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрінің 2025 жылғы «__»________ №_____ бұйрығымен Бекітілген «Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің Телекоммуникациялар комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі туралы Ереже
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. «Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің Телекоммуникациялар комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Комитет) Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің (бұдан әрі – Министрлік) іске асырушылық және бақылау функцияларын жүзеге асыратын, сондай-ақ Министрліктің байланыс саласындағы реттеушілік және стратегиялық функцияларын орындауға қатысатын ведомствосы болып табылады.
Тармақ 2
2. Комитет өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
Тармақ 3
3. Комитет республикалық мемлекеттік мекеменің ұйымдастырушылық-құқықтық нысанындағы заңды тұлғасы болып табылады, оқшауланған мүлкі, мемлекеттік тілде өз атауы жазылған мөрі мен мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар.
Тармақ 4
4. Комитет өз атынан және Комитеттің аумақтық органдарының атынан азаматтық-құқықтық қатынастарға түседi.
Тармақ 5
5. Егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, Комитет мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
Тармақ 6
6. Комитет өз құзыретіндегі мәселелер бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Комитет төрағасының бұйрығымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
Тармақ 7
7. Комитеттің құрылымы мен штат саны Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес бекітіледі.
Тармақ 8
8. Комитеттің орналасқан жері: Қазақстан Республикасы 010000, Астана қаласы, Есіл ауданы, Мәңгілік Ел даңғылы, 55/5 ғимараты.
Тармақ 9
9. Комитеттің толық атауы – «Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің Телекоммуникациялар комитеті» республикалық мемлекеттiк мекемесi. Комитеттің қысқартылған атауы – «Телекоммуникациялар комитеті».
Тармақ 10
10. Осы Ереже Комитеттің құрылтай құжаты болып табылады.
Тармақ 11
11. Комитеттің қызметін қаржыландыру республикалық бюджеттен жүзеге асырылады.
Тармақ 12
12. Комитетке кәсiпкерлiк субъектiлерiмен Комитеттің өкілеттіктері болып табылатын мiндеттердi орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады. Егер Комитетке заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджетке жіберіледі.
Тарау 2. 2-тарау. Комитеттің міндеттері, құқықтары мен міндеттемелері, функциялары
2-тарау. Комитеттің міндеттері, құқықтары мен міндеттемелері, функциялары
Тармақ 13
13. Міндеттері:
Тармақша 1
1) байланыс қызметтері нарығының тиімді жұмыс істеуі үшін, оның ішінде телекоммуникация және пошта байланысы саласында байланыс саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру;
Тармақша 2
2) өз құзыреті шеңберінде байланыс, пошта саласындағы қызметті, сондай-ақ байланыс саласында қызмет көрсететін немесе оларды пайдаланатын адамдардың қызметін мемлекеттік реттеуді және бақылауды жүзеге асыру;
Тармақша 3
3) өз құзыреті шегінде пошта саласында стратегиялық, реттеушілік, іске асыру және бақылау функцияларын жүзеге асыру;
Тармақша 4
4) Қазақстан Республикасының Президенті айқындаған мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттарының және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі әзірлеген мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық саясатының, оның қорғаныс қабілетінің, қауіпсіздігінің, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етудің негізгі бағыттары негізінде және оларды орындау үшін почта байланысы саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру;
Тармақша 5
5) ұсыныстар әзірлеу және Қазақстан Республикасының байланысын дамыту мен жетілдірудің негізгі бағыттары мен басымдықтарын іске асыру;
Тармақша 6
6) өз құзыреті шеңберінде жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін, сондай-ақ мемлекеттің ұлттық мүдделерін қорғау;
Тармақша 7
7) байланыс саласындағы инфрақұрылымның дамуын жүзеге асыру.
Тармақ 14
14. Құқықтары мен міндеттемелері:
Тармақша 1
1) өз құзыреті шегінде бұйрықтар шығарады;
Тармақша 2
2) Министрліктің құрылымдық бөлімшелерінен, мемлекеттік органдардан, ұйымдардан, олардың лауазымды тұлғаларынан қажетті ақпараттар пен материалдарды сұратады және алады;
Тармақша 3
3) Қазақстан Республикасының байланыс саласындағы заңнамасын жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізеді;
Тармақша 4
4) Комитеттің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша мәжілістер, семинарлар, конференциялар, дөңгелек үстелдер, конкурстар және өзге де іс-шаралар өткізеді;
Тармақша 5
5) жетекшілік ететін қызмет бағыттары бойынша консультативтік-кеңесші органдар (жұмыс топтарын, комиссиялар, кеңестер) құру жөнінде ұсыныс енгізеді;
Тармақша 6
6) өз құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша сараптамаларға қатысу үшін тиісті мамандарды тартады;
Тармақша 7
7) Комитетке жүктелген міндеттер мен функцияларды іске асыруды қамтамасыз етеді;
Тармақша 8
8) Қазақстан Республикасының заңнамасын, жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңмен қорғалатын мүдделерін сақтайды;
Тармақша 9
9) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен және мерзімде жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қабылдайды және қарайды;
Тармақша 10
10) Комитеттің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша түсіндірмелер дайындайды;
Тармақша 11
11) Министрліктің құрылымдық бөлімшелері мен мемлекеттік органдарына бұл туралы ресми сауал жолданған жағдайда, өз құзыреті шегінде және заңнама шеңберінде қажетті материалдар мен анықтамаларды ұсынады;
Тармақша 12
12) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жағдайларды қоспағанда, өз өкілеттіктерін жүзеге асыру кезінде алынған коммерциялық, қызметтік, заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын ақпаратты жария етпейді;
Тармақша 13
13) Комитеттің теңгеріміндегі мемлекеттік меншіктің сақталуын қамтамасыз етеді;
Тармақша 14
14) орталықтандырылған бухгалтерлік есеп жүргізеді;
Тармақша 15
15) бухгалтерлік және қаржылық есептілікті жасайды және Министрлікке ұсынады;
Тармақша 16
16) Комитетке бөлінген бюджет қаражатының толық, уақтылы және тиімді пайдаланылуын қамтамасыз етеді;
Тармақша 17
17) «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес мемлекеттік сатып алу рәсімдерін жүргізеді;
Тармақша 18
18) Комитеттің құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының бюджеттік заңнамасына сәйкес байланыс бағдарламаларында көзделген ай сайынғы және тоқсан сайынғы жұмыстарды қабылдау үшін негіз болып табылатын сәйкестік актілерін, есептерді және өзге де құжаттарды қарау және оларға қол қою бойынша жұмыс жүргізеді;
Тармақша 19
19) Құқықтық қамтамасыз ету, қызметтің жекелеген түрлерін лицензиялау, Қазақстан Республикасының байланыс саласындағы заңнамасының сақталуын бақылау арқылы байланыс саласындағы қызметті мемлекеттік реттеу мен бақылауды жүргізеді. Байланыс саласындағы мемлекеттік басқаруды Қазақстан Республикасының Президенті, Қазақстан Республикасының Үкіметі және уәкілетті орган жүзеге асырады. Қазақстан Республикасының байланыс саласындағы заңнамасының сақталуына мемлекеттік бақылауды уәкілетті орган және оның аумақтық бөлімшелері жүзеге асырады.
