Об определении порядка деятельности Экспертного совета и положения о реализации бюджета народного участия Алматинской области Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 14.10.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Алматы облысының Сараптамалық кеңес қызметінің тәртібін және халық қатысатын бюджетті іске асыру туралы ережені айқындау туралы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 29 сәуірдегі «Бюджеттік жоспарлаудың қағидаларын бекіту туралы» № 208 бұйрығының 75-тармағына сәйкес (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 36034 болып тіркелген) сәйкес Алматы облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Алматы облысының облыстық және аудандық маңызы бар қалаларында Сараптамалық кеңес қызметінің тәртібі және халық қатысатын бюджетті іске асыру ережесі осы қаулының қосымшасына сәйкес айқындалсын.
Тармақ 2
2. Алматы облысы әкімдігінің 2024 жылғы 2 шілдедегі «Алматы облысының Сараптамалық кеңес қызметінің тәртібін және халық қатысатын бюджетті іске асыру туралы ережені айқындау туралы» № 215 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6141-05 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 3
3. «Алматы облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы қаулыға қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін Эталондық бақылау банкінде жариялау үшін «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
Тармақша 2
2) осы қаулының ресми жарияланғанынан кейін Алматы облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 5
5. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 8
Алматы облысы әкімдігінің 2025 жылғы «___» _______ № ____ қаулысына қосымша Алматы облысының Сараптамалық кеңес қызметінің тәртібі және халық қатысатын бюджетті іске асыру туралы ереже
Тармақ 1
1. Жалпы ереже
Тармақ 1
1. Осы Сараптамалық кеңес қызметінің тәртібі және халық қатысатын бюджетті іске асыру туралы ереже Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 29 сәуірдегі № 208 бұйрығы негізінде әзірленді.
Тармақ 2
2. Осы Ережеде мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
Тармақша 1
1) халық қатысатын бюджет – азаматтардың жергілікті бюджет қаражатын бөлуге қатысуы.
Тармақша 2
2) жобалық ұсыныс – Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін Қазақстан Республикасы азаматы дайындаған және берген, іске асырылуы әкімдіктің (әкім аппаратының) құзыретіне жататын құжат.
Тармақша 3
3) дауыс беру – әкімдіктің (әкім аппаратының) интернет-ресурсында электронды түрде немесе «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан
Тармақ 2
2. Сараптамалық кеңес қызметінің тәртібі
Тармақ 3
3. Облыстық, аудандық маңызы бар қаланың әкімдігі халық қатысатын бюджет шеңберінде тұрғындардың облыстық маңызы бар қалаларды абаттандыру мәселелері бойынша жобалық ұсыныстарын қарауды, іріктеуді және шешім қабылдауды жүзеге асыру үшін ағымдағы қаржы жылының 15 қаңтарына дейінгі мерзімде Сараптамалық кеңесті құрады.
Тармақ 4
4. Сараптамалық кеңестің дербес құрамын облыстық, аудандық маңызы бар қаланың әкімдігі құрайды және бекітеді.
Тармақ 5
5. Сараптамалық кеңес төраға, төрағаның орынбасары, хатшы және кеңес мүшелері құрамынан тұрады. Сараптамалық кеңес тақ саннан тұрады және мүдделі мемлекеттік органдардың өкілдері, тиісті аумақта қызметін жүзеге асыратын қоғамдық және өзге де ұйымдардың өкілдері. Сараптама кеңесінің төрағасы Кеңес құрамына ұсынылған адамдар арасынан сайланады. Сараптамалық кеңесте мүшелікті тоқтату өз еркі бойынша немесе жаңа мүшені ұсынумен ұжымдық шешім бойынша жүзеге асырылады.
Тармақ 6
6. Сараптамалық кеңестің жұмыс органы облыстық маңызы бар қаланың тұрғын үй-коммуналдық шарушылық бөлімі, аудандық маңызы бар қалалардың әкімі аппараттары болып табылады.
Тармақ 7
7. Сараптамалық кеңестің жұмысы отырыстарды өткізу арқылы жүзеге асырылады. Отырыстағы барлық шешімдер жиналғандар арасынан қарапайым көпшілік дауыспен қабылданады. Егер отырысқа Сараптамалық кеңестің жалпы құрамынан жартысынан астамы қатысса, отырыс заңды болып саналады. Дауыстар тең бөлінген жағдайда Сараптамалық кеңесі төрағасының шешімі шешуші мәні болады. Форс-мажорлық мән-жайлар жағдайында отырыстар қашықтан форматта өткізіледі, кейіннен кеңестің шешімі ресімделеді.
Тармақ 8
8. Сараптамалық кеңестің шешімі отырыс өткізетін күні шығарылады, хаттамамен рәсімделеді және оған төраға, төрағаның орынбасары, кеңес мүшелері және хатшы қол қойғаннан кейін әкімдіктің (әкім аппаратының) интернет-ресурсында орналастырылады.
