Об утверждении предельных тарифов на услугу по поддержанию готовности электрической мощности Қолданыста
Басқа 0
Электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін
қызметке шекті тарифтерді бекіту туралы
«Электр энергетикасы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 70-2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметке шекті тарифтер бекітілсін;
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Электр энергетикасын дамыту департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрыққа қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оның көшірмесін электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
Тармақша 2
2) осы бұйрықты ресми жариялағаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының энергетика вице-министріне жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді және ресми жариялануға тиіс.
Басқа 1. Электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметке шекті тарифтер
Қазақстан Республикасы
Энергетика министрінің
2025 жылғы ___ _______
№ _____ бұйрығымен
бекітілді
Электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметке шекті тарифтер
мың теңге/мегаватт*айына
№
Атауы
Жыл
2026
2027
2028
2029
2030
2031
2032
1
2
3
4
5
6
7
8
9
1
Электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметке шекті тарифтер
1170,0
1355,0
1435,0
1510,0
1585,0
1665,0
1745,0