Тармақша 20
20) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында қарастырылған өзге де құқықтарды жүзеге асырады.
Тармақ 15
15. Функциялары:
Тармақша 1
1) байланыс саласындағы ұлттық ресурстарды бөліп беруді және пайдалануды, сондай-ақ байланыс аясындағы техникалық реттеу, өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы және стандарттау саласындағы өз құзыреті шегінде қатысуды қоса алғанда, байланыс саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру және оның іске асырылуын қамтамасыз ету;
Тармақша 2
2) өз құзыреті шегінде байланыс саласындағы қызметті мемлекеттік реттеу мен бақылауды жүзеге асыру;
Тармақша 3
3) ұсыныстар әзірлеуді ұйымдастыру және Қазақстан Республикасының байланысын дамыту мен жетілдірудің, оның сапасын, қолжетімділігін және жұмыс істеуінің орнықтылығын арттырудың негізгі бағыттары мен басымдықтарын іске асыру;
Тармақша 4
4) байланыс қызметтері нарығының жұмыс істеуі үшін өз құзыреті шегінде жағдайлар жасау;
Тармақша 5
5) байланыс қызметтері сапасының техникалық өлшемдерін өлшеу әдістемелерін әзірлеу;
Тармақша 6
6) байланыс саласындағы ұлттық ресурстарды басқару;
Тармақша 7
7) өз құзыретi шегiнде Қазақстан Республикасының байланыс саласындағы нормативтiк құқықтық актiлерін, оның iшiнде радиоэлектрондық құралдарды, жоғары жиiлiктi құрылғыларды пайдалану, сондай-ақ оларды Қазақстан Республикасының аумағына әкелу қағидаларын және байланыс қызметтерiн көрсету қағидаларын әзiрлеу;
Тармақша 8
8) радиобақылауды жүзеге асыру және байланыс саласындағы қызметтi жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалардың радиожиiлiк спектрiн пайдалануына және байланыс операторларының байланыс саласында қызмет көрсетуді жүзеге асыратын субъектілерге қойылатын біліктілік талаптарын және байланыс қызметтерін көрсету қағидаларын сақтауына тексеру жүргiзу;
Тармақша 9
9) азаматтық пайдаланушыларға жиіліктер белдеуін, радиожиілікті (радиожиілік арнасын) бөлу, иелікке беру (тағайындау), шақыру сигналын иелікке беруді қоса алғанда, кеме станциясына рұқсаттар беру;
Тармақша 10
10) ұялы байланыс желілерінде абоненттік нөмірді көшіру қағидаларын және ұялы байланыс желілерінде абоненттік нөмірді көшіру қызметтерін енгізу күнін әзірлеу;
Тармақша 11
11) кәбілдік кәрізді пайдалануға беру қағидаларын әзірлеу;
Тармақша 12
12) байланыс операторлары көрсететін байланыс қызметтерінің сапасын бақылауды жүзеге асыру;
Тармақша 13
13) ұялы байланыстың абоненттік құрылғыларын тіркеу қағидаларын әзірлеу;
Тармақша 14
14) байланыс операторларының абоненттер туралы қызметтік ақпаратты жинау мен сақтауды жүзеге асыру қағидаларын әзірлеу;
Тармақша 15
15) байланыс саласындағы қызметтi лицензиялау;
Тармақша 16
16) пошта төлемінің мемлекеттік белгілерін және филателиялық өнімді шығару түрлері мен көлемін әзірлеу;
Тармақша 17
17) пошта төлемінің мемлекеттік белгілерін және филателиялық өнімді шығару, өткізу қағидаларын әзірлеу;
Тармақша 18
18) пошта төлемiнiң мемлекеттiк белгілерiн айналымға енгізуді жүзеге асыру;
Тармақша 19
19) филателиялық өнім ретінде пайдалану мақсатында пошта төлемінің мемлекеттік белгісін пошта айналымынан алуды жүзеге асыру;
Тармақша 20
20) пошта төлемi белгiлерiнiң мемлекеттiк коллекциясын қалыптастыру;
Тармақша 21
21) арнаулы мақсаттағы телекоммуникация желілерінің объектілерін қоспағанда, байланыс саласындағы қызметті жүзеге асыратын және радиожиілік спектрін пайдаланатын шаруашылық жүргізуші субъектілердің байланыс объектілеріне белгіленген тәртіппен тексерулер жүргізу үшін қызметтік куәлікті не сәйкестендіру картасын көрсету арқылы кіру;
Тармақша 22
22) радиоэлектрондық құралдарды және (немесе) жоғары жиілікті құрылғыларды пайдаланудың басталғаны туралы хабарлама болмаған және (немесе) техникалық сипаттамалары белгіленген нормаларға сәйкес келмеген жағдайда азаматтық мақсаттағы радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиілікті құрылғыларды өшіру;
Тармақша 23
23) Қазақстан Республикасының байланыс саласындағы заңнамасы талаптарының бұзылғаны анықталған кезде нұсқамалар жіберу;
Тармақша 24
24) байланыс саласындағы қатынастарды реттеу мәселелері бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау;
Тармақша 25
25) байланыс саласындағы ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған талаптарды белгілейтін нормативтік құқықтық актілерді ұлттық қауіпсіздік органдарымен келісу, сондай-ақ ұлттық қауіпсіздік органдарымен бірлесіп байланыс операторларының байланыс саласындағы ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері жөніндегі қызметін үйлестіруді жүзеге асыру;
Тармақша 26
26) ұлттық ресурстардың және байланыс операторларының тізілімін жүргізу;
Тармақша 27
27) байланыс желілерін салу, пайдалану және дамыту мәселелері жөнінде шешімдер қабылдау кезінде жеке және заңды тұлғалардың ұлттық қауіпсіздікті сақтау талаптарын әзірлеу;
Тармақша 28
28) Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетімен келісу бойынша деректерді беру желілерінің статикалық мекенжайларының тізілімін қалыптастыру және жүргізу қағидаларын әзірлеу;
