О правилах оказания материальной помощи участникам, инвалидам Великой Отечественной войны и приравненным к ним лицам Күшін жойған
Басқа 0
Ұлы Отан соғысының қатысушыларына, мүгедектеріне және оларға тең келетін тұлғаларға материалдық көмек көрсету ережесі туралы
1. Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148-ІІ «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлкеттік басқару туралы» Заңына, (2003 жылғы 30 қаңтардағы №№25-26 «Казахстанская правда» Казақстан Республикасы Президентінің 1995 жылгы 28 сәуірдегі № 2247 «Ұлы Отан соғысының қатысушылары, Ұлы Отан соғысының мүгедектері және де оларға тең келетін тұлғалардың жеңілдіктері мен әлеуметтік корғауы туралы» Жарлығына (1995 жылғы №6 45 б. «Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Ведомосы») сәйкес, Қызылжар ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
Қосымша берілген, Ұлы Отан соғысының қатысушыларына, мүгедектеріне және оларға тең келетін тұлғаларға материалдық көмек көрсету Ережесі бекітілсін.
КЕЛІСІЛГЕН
Аудандық еңбек, жұмыспен қамту
және халықты әлеуметтік қорғау
басқармасының бастығы
Г.Молоткова
«15» қыркүйек 2004 ж.
Аудандық қаржы
басқармасының бастығы
Ә. Айтқожанова
«15» қыркүйек 2004 ж.
Басқа 2. Ұлы Отан соғысының қатысушыларына, мүгедектеріне және оларға тең келетін тұлғаларға материалдық көмек көрсету ЕРЕЖЕСІ
Әкімдіктің
2004 жылғы 15 қыркүйектегі № 259
«Жеке санатты азаматтарға көмек
көрсету ережесі туралы» қаулысымен
Бекітілді
Ұлы Отан соғысының қатысушыларына, мүгедектеріне және оларға тең келетін тұлғаларға материалдық көмек көрсету ЕРЕЖЕСІ
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Ереже Заңды күші бар, Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 28 сәуірдегі № 2247 «Ұлы Отан соғысының қатысушылары, Ұлы Отан соғысының мүгедектері және де оларға тең келетін тұлғалардың жеңілдіктері мен әлеуметтік қорғауы туралы» Жарлығының 20 б. сәйкес дәйектелген.
Тармақ 2
2. Осы ережеде келесі түсініктер пайдаланылады:
Тармақша 2.1
2.1. Уәкілетті орган - аудандық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау басқармасы;
Тармақша 2.2
2.2. Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі - аудандық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қоррғау басқармасы;
Тарау 2. 2. Тағайындау тәртібі.
2. Тағайындау тәртібі.
Тармақ 3
3. Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне немесе оларға тең келетіндерге материалдық көмекті тағайындау үшін уәкілетті органға келесі құжаттарды береді:
белгілі үлгідегі өтініші, Ұлы Отан соғысы қатысушысының, мүгедегінің немесе оларға тең келетін тұлғалардың статусын куәландыратын құжаттың көшірмесі.
Тармақ 4
4. Материалдық көмекті тағайындау үшін өтінішті қарастыру құжаттар түскен күннен бастап он күндік мерзімде жүзеге асырылады
Тармақ 5
5. Өтініш берілген айдан бастап материалдық көмекті тағайындау жүргізіледі.
Тарау 3. 3. Қаржыландыру мен төлемнің тәртібі.
3. Қаржыландыру мен төлемнің тәртібі.
Тармақ 6
6. Уәкілетті органдар берген алушылар ведомосына сәйкес, Ұлы Отан соғысының қатысушыларына, мүгедектеріне және оларға тең келетін тұлғаларға материалдық көмекті төлеу Солтүстік Қазақстан облыстық «Қазпошта»АҚ филиалы Қызылжар аудандық пошта байланысы басқармасы түрғылықты орындары бойынша жеткізу жолымен немесе Қызылжар Халық банкісінің филиалынан алу уәкілетті орган арқылы жүргізіледі.
Тармақ 7
7. Уәкілетті орган Солтүстік Қазақстан облыстық «Қазпошта» АҚ филиалы Қызылжар аудандық пошта байланысының басқармасына, Қызылжар Халық банкісінің филиалына және қаржыландыру басқармасына ай сайын беруге материалдық көмек тағайындалған азаматтардың үш дана тізімін құрастырады
Тармақ 8
8. Өткен айга материалдық көмекті төлеу жүргізіледі.
Тармақ 9
9. Алушының қайтыс болған күнінен бастап материалдық көмекті төлеу тоқтатылады.
Тармақ 10
10. Ұлы Отан соғысының қатысушыларына, мүгедектеріне және оларға тең келетін тұлғаларға материалдық көмекті қаржыландыру аудандық бюджет қорынан жүргізіледі. Бюджеттік бағдарлама әкімшісі берілген тізімге сәйкес аудандық қаржы басқармасына қаржыландыруға ай сайын өтінім береді.
Тарау 4. 4. Есеп, бақылау және есептілікті жүргізу тәртібі.
4. Есеп, бақылау және есептілікті жүргізу тәртібі.
Тармақ 11
11. Уәкілетті органға ай сайынғы ақшалай төлем төлеуі бойынша есеп, бақылау және есептілікті жүргізу жүктеледі.
Тармақ 12
12. Уәкілетті орган ай сайын материалдық көмек тағайындалған тұлғалардың қайтыс болған жағдайын тіркеуі туралы мәліметті азаматтардың хал актісін жазатын органдарынан және аудан аумағынан кеткен Ұлы Отан соғысының қатысушылары, мүгедектері және оларға тең келетін тұлғалар жайлы мәліметті зейнетақы төлеу жөніндегі аудандық Мемлекеттік орталық бөлімшесіден сұраныс жасайды.
Тармақ 13
13. Уәкілетті орган тоқсан сайын әр тоқсанның бірінші айының 14 дейін ай сайынғы ақшалай төлемнің төленген соммасы бойынша Солтүстік Қазақстан облыстық «Қазпошта»АҚ филиалы Қызылжар аудандық пошта байланысының басқармасына және Қызылжар Халық банкісінің филиалымен сәйкестігін тексеру актісін және белгіленген нысан бойынша жиынтық есептілігін жүргізіледі
Тармақ 14
14. Ұлы Отан соғысының қатысушыларының, мүгедектерінің және оларға тең келетін тұлғалардың ай сайынғы ақшалай төлемінің дұрыстығын бақылау мен уақытында төленуін уәкілетті органдармен жүзеге асырылады.
Тармақ 15
15. Заңсыз түрде төленген ақшалай төлемнің соммасы, белгілі заңды күші бар, заңнаманың тәртібімен кінәлі тұлғалардың есебінен қалпына келтіріледі.