Об установлении публичного сервитута на земельные участки поселка Актас Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 21.10.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Ақтас кентінің жер учаскелеріне жария сервитут белгілеу туралы Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 18-бабының 5-1-тармақшасына, 69-бабының 4-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Саран қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. «Қарағанды облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы» мемлекеттік мекемесіне Саран қаласының аумағында орналасқан жалпы алаңы 6,88 га жер учаскелеріне мыналарды төсеу үшін: орташа қысымды тарату газ құбыры: ұзындығы 6,0 км, құрылыс жолағының ені 4 м, алаңы 2,4 га; төмен қысымды тарату газ құбыры: ұзындығы 28,118 км, құрылыс жолағының ені 4 м, алаңы 11,2 га; шкафты бөлу пункті - 39 бірлік, алаңы 0,008 га жер учаскесіне 5 (бес) жыл мерзімге жария сервитут белгіленсін;
Тармақ 2
2. «Саран қаласының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын тиісті шараларды қабылдасын.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Саран қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы рның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.