Тармақша 29
29) телекоммуникация желілерін ортақ пайдаланылатын телекоммуникация желісіне қосу және Қазақстан Республикасының ортақ пайдаланылатын телекоммуникация желісі бойынша трафикті өткізуді реттеу қағидаларын әзірлеу;
Тармақша 30
30) байланыс саласындағы техникалық регламенттер мен ұлттық стандарттарды әзірлеуге қатысу;
Тармақша 31
31) телекоммуникациялар және пошта байланысының әмбебап көрсетілетін қызметтері саласындағы табиғи монополиялар салаларында реттеу мен бақылауды жүзеге асыру;
Тармақша 32
32) телекоммуникациялар және пошта байланысы саласындағы нарық субъектілерінің тауарларына (жұмыстарына, көрсетілетін қызметтеріне) және инфрақұрылымына кемсітусіз қол жеткізуді қамтамасыз ету мақсатында тауар нарықтарына талдау жүргізу;
Тармақша 33
33) өтініш берушінің байланыс саласында қызметтер көрсету жөніндегі жұмысты жүзеге асыруға сәйкестігін растайтын біліктілік талаптарын және құжаттар тізбесін әзірлеу;
Тармақша 34
34) импорттан өзгеше жағдайларда, азаматтық мақсаттағы, оның ішінде басқа тауарлардың құрамына кіріктірілген не кіретін радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиілікті құрылғыларды Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге қорытындылар беру;
Тармақша 35
35) қалааралық және (немесе) халықаралық байланыс операторы телекоммуникацияларының желілеріне қойылатын талаптарды әзірлеу;
Тармақша 36
36) Қазақстан Республикасының радио қызметтері арасында барлық мақсаттағы радиоэлектрондық құралдарға арналған 3 кГц-тен 400 ГГц-ке дейінгі жиіліктер ауқымында жиіліктер белдеуін бөлу кестесін әзірлеу;
Тармақша 37
37) күзетілетiн аймақтарды белгiлеу тәртiбі мен олардағы жұмыс режимiн қоса алғанда, Қазақстан Республикасындағы телекоммуникация желiлерiн күзету қағидаларын әзірлеу;
Тармақша 38
38) жиiлiктер белдеулерiн, радиожиiлiктердi (радиожиiлiк арналарын) иелiкке беру, радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиілікті құрылғыларды пайдалану, сондай-ақ азаматтық мақсаттағы радиоэлектрондық құралдардың электромагниттiк үйлесiмдiлiгiн есептеудi жүргiзу қағидаларын әзірлеу;
Тармақша 39
39) трафиктi өткiзу және өзара есеп айырысу тәртiбiн қоса алғанда, телекоммуникация желiлерiнің қосылу және өзара іс-қимыл жасау қағидаларын әзірлеу;
Тармақша 40
40) радиоәуесқойлық қызметтердің радиоэлектрондық құралдарын пайдалану қағидаларын әзірлеу;
Тармақша 41
41) байланыс саласындағы техникалық регламенттерді әзірлеу;
Тармақша 42
42) өз құзыреті шегінде табиғи монополиялар саласындағы және реттелетін нарықтардағы телекоммуникациялар мен пошта байланысының әмбебап көрсетілетін қызметтері аясындағы реттеу мен бақылау саласындағы нормативтік-құқықтық актілерді, оның ішінде табиғи монополиялар субъектілерінің кірістерді, шығындарды және қолданысқа енгізілген активтерді бөлек есепке алуды жүргізуі қағидаларын, қолданысқа енгізілген активтердің реттелетін базасына келетін пайда мөлшерлемесін есептеу жөніндегі нұсқаулықтарды әзірлеу;
Тармақша 43
43) «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 3-бабы 2-тармағының 7) тармақшасында көзделген ерекшеліктер ескеріле отырып, «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген рұқсаттарды беру;
Тармақша 44
44) құзыреті шегінде стандарттау жөніндегі құжаттардың жобаларын қарау, сондай-ақ стандарттау саласындағы уәкілетті органға енгізу үшін ұлттық, мемлекетаралық стандарттарды, ұлттық техникалық-экономикалық ақпарат сыныптауыштарын және стандарттау жөніндегі ұсынымдарды әзірлеу, өзгерістер енгізу, қайта қарау және күшін жою жөнінде ұсыныстар дайындауға қатысу;
Тармақша 45
45) конкурс (немесе аукцион) өткізу арқылы бөлу үшін ұсынылған диапазондарда Қазақстан Республикасында жиілік белдеулерін, радиожиіліктерді (радиожиілік арналарын) бөлу жөніндегі конкурстар (немесе аукциондар) ұйымдастыруға және өткізуге қатысу, конкурстардың (немесе аукциондардың) шарттарын, оларға қатысушыларға қойылатын талаптарды айқындау;
Тармақша 46
46) Қазақстан Республикасының байланыс саласындағы заңдары талаптарының орындалуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;
Тармақша 47
47) электрондық құралдар мен жоғары жиілікті құрылғылардың электромагниттік үйлесімділігін қамтамасыз ету жөніндегі ұйымдастыру-техникалық іс-шаралардың орындалуын бақылау;
Тармақша 48
48) байланыс операторларының байланыс саласында қызметтер көрсетуді жүзеге асыратын субъектілерге қойылатын бiлiктiлiк талаптарын, байланыс қызметтерін көрсету қағидаларын, пошта байланысы қызметтерін көрсету қағидаларын және Қазақстан Республикасының аумағындағы пошта жөнелтiлiмдеріне пошта штемпелiн қолдану қағидаларын сақтауын бақылауды жүзеге асыру;
Тармақша 49
49) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес телекоммуникациялар желiлерi мен құрылғылары құрылыстарының және пошта байланысының техникалық нормалар мен оларды техникалық пайдалануды ұйымдастыру жөнiндегi талаптарға сәйкестiгiн тексеру;
Тармақша 50
