О правилах оказания единовременной материальной помощи гражданам, пострадавшим от пожара Күшін жойған
Басқа 0
Өрттен зардап шеккен азаматтарға біржолғы материалдық көмек көрсету ережесі туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148-ІІ «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлкеттік басқару туралы» Заңына, (2003 жылғы 30 қаңтардағы №25-26 «Казахстанская правда») Қызылжар ауданы мәслихатының 2003 жылғы 12 желтоқандағы № 3/3 «2004 жылға аудандық бюджет туралы» шешіміне сәйкес, Қызылжар ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
Қосымша берілген, өрттен зардап шеккен азаматтарға біржолгы материалдық көмек көрсету Ережесі бекітілсін.
КЕЛІСІЛГЕН
Аудандық еңбек, жұмыспен қамту
және халықты әлеуметтік қоргау
басқармасының бастығы
Г.Молоткова
15 сентября 2004 ж
Аудандық қаржы
басқармасының бастығы
Ә. Айтқожанова
15 сентября 2004 ж
Басқа 2
Әкімдіктің
2004 жылғы 15 қыркүйектегі №260
«Жеке санатты азаматтарға көмек
көрсету ережесі туралы» қаулысымен
Бекітілді
Өрттен зардап шеккен азаматтарға біржолғы материалдық көмек көрсету ЕРЕЖЕСІ
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер.
1. Жалпы ережелер.
Тармақ 1
1. Осы Ереже 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148-ІІ «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлкеттік басқару туралы» Заңының негізінде Қызылжар ауданы мәслихатының 2003 жылғы 12 желтоқандағы № 3/3 «2004 жылға аудандық бюджет туралы» шешімін жүзеге асыру мақсатында дәйектелді.
Тармақ 2
2. Осы ережеде келесі түсініктер пайдаланылады:
Тармақ 2.1
2.1. Уәкілетті орган - аудандық еңбек жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау басқармасы;
Тарау 2. 2. Тағайындау тәртібі
2. Тағайындау тәртібі
Тармақ 3
3. Біржолғы материалды көмекті тағайындау Қызылжар ауданы аумағында тұратын, өрттен зардап шеккен азаматтарға жүргізіледі. Болған өртке қасақана кінәсі болмаған жағдайда өрт туралы анықтаманың негізінде, отбасы кірісінің есебінсіз көмек тағайындау жүргізіледі. Көмек тағайындауда өрттің дәрежесі есепке алынбайды.
Тармақ 4
4. Біржолғы материалдық көмекті тағайындауды сұраған азаматтар келесі құжаттарды береді:
Тармақша 1
1) белгілі үлгідегі өтініші.
Тармақша 2
2) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі.
Тармақша 3
3) өрт туралы анықтама
Тармақша 4
4) Өрттен зардап шеккеннің атына берілген өртен бұзылган мүлікті құқықтандыратын құжаттар. Көмек тағайындауға сұраған азаматтың жеке мүлкін құқықтандыратын құжатта жазып көрсетілген бұзылған меншікті мүлікпен бірдей болу керек.
Тармақ 5
5. Қызылжар ауданы мәслихатының 2003 жылғы 12 желтоқсандағы № 3/3 «2004 жылғы аудандық бюджет туралы» бекітілген шешімімен, бес мың теңге соммасында уәкілетті органдарымен біржолғы материалдық көмек тағайындау жүзеге асырылады.
Тарау 3. 3. Қаржыландыру мен төлем тәртібі.
3. Қаржыландыру мен төлем тәртібі.
Тармақ 6
6. Берілген алушылар ведомосына сәйкес, аудан аумағында тұратын азаматтарға көмекті төлеу, Солтүстік Қазақстан облыстық филиалы - Қазпошта» акционерлк қоғамы Қызылжар аудандық пошта байланысының басқармасы арқылы тұрғылықты орны бойынша жеткізу немесе Қызылжар Халық банкісінің филиалынан қаражатты алу жолымен жүргізіледі.
Тармақ 7
7. Уәкілетті орган Солтүстік Қазақстан облыстық филиалы -Қазпошта» акционерлк қоғамы Қызылжар аудандық пошта байланысының басқармасына, Қызылжар Халық банкісінің филиалына және қаржыландыру басқармасына ай сайын беруге азаматтардың үш дана тізімін құрастырады..
Тармақ 8
8. Біржолғы материалдық көмекті қаржыландыру аудандық бюджет қорынан жүргізіледі. Бағдарлама әкімшісі -аудандық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау басқармасы берілген тізімге сәйкес, қаржыландыруға аудандық қаржы басқармасына ай сайын өтінім береді.
Тарау 4. 4. Есеп, бақылау және есептілікті жүргізу тәртібі.
4. Есеп, бақылау және есептілікті жүргізу тәртібі.
Тармақ 9
9. Уәкілетті органға ай сайынғы ақшалай төлем төлеу бойынша есеп және септілікті жүргізу жүктеледі.
Тармақ 10
10. Уәкілетті орган тоқсан сайын әр тоқсанның бірінші айының 14 дейін ай сайынғы ақшалай төлемнің төленген соммасы бойынша Солтүстік Қазақстан облыстық филиалы «Қазпошта» акционерлк қоғамы Қызылжар аудандық пошта байланысының басқармасымен және Қызылжар Халық банкісінің филиалымен сәйкестігін тексеру актісін және бекітілген нысан бойынша жиынтық есептілігін құрастырады..
Тармақ 11
11. Ай сайынғы ақшалай төлемнің дұрыстығын және уақытында төленуін бақылау аудандық қаржы баскармасымен жүзеге асады.
Тармақ 12
12. Заңсыз түрде төленген ақшалай төлемнің соммасы, белгілі заңды күші бар, заңнаманың тәртібімен кінәлі тұлғалардың есебінен қалпына келтіріледі.