Тармақ 9
9. Сараптамалық кеңестің функциялары:
Тармақша 1
1) жобалық ұсыныстың бюджет заңнамасының талаптарына сәйкес келуі туралы шешім қабылдау;
Тармақша 2
2) жобалық ұсыныстарды алдын ала қарастыруды өткізу;
Тармақша 3
3) жобалық ұсыныстарды дауыс беруге арналған тізбеге қосу бойынша шешім қабылдау;
Тармақша 4
4) халық қатысатын бюджет шеңберінде қаржыландырылатын жобалық ұсыныстардың іске асырылу барысын бақылау, соның ішінде құрылымдық бөлімшелер басшыларының, коммуналдық кәсіпорындардың, мекемелер және ұйымдардың лауазымды тұлғаларының жобалық ұсыныстарды іске асыру мәселелері бойынша есептерін тыңдау;
Тармақша 5
5) өз отырыстарын ашық өткізу, отырыс хаттамаларын әкімдік (әкім аппараты) интернет-ресурсында жариялау.
Тармақ 3
3. Жобалық ұсыныстарды беру тәртібі
Тармақ 10
10. Ағымдағы қаржы жылының 15 қаңтарына дейінгі мерзімде әкімдік (әкім аппараты) ресми интернет-ресурсында және масс-медиада жобалық ұсыныстарды қабылдау туралы ақпаратты орналастырады. Ресми интернет-ресурс болмаған кезде аудандық маңызы бар қала әкімінің аппараты жобалық ұсыныстарды қабылдау туралы ақпаратты масс-медиа арқылы немесе тұрғындарды ақпараттандырудың қолжетімді құралдарын пайдалану арқылы таратады.
Тармақ 11
11. Тиісті елді мекендердің тұрғындарынан жобалық ұсыныстарды жинау ағымдағы қаржы жылының 20 қаңтарынан 1 наурызына дейін жүзеге асырылады. Аудандық маңызы бар қалалар әкімдері аппараттарында ресми интернет-ресурс болмаған кезде тиісті елді мекендердің тұрғындарынан жобалық ұсыныстарды жинау жергілікті қоғамдастықтың жиындары арқылы жүзеге асырылады. Халық қатысатын бюджеті шеңберінде мынадай іс-шаралар дауыс беруге шығарылады және әкімдік (әкім аппараты) іске асырады:
Тармақша 1
1) аумақты көгалдандыру;
Тармақша 2
2) тротуарларды жайластыру;
Тармақша 3
3) тротуарларды, пандустарды, арықтарды салу және жөндеу;
Тармақша 4
4) ортақ пайдалану орындарын құру, жөндеу және жарықтандыру (саябақтар, скверлер, жаяу жүргіншілер аймақтары, көшелер және өзге де объектілер);
Тармақша 5
5) бордюрларды, брусчаткаларды, тіреуіш қабырғаларды жөндеу;
Тармақша 6
6) қоқыс тастайтын жерлерді жою;
Тармақша 7
7) ортақ пайдалану орындарында күркелер, орындықтар, урналар және балалардың ойнауы және ересек тұрғындардың демалуы үшін жабдықтар мен конструкциялар орнату және жөндеу;
Тармақша 8
8) аула аумақтарында және ортақ пайдалану орындарында спорттық (жаттығу алаңдарын, футбол, баскетбол, волейбол алаңдарын), балалар ойын алаңдарын орнату, жөндеу және жарықтандыру;
Тармақша 9
9) санитарияны қамтамасыз ету.
Тармақ 12
12. Ағымдағы қаржы жылына бекітілген бюджет шеңберінде халық қатысатын бюджетті іске асыруға бағытталатын шығыстардың ең төмен көлемі облыстық және аудандық маңызы бар қала үшін жоғары тұрған бюджеттен берілетін нысаналы трансферттерді, кредиттер мен қарыздарды қоспағанда, «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық» 07 функционалдық тобы бойынша жоспарланатын бюджет шығыстарының жылдық көлемінің 10 %-нан төмен болмауы тиіс.
Тармақ 13
13. Беру кезінде бір жобалық ұсынысты іске асырудың шекті құны:
Тармақша 1
1) облыстық маңызы бар қала үшін және (немесе) облыстық маңызы бар қаладағы аудан үшін ағымдағы қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген он бес мың еселенген айлық есептік көрсеткіш мөлшерінен;
Тармақша 2
2) аудандық маңызы бар қала үшін ағымдағы қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген бір мың бес жүз еселенген айлық есептік көрсеткіш мөлшерінен аспауы тиіс.