50) Қазақстан Республикасының байланыс саласындағы заңнамасын бұза отырып, жұмыс істеп тұрған радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиiлiктi құрылғыларды анықтау және оларды пайдаланудың жолын кесу;
Тармақша 51
51) Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетімен, Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігімен және Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігімен келісу бойынша заңсыз пайдаланылатын радиоэлектрондық құралдардың, оның ішінде байланыс сигналдарын күшейткіштердің, жоғары жиілікті құрылғылардың, радиосигналды бұғаттауға арналған арнаулы техникалық жабдықтың жұмысын анықтау және оның жолын кесу қағидаларын әзірлеу;
Тармақша 52
52) пошта желiсi объектiлерiн пайдалануды ұйымдастыру және байланыс қызметiн пайдаланушыларға қызмет көрсету жөнiндегi нормативтiк құқықтық актiлердiң талаптарын сақтауды қамтамасыз ету;
Тармақша 53
53) радиоәуесқойлық қызметтердің радиоэлектрондық құралдары мен жоғары жиілікті құрылғыларын қоса алғанда, радиоэлектрондық құралдарды және (немесе) жоғары жиілікті құрылғыларды пайдаланудың басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарламаларды қабылдау;
Тармақша 54
54) Комитет құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының заңдары мен өзге де нормативтік құқықтық актілерінің сақталуын қамтамасыз ету;
Тармақша 55
55) радиожиілік спектрін бөліп беру және пайдалану мәселелері, радиоэлектрондық құралдар мен жоғарғы жиiлiктi құрылғыларды пайдалану жөнiндегi нормативтiк құқықтық актiлердi өз құзыреті шегінде әзірлеу;
Тармақша 56
56) радиожиілік спектрінің конверсиясын жүргізу қағидалары мен радиожиілік спектрінің конверсиясын жүргізуге жұмсалатын шығындардың техникалық-экономикалық негіздемесінің әдістемесін әзірлеу;
Тармақша 57
57) бөлектелетін жиіліктер белдеулерін, радиожиіліктерді (радиожиілік арналарын) техникалық сараптау жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру;
Тармақша 58
58) Қазақстан Республикасының аумағында азаматтық мақсаттағы радиоэлектрондық құралдар және (немесе) жоғары жиiлiктi құрылғылар үшін радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсаттар беру;
Тармақша 59
59) радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиілікті құрылғылар белгіленген стандарттау жөніндегі құжаттар мен техникалық нормаларға сәйкес келмеген, азаматтардың қауіпсіздігіне, қоршаған ортаға қатер төндірген жағдайларда, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес аса маңызды жұмыстар мен іс-шаралар орындалған кезде, оларды пайдалануды тоқтата тұру;
Тармақша 60
60) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпке сәйкес радиобақылауды жүзеге асыру;
Тармақша 61
61) радиоэлектрондық құралдарға, оның ішінде халықаралық ұйымдар мен шет мемлекеттердің халықаралық шарттарға сәйкес жұмыс істейтін радиоэлектрондық құралдарына радиобөгеуілдерді жою жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру;
Тармақша 62
62) жиіліктер белдеулерін, радиожиіліктерді (радиожиілік арналарын) иелікке беруді жүзеге асыру және Халықаралық электр байланысы одағының Радиобайланыс регламентіне сәйкес радиожиіліктерді халықаралық үйлестіру жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыру;
Тармақша 63
63) Халықаралық электр байланысы одағының радиобайланыс регламентіне сәйкес радиожиілік спектрін перспективалы пайдалану жоспарын әзірлеу;
Тармақша 64
64) азаматтық мақсаттағы иелікке берілген радиожиiлiктер белдеулерiнің электрондық дерекқорын жүргізу;
Тармақша 65
65) Қазақстан Республикасындағы электромагниттік жағдайды көрсететін радиожиілік спектрінің республикалық дерекқорын жүргізу;
Тармақша 66
66) азаматтық мақсаттағы радиожиiлiк спектрі, радиоэлектрондық құралдар және (немесе) жоғары жиілікті құрылғылар мониторингін жүзеге асыру;
Тармақша 67
67) мемлекеттік монополия субъектісі өндіретін және (немесе) өткізетін тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) бағаларын монополияға қарсы органмен келісу бойынша белгілеу;
Тармақша 68
68) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лицензиялануға жататын қызметтiң жекелеген түрлерiн лицензиялауды жүзеге асыру;
Тармақша 69
69) ауылдық елді мекендерде көрсетілетін, субсидияланатын байланыстың әмбебап көрсетілетін қызметтеріне бағалардың шекті деңгейін реттеу қағидаларын әзірлеу;
Тармақша 70
70) ауылдық елді мекендерде көрсетілетін, субсидияланатын байланыстың әмбебап қызметтеріне бағалардың шекті деңгейін реттеу;
Тармақша 71
71) цифрлық технологияларды енгізу мақсатында ауыл шаруашылығындағы және өнеркәсіп объектілеріндегі байланыстың көрсетілетін қызметтерін субсидиялау қағидаларын әзірлеу;
Тармақша 72
72) Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен Қазақстан Республикасының уәкілетті мемлекеттік органдарының, Мемлекеттік күзет қызметінің (президенттік байланыс қажеттіліктерін қоспағанда), әскери басқару, ұлттық қауіпсіздік және ішкі істер органдарының, сондай-ақ "электрондық үкімет" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымы операторының мұқтаждықтары үшін техникалық құралдарды орналастыруға қажетті байланыс желілері мен арналарын, кәбілдік кәріздердегі арналар мен алаңдарды беру бағаларын (тарифтерін) реттеу;
