О проведении мобилизационных учений в Атырауской области Қолданыста

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 13.09.2004. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Атырау облысында жұмылдыру оқу-жаттығуларын өткізу туралы Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 6 қарашадағы №718 «Қазақстан Республикасының аумақтық қорғанысын ұйымдастыру туралы» Жарлығына сәйкес, Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі мәжілісінің 2004 жылғы 31 наурыздағы №1 Хаттамасының 6-тармағын орындауда және Атырау облысы аймағының аумақтық қорғанысы міндеттерін орындау жөніндегі мәселелерді жетілдіру және пысықтау мақсатында ШЕШІМ ЕТЕМІН:
Тармақ 1
1. 2004 жылғы 6-15 қазан аралығында «Облыстың аумақтық қорғаныс жүйесін жұмылдыру және өрістету» (бұдан әрі – Оқу жаттығулар) тақырыбында жұмылдыру оқу-жаттығулары 1-қосымшаға сәйкес өткізілсін. Оқу-жаттығулардың мақсаттары:
Тармақша 1
1) облыстың басқару органдарын жұмылдыруды ұйымдастыру мәселелерін пысықтау;
Тармақша 2
2) аумақтық қорғаныс (бұдан әрі-АҚ) жүйесін өрістету тәжірибесін пысықтау, халықаралық терроршыл банды құрылымдарының шабуылын тойтару және стратегиялық объектінің қорғанысын ұйымдастыру жөніндегі тактикалық оқу-жаттығулар өткізу;
Тармақша 3
3) тиісті мемлекеттік органдар мен міндетті түрде қорғауға жататын объектілер басшыларының білімі мен практикалық дағдысын жетілдіру болып белгіленсін.
Тармақ 3
3. Оқу-жаттығулардың басшысы болып облыс әкімінің бірінші орынбасары В.В.Супрун, Оқу-жаттығулар басшының орынбасары болып Атырау облысы қорғаныс істері жөніндегі деапратментінің бастығы С.Р.Рысқалиев (келісім бойынша) тағайындалсын.
Тармақ 4
4. Оқу-жаттығуларға №5546, №2016, №25744 әскери бөлімдердің әмірші және жеке құрамы (келісім бойынша), АҚ полкінің тіркелген құрамынан бір рота, Атырау облысы ішкі істер басқармасы (келісім бойынша), Атырау облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі басқармасы (келісім бойынша), Атырау облысы денсаулық сақтау басқармасының, Атырау облысы мәдениет басқармасының қызметкерлері қатыстырылсын.
Тармақ 5
5. Оқу-жаттығуларды дайындап, өткізу жөніндегі жұмысшы тобы (бұдан әрі – Жұмысшы тобы) 2-қосымшаға сәйкес құрылсын.
Тармақ 6
6. Жұмысшы тобы:
Тармақша 1
1) 2004 жылғы 25 қыркүйекке дейін Оқу-жаттығуларға дайындық жөніндегі барлық қажетті ұйымдастыру шараларын өткізсін;
Тармақша 2
2) 2004 жылғы 5 қазанға дейін қорғауға жататын объектілердің, Атырау облысы қорғаныс істері жөніндегі департаментінің, Атырау облысы ішкі істер басқармасының, Атырау облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі басқармасының басшыларымен және №5546, №2016, №25744 әскери бөлімдердің басшылығымен бірлесіп, тиісті дайындық жұмыстарын, нақты іс-әрекеттер өткізілетін орынды алдын ала барлауды жүргізсін.
Тармақ 7
7. Осы шешімнің орындалуын бақылау облыс әкімінің бірінші орынбасары В.В.Супрунға жүктелсін.
Басқа 12
Облыс әкімінің 2004 жылғы 14 қыркүйек № 67 шешіміне 1-қосымша «Облыстың аумақтық қорғаныс жүйесін жұмылдыру және өрістету» тақырыбындағы оқу-жаттығуларды өткізу кестесі Өтетін күні Өткізілетін іс-шаралар Өтетін орны 2004 жылғы 6-15 қазан Аумақтық қорғаныс полкінің тіркелген құрамын оқу-жаттығу жиынына шақыру Облыстың қорғаныс істері жөніндегі департаменті, далалық лагерь 2004 жылғы 14 қазан күнінің бірінші жартысы Аумақтық қорғаныстың басқару органдарын жұмылдыру міндеттері жөніндегі кеңес Облыстық әкімдік 2004 жылғы 14 қазан күнінің екінші жартысы АҚ бөлішелерінің жеке құрамына хабарлау және жинастыру учаскелерін ұйымдастыру жөніндегі нақты іс-әрекеттерді көрсету Атырау мұнай және газ институтының оқу корпусы 2004 жылғы 15 қазан Заставадағы ұрысты, қаруланған шабуылды тойтару және аманаттағы адамдарды босатуды ұйымдастыруды көрсету № 5546 әкери бөлімінің әскери атыс алаңы ауданындағы далалық лагері
Басқа 13
Облыс әкімінің 2004 жылғы 14 қыркүйек № 67 шешіміне 2-қосымша «Облыстың аумақтық қорғаныс жүйесін жұмылдыру және өрістету» тақырыбындағы оқу-жаттығуларды дайындап, өткізу жөніндегі жұмысшы тобының құрамы Нақпаев Сәлімжан Жұмашұлы - облыс әкімі аппаратының басшысы, жұмысшы тобының басшысы Әміров Мұқаран Серікұлы - Атырау облысы ішкі істер басқармасының бастығы (келісім бойынша) Байтазиев Талғат Алтыбайұлы - «ӘМӨЗ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің бас директоры (келісім бойынша) Ерғалиев Жолдасқали Байғалиұлы - облыс әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық және әскери-жұмылдыру жұмысы бөлімінің бас маманы Жантеміров Бауыржан Ересұлы - Атырау облыстық қаржы басқармасының бастығы Иманғалиев Бақыт Сәлімұлы - Атырау облысы мәдениет басқармасының бастығы Исабеков Акжігіт Қалтайұлы - Ұлттық қауіпсіздік комитеті Атырау облысы бойынша департаментінің бастығы (келісім бойынша) Қайрошев Серік Салахитденұлы - Атырау облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі басқармасының бастығы (келісім бойынша) Қарасаева Әлия Орынғалиқызы - Атырау облысы денсаулық сақтау басқармасының бастығы Қадырәлиев Абай Марабайұлы - Облыстық телекоммуникация дирекциясының бас директоры (келісім бойынша) Мамонов Фердинат Абдрахимович - «Казтрансойл» акционерлік қоғамы батыс филиалының директоры (келісім бойынша) Хасанов Маркс Рахимұлы - облыс әкімінің қорғаныс жөніндегі кеңесшісі