Тармақша 73
73) байланыс құралдарын, сондай-ақ талшықты-оптикалық байланыс желілерін тарту үшін электр берудің әуе желілерінің тіреуіштерін орналастыру үшін орындарды мүліктік жалдауға (жалға беруге) арналған шекті тарифтерді әзірлеу;
Тармақша 74
74) байланыс операторларының Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан жеріне қарамастан, хабарламалар мен ақпаратты берудің немесе қабылдаудың технологиялық процестерінде байланыс саласындағы қызметті жүзеге асыру кезінде бірыңғай есепке алу-есептік уақытты белгілеу;
Тармақша 75
75) радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсатты ресімдеу және беру қағидаларын әзірлеу;
Тармақша 76
76) нөмірлеу ресурсын бөлу және нөмірлерді бөлу, сондай-ақ оларды алып қою қағидаларын әзірлеу;
Тармақша 77
77) байланыс операторларының "112" бірыңғай кезекші-диспетчерлік қызметіне Әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар қатері төнген немесе туындаған және қауіп-қатері жойылған, төтенше жағдай енгізілген кезде қорғаныс, қауіпсіздік және құқықтық тәртіп мүдделері үшін қоңырау шалушы абоненттің орналасқан жерін айқындау және халықтың ұялы байланысының абоненттік құрылғыларына қысқа мәтіндік хабарламалар жіберу жөніндегі қызметтерді өтеусіз негізде ұсыну қағидаларын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 78
78) Қазақстан Республикасының аумағында қызметін жүзеге асыратын байланыс операторларының және (немесе) байланыс желілерін иеленушілердің дүлей зілзалалардан (жер сiлкiнiсi, сел, көшкiн, су тасқыны және басқалар), дағдарысты экологиялық жағдайлардан, табиғи өрттерден, эпидемиялардан болған әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың туындау қатері төнген және туындаған кезде біріктірілген деректерді беру қағидаларын Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетімен келісу бойынша әзірлеу;
Тармақша 79
79) әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдай қатері төнген немесе туындаған, сондай-ақ төтенше жағдай енгізілген кезде Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тізбе бойынша үкiметтiк байланысты, шұғыл қызметтердің байланыс желілері мен құралдарын қоспағанда, байланыс желiлерi мен құралдарын басымдықпен пайдалануға, сондай-ақ олардың қызметiн тоқтата тұруға құқығы бар мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасай отырып, байланыс желілерін басқару;
Тармақша 80
80) ұялы байланыстың абоненттік құрылғылары арқылы табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туралы халықты орталықтандырылған шұғыл хабардар етуді қамтамасыз ету;
Тармақша 81
81) телекоммуникация желілері мен құралдарының зақымдануынан болған залалдарды айқындау қағидаларын әзірлеу;
Тармақша 82
82) телекоммуникация желілері мен құралдарының техникалық үйлесімділігін қамтамасыз ететін нормаларды, байланыс қызметтерінің сапа көрсеткіштерін, тарифтеу бірліктері мөлшерлерін әзірлеу;
Тармақша 83
83) пошта байланысының әмбебап көрсетілетін қызметтерінің сапа көрсеткіштерін әзірлеу;
Тармақша 84
84) бөгеуілдердің көздері мен сипатын, олардың туындау себептерін анықтау жөніндегі жұмысты ұйымдастыру және оларды жою жөнінде шаралар қабылдау;
Тармақша 85
85) Комитет құзыреті шегінде реттеушілік, іске асырушылық бақылау-қадағалау функцияларын және Министрліктің стратегиялық функцияларын орындауға қатысу;
Тармақша 86
86) Комитет құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының атынан жасалатын Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары бойынша міндеттемелерді орындауға қатысу;
Тармақша 87
87) нөмірлеудің бөлінген және резервтік ресурстарының тізілімін жүргізу;
Тармақша 88
88) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес соттарға талап-арыздар беру;
Тармақша 89
89) азаматтық мақсаттағы, оның ішінде басқа тауарлардың құрамына кіріктірілген не кіретін радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиілікті құрылғылардың импортына лицензиялар беру;
Тармақша 90
90) біліктілік талаптары мен оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесін бекіту туралы нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу, рұқсаттар және хабарламалар саласындағы уәкілетті органмен келісу;
Тармақша 91
91) мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу;
Тармақша 92
92) кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті органмен бірлесіп, Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес байланыс саласындағы тексеру парақтарын әзірлеу;
Тармақша 93
93) жергілікті атқарушы органдардың ұялы немесе спутниктік байланыс операторларының ұялы немесе спутниктік байланыс жабдығына арналған антенна-діңгекті құрылыстарды және (немесе) тіреуіштерді салуы үшін электрмен жабдықтау жүргізілген орын ұсынуды келіседі;
Тармақша 94
94) бірлесіп пайдалану тіреуіштеріне телекоммуникация құралдарын орналастыру тәртібін әзірлеу;
Тармақша 95
95) реттеліп көрсетілетін қызметтердің тізбесін әзірлеу;
Тармақша 96
96) тарифтерді қалыптастыру қағидаларын әзірлеу;
Тармақша 97
97) табиғи монополиялар субъектілерінің қызметін жүзеге асыру қағидаларын әзірлеу;
Тармақша 98
98) реттеліп көрсетілетін қызметтерді берудің үлгілік шарттарын әзірлеу;
Тармақша 99
99) байланыс қызметтері саласындағы табиғи монополиялар салаларындағы қызметті жүзеге асыратын субъектілерді табиғи монополиялар субъектілерінің мемлекеттік тіркеліміне енгізу не одан шығару қажеттігі туралы қорытынды қалыптастыру;
Тармақша 100
100) пошта төлемінің мемлекеттік белгілерін қоспағанда, пошта операторының пошта төлемі белгілерін келісу, пошта операторының пошта төлемі белгілерін пайдалану тәртібін және оларға қойылатын талаптарды әзірлеу;
Тармақша 101
101) пошта жөнелтiлімдерiн iшкi су көлігімен тасымалдау тәртібін әзірлеу;
Тармақша 102
102) пошта жөнелтілімдерін (пошта карточкасынан басқа) растаушы құжаттарды ұсыну арқылы беру кезінде жөнелтушінің олардың құнын жариялау тәртібін айқындау;
Тармақша 103
103) Қазақстан Республикасының пошта байланысының көрсетілетін қызметтерін ұсыну жөніндегі заңнамасының сақталуын бақылауды жүзеге асыру;
Тармақша 104
104) Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы кодексінде белгіленген тәртіппен байланыс саласында әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы хаттамалар толтыру, iстерді қарау және әкімшілік жаза қолдану;
Тармақша 105
105) Комитеттің құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының байланыс әкімшілігі ретінде халықаралық одақтар мен байланыс ұйымдарында Қазақстан Республикасының мүдделерін білдіру және қорғау;
Тармақша 106
106) Қазақстан Республикасының пошта әкімшілігі сияқты Комитеттің құзыреті шегінде басқа мемлекеттердің пошта әкімшіліктерімен және халықаралық ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау кезінде Қазақстан Республикасының пошта байланысы саласындағы мүдделерін білдіру және қорғау;
Тармақша 107
107) Комитеттің құзыреті шегінде Халықаралық Электр байланысы одағы (ХЭО), Байланыс саласындағы аймақтық достастығы (БАД), телекоммуникациялар және пошта байланысы мәселелері бойынша Дүниежүзілік пошта одағы (ДПО) ретінде халықаралық ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау;
Тармақша 108
108) телекоммуникация желілерінде Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтау мәселелері бойынша Мемлекеттік органдардың өзара іс-қимыл қағидаларын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 109
109) пошта байланысының қызметтерін ұсыну қағидаларын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 110
110) пошта төлемінің мемлекеттік белгілеріне қойылатын талаптарды Дүниежүзілік пошта одағының актілеріне сәйкес айқындауды қамтамасыз ету;
Тармақша 111
111) Қазақстан Республикасында пошта индекстерін беру жөніндегі қағидаларды әзірлеу және бекіту;
Тармақша 112
112) ұлттық қауіпсіздік органдарымен келісу бойынша жедел-іздестіру, қарсы барлау іс-шараларын жүргізу мақсатында пошта байланысы желілері мен құралдарына қойылатын талаптарды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының пошта желілерінде жедел-іздестіру, қарсы барлау іс-шараларын жүргізудің аппараттық-бағдарламалық және техникалық құралдарын енгізу және пайдалану кезіндегі өзара іс-қимыл жасау қағидаларын әзірлеу;
Тармақша 113
113) Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті айқындаған байланыс желілері мен құралдарына қойылатын талаптарды және жедел-іздестіру, қарсы барлау іс-шараларын техникалық тұрғыдан жүргізу үшін байланыс операторларының және (немесе) байланыс желілері иелерінің өздерінің телекоммуникациялық жабдығының функцияларын өз қаражаты немесе тартылған қаражат есебінен қамтамасыз ету тәртібін келісу;
Тармақша 114
114) операторды тағайындау және тағайындалған оператордың өкілеттіктерін кері қайтарып алу қағидаларын әзірлеу;
Тармақша 115
115) тағайындалған пошта операторын тағайындауды қамтамасыз ету, сондай-ақ тағайындалған оператор Дүниежүзілік пошта одағының актілерінен туындайтын міндеттемелерді орындамаған кезде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен пошта операторынан тағайындалған оператордың өкілеттігін кері қайтарып алу;
Тармақша 116
116) пошта операторларының қызметтер көрсетуіне қажетті және жеткілікті, пошта операторының көрсетілетін қызметтерін пайдаланушылардың дербес деректерінің бірыңғай тізбесін әзірлеу;
Тармақша 117
117) Ұлттық пошта операторының ұсынысы бойынша Қазақстан Республикасының аумағында пошта байланысының өндіріс объектілеріне пошта индекстерін беру;
Тармақша 118
118) Ұлттық пошта операторын айқындауды қамтамасыз ету;
Тармақша 119
119) Ұлттық пошта операторының пошта байланысының көрсетілетін қызметтерін жүзеге асыруы кезінде оның Қазақстан Республикасының қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасын сақтауын бақылауды жүзеге асыру;
Тармақша 120
120) байланыс саласындағы жаңа технологиялар мен инфрақұрылымды дамытуға бағытталған байланыс саласындағы жобаларды іске асыруға қатысу;
Тармақша 121
121) Қазақстан Республикасының аумағында байланыс инфрақұрылымының қолжетімділігін ұйымдастыру;
Тармақша 122
122) байланыс саласындағы статистикалық көрсеткіштердің мониторингі;
Тармақша 123
123) мемлекеттік органдардың бірыңғай көліктік ортасына қосу және мемлекеттік органдардың және жергілікті атқарушы органдардың интранет ресурсына мемлекеттік органдардың бірыңғай көліктік ортасы арқылы қол жеткізуге рұқсат беру ережесін анықтау;
Тармақша 124
124) байланыс операторларының мемлекеттік органдардың бірыңғай көліктік ортасына кірмейтін және мемлекеттік органдарға байланыс қызметтерін көрсету кезінде радиоэлектрондық құралдарды пайдаланып, ақпарат беруді жүзеге асыратын байланыс желілері мен арналарында ақпаратты қорғау құралдарын қолдануды өтеусіз негізде қамтамасыз ету тәртібін айқындау;
Тармақша 125
125) мемлекеттік органдардың бірыңғай көліктік ортасын жергілікті (интернетке қолжетімділігі бар жергілікті желілерді қоспағанда), ведомстволық және корпоративтік желілердің өзара іс-қимыл жасауы үшін пайдаланатын мемлекеттік органдарды, олардың ведомстволық бағынысты ұйымдарын және жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарын, сондай-ақ өзге де ақпараттандыру субъектілерін айқындау;
Тармақша 126
126) Комитет құзыреті шегінде байланыс саласында, оның ішінде телекоммуникациялар және пошта байланысы саласында мемлекеттік саясатты іске асыруға қатысу;
Тармақша 127
127) өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасында пошта қызметін жетілдіруге және дамытуға бағытталған пошта саласындағы нормативтік құқықтық актілерді бекіту және олардың іске асырылуын ұйымдастыру;
Тармақша 128
128) телекоммуникация желілерінде Қазақстан Республикасының балаларды денсаулығы мен дамуына зардабын тигізетін ақпараттан қорғау туралы заңнамасының сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;
Тармақша 129
129) деректерді өңдеу орталықтарының халықаралық немесе ұлттық техникалық аудиттен өту қағидаларын Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетімен келісу бойынша әзірлеу;
Тармақша 130
130) деректерді өңдеу орталығының қызметін ұйымдастыру қағидаларын Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетімен келісу бойынша әзірлеу;
Тармақша 131
131) әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифтерінің көтерілуіне өтемақы төлеудің қағидаларын әзірлеу;
Тармақша 132
132) ұлттық қауіпсіздік органдарымен келісу бойынша геостационарлық емес спутниктерді қолдана отырып, байланыс желілерін пайдалану тәртібін әзірлеу;
Тармақша 133
133) субсидиялау мөлшерін есептеуді және Министрліктің байланыс операторларына әмбебап қызметтер көрсету жөніндегі міндеттерді жүктеуі тәртібін қоса алғанда, әмбебап қызмет көрсету операторларын айқындау жөніндегі конкурсты өткізу қағидаларын, байланыс операторларына қойылатын байланыстың әмбебап қызметтерін көрсету жөніндегі талаптарды және байланыстың әмбебап көрсетілетін қызметтерінің тізбесін әзірлеу;
Тармақша 134
134) Комитеттің құзыреті шегінде байланыс саласындағы халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру;
Тармақша 135
135) өз құзыреті шегінде байланыс саласындағы нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу және келісу;
Тармақша 136
136) Комитетте мемлекеттік құпиялардың және таратылуы шектелген қызметтік ақпараттың қорғалуын қамтамасыз ету;
Тармақша 137
137) радиожиілік спектрін қайта бөліп беру (пайдалануды қайта орналастыру) қағидаларын әзірлеу;
Тармақша 138
138) кеден ісі саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша GSM-шлюздерді (сим-бокстарды) әкелу, тіркеу, өткізу және қолдану қағидаларын әзірлеу;
Тармақша 139
139) GSM-шлюздердің (сим-бокстардың) артық мөлшері туындаған жағдайда байланыс операторларының оларды қайта тіркеу немесе байланыс саласында көрсетілетін қызметтерді ұсынуға арналған лицензиясы бар басқа байланыс операторларына өткізу тәртібін айқындау;
Тармақша 140
140) Қазақстан Республикасының аумағында пошта саласындағы қызметті реттеуді жүзеге асыру;
Тармақша 141
141) ұялы байланыс абоненттік құрылғысы арқылы электрондық нысанда мемлекеттік және өзге де көрсетілетін қызметтерді алу үшін ұялы байланыс операторы беретін абоненттің абоненттік нөмірін тіркеу және оны «электрондық үкіметтің» веб-порталының есептік жазбасына қосу қағидаларын әзірлеу;
Тармақша 142
142) ұялы байланыс абоненттік құрылғысы арқылы алынған, электрондық нысандағы мемлекеттік және өзге де қызметтер көрсету нәтижелерінің міндетті деректемелерін, сондай-ақ олардың анықтығын тексеру тәртібін әзірлеу;
Тармақша 143
143) радиожиiлiк спектрiн пайдалана отырып, байланыс саласындағы қызметтердi көрсету жөнiндегi кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асырғаны үшiн біржолғы төлемақы мөлшерлерiн айқындау қағидаларын әзірлеу;
Тармақша 144
144) байланыс саласындағы мемлекеттік монополия субъектілері өндіретін және өткізетін көрсетілетін қызметтерге бағаларды реттеу;
Тармақша 145
145) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.
Тарау 3. 3-тарау. Төрағаның қызметін ұйымдастыру кезіндегі оның мәртебесі мен өкілеттіктері
3-тарау. Төрағаның қызметін ұйымдастыру кезіндегі оның мәртебесі мен өкілеттіктері
Тармақ 16
16. Комитет басшылығын Комитетке жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз өкілеттіктерін жүзеге асыруға дербес жауапты болатын төраға жүзеге асырады.
Тармақ 17
17. Комитет төрағасы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалады және лауазымнан босатылады.
Тармақ 18
18. Комитет төрағасының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалатын және лауазымнан босатылатын орынбасарлары болады.
Тармақ 19
19. Комитет төрағасының өкілеттіліктері:
Тармақша 1
1) Комитеттің құрылымдық бөлімшелері туралы ережелерді, Комитеттің құрылымдық бөлімшелері қызметкерлерінің лауазымдық нұсқаулықтарын бекітеді;
Тармақша 2
2) өз құзыреті шегінде бұйрықтар шығарады;
Тармақша 3
3) мемлекеттік органдарда және өзге де ұйымдарда Комитет атынан өкілдік етеді;
Тармақша 4
4) еңбек қатынастары мәселелері жоғары тұрған мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалардың құзыретіне жатқызылған қызметкерлерден басқа, Комитет қызметкерлерін лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады;
Тармақша 5
5) Комитет қызметкерлерін іссапарға жіберу, оларға еңбек демалысын беру, материалдық көмек көрсету, ынталандыру, үстемеақылар төлеу және сыйлықақы беру мәселелерін шешеді;
Тармақша 6
6) еңбек қатынастары мәселелері жоғары тұрған мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалардың құзыретіне жатқызылған қызметкерлерді қоспағандаолардың тәртіптік жауапкершілігі мәселелерін шешеді;
Тармақша 7
7) Комитетте сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жасауға бағытталған шаралар қабылдайды және бұл үшін дербес жауапты болады;
Тармақша 8
8) өз құзыретіне жататын өзге де мәселелер бойынша шешімдер қабылдайды. Комитет төрағасы болмаған кезеңде, оның өкілеттіктерін орындауды қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.
Тармақ 20
20. Төраға өз орынбасарларының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгілейді.
Тарау 4. 4-тарау. Комитеттің мүлкі
4-тарау. Комитеттің мүлкі
Тармақ 21
21. Комитеттің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін. Комитеттің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
Тармақ 22
22. Комитетке бекітілген мүлік республикалық меншікке жатады.
Тармақ 23
23. Егер заңнамада өзгеше белгіленбесе, Комитеттің өзіне бекітілген мүлікті және оған қаржыландыру жоспары бойынша берілген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетінше иеліктен шығаруға немесе оған өзге тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
Тарау 5. 5-тарау. Комитетті қайта ұйымдастыру және тарату
5-тарау. Комитетті қайта ұйымдастыру және тарату
Тармақ 24
24. Комитетті қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады. Комитеттің қарамағындағы аумақтық бөлімшелердің тізбесі:
Тармақша 1
1) «Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі Телекоммуникациялар комитетінің Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстары бойынша өңіраралық байланыс инспекциясы» республикалық мемлекеттік мекемесі;
Тармақша 2
2) «Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі Телекоммуникациялар комитетінің Шығыс Қазақстан, Павлодар және Абай облыстары бойынша өңіраралық байланыс инспекциясы» республикалық мемлекеттік мекемесі;
Тармақша 3
3) «Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі Телекоммуникациялар комитетінің Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Маңғыстау және Атырау облыстары бойынша өңіраралық байланыс инспекциясы» республикалық мемлекеттік мекемесі;
Тармақша 4
4) «Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі Телекоммуникациялар комитетінің Шымкент қаласы, Жамбыл, Түркістан және Қызылорда облыстары бойынша өңіраралық байланыс инспекциясы» республикалық мемлекеттік мекемесі;
Тармақша 5
5) «Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі Телекоммуникациялар комитетінің Алматы қаласы, Алматы және Жетісу облыстары бойынша өңіраралық байланыс инспекциясы» республикалық мемлекеттік мекемесі;
Тармақша 6
6) «Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі Телекоммуникациялар комитетінің Астана қаласы, Ақмола, Қарағанды және Ұлытау облыстары бойынша өңіраралық байланыс инспекциясы» республикалық мемлекеттік мекемесі.
Басқа 2. Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің күші жойылған кейбiр бұйрықтарының тiзбесi
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрінің 2025 жылғы «__»________ №_____ бұйрығына қосымша Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің күші жойылған кейбiр бұйрықтарының тiзбесi
Тармақ 1
1. «Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Телекоммуникациялар комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің міндетін атқарушының 2019 жылғы 9 тамыздағы № 189/НҚ бұйрығы.
Тармақ 2
2. «Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Телекоммуникациялар комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің міндетін атқарушының 2019 жылғы 9 тамыздағы № 189/НҚ бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2020 жылғы 27 мамырдағы № 219/НҚ бұйрығы.
Тармақ 3
3. «Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Телекоммуникациялар комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің міндетін атқарушының 2019 жылғы 9 тамыздағы № 189/НҚ бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2023 жылғы 11 қаңтардағы № 10/НҚ бұйрығы.
Тармақ 4
4. «Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2024 жылғы 10 желтоқсандағы № 784/НҚ бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесінің 3 тармағы.
Тармақ 5
5. «Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Телекоммуникациялар комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің міндетін атқарушының 2019 жылғы 9 тамыздағы № 189/НҚ бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2025 жылғы 30 мамырдағы № 277/НҚ бұйрығы.
Тармақ 6
6. «Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Телекоммуникациялар комитеті республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің міндетін атқарушының 2019 жылғы 9 тамыздағы № 189/НҚ бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2025 жылғы 15 қыркүйектегі № 473/НҚ бұйрығы. ––––––––––––––––––––––––