Тармақ 14
14. облыстық және аудандық маңызы бар қала, астана бюджеттерінің қаражаты есебінен іске асыруға ұсынылатын жобалық ұсыныстарға қойылатын талаптар:
Тармақша 1
1) ортақ пайдалану объектісі;
Тармақша 2
2) тиісті аумақтар тұрғындары үшін өзектілігі; Бұл ретте, оларды бір қаржы жылы ішінде іске асыру мүмкіндігі бар жобалық ұсыныстар басым болып табылады.
Тармақ 15
15. Жобалық ұсыныстар әкімдіктің (әкім аппаратының) интернет-ресурсына электрондық түрде «Халық қатысатын бюджет» бөліміне беріледі.
Тармақ 16
16. Автор кез келген сәтте өзінің жобалық ұсынысын қарастырудан ала алады.
Тармақ 17
17. Автор жобалық ұсынысқа шығыстардың шамаман алынған немесе нақты сметалық есебін, сондай-ақ жобаның суретін/эскизін/макетін/схемасын (оларды интернет-ресурстан пайдалануға болады) міндетті түрде қоса береді немесе автор жобалық ұсынысты берген сәтте интернет-ресурста жобаға эскиздерді және шығыстардың сметасын қамтитын үлгілік жобалық ұсыныстардың тізімінен жобалық ұсынысты іске асыруды таңдайды.
Тармақ 4
4. Өтінімдерді іріктеу тәртібі
Тармақ 18
18. Жобалық ұсыныстарды қабылдау мерзімінің аяқталу қорытындысы бойынша келіп түскен жобалық ұсыныстарды Сараптамалық кеңес ағымдағы қаржы жылының 5 сәуіріне дейінгі мерзімде: жобалардың қайталануының болмауына; Қазақстан Республикасының заңнамасында әкімдікте (әкім аппаратының) оларды іске асыру құзыреттілігінің болуы мәніне талдауды жүзеге асырады.
Тармақ 19
19. Іске асырылуы осы Ереженің 11, 13, 14 және 15-тармақтарында көрсетілген талаптарға сәйкес келетін жобалық ұсыныстарды әкімдік (әкім аппараты) дауыс беруді өткізу үшін ресми интернет-ресурсында және бұқаралық ақпарат құралдарында орналастырады.
Тармақ 20
20. Дауыс беруге жатпайтын жобалық ұсыныстар:
Тармақша 1
1) тұтас емес, фрагменттік сипаты бар (элементтердің бірін орындау болашақта қосымша элементтерді іске асыруды талап етеді);
Тармақша 2
2) елді мекеннің даму басымдықтарына сәйкес келмейтін;
Тармақша 3
3) жеке коммерциялық сипаттағы ұсыныстарды іске асыруды көздейтін;
Тармақша 4
4) тиісті елді мекеннің құрамдас бөліктерінде осыған ұқсас іске асырылған жобалары бар жобалық ұсыныстар дауыс беруге жіберілмейді.
Тармақ 21
21. Тиісті елді мекендердің кәмелетке толған тұрғындары ағымдағы қаржы жылының 24 сәуіріне дейінгі мерзімде ұсынылған жобалық ұсыныстар бойынша ресми интернет-ресурсында электрондық түрде дауыс беруді жүзеге асырады. Аудандық маңызы бар қалалар әкімдері аппараттарында ресми интернет-ресурс болмаған кезде тиісті елді мекендердің тұрғындарының дауыс беруі жергілікті қоғамдастықтың жиындары арқылы жүзеге асырылады.
Тармақ 22
22. Дауыс беру рәсімі аяқталғаннан кейін әкімдік (әкім аппараты) дауыс беру нәтижелерін шығарады. Бұл ретте, облыстық маңызы бар қалада 20-ден кем, аудандық маңызы бар қалада 10-нан кем тұрғындар дауыс берген жобалық ұсыныстар іске асырылуға жіберілмейді.
Тармақ 23
23. Дауыс беру нәтижелерінің негізінде Сараптамалық кеңес ағымдағы қаржы жылының 30 сәуірінен кешіктірмей тиісті шешім шығарады.
Тармақ 24
24. Дауыс беру нәтижелері мен Сараптамалық кеңестің шешімі әкімдіктің (әкім аппаратының) интернет-ресурсында және бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануға жатады.
Тармақ 5
5. Жобалық ұсыныстарды іске асыру және ақпаратты жариялау
Тармақ 25
25. Сараптамалық кеңестің шешімі негізінде облыстық, аудандық маңызы бар қаланың әкімдігі өз құзыреті шегінде жобалық ұсыныстарды жүзеге асырады. Халық қатысатын бюджеттің жобалық ұсыныстарын қаржыландыру тиісті бюджеттің қаражаты есебінен жүзеге асырылады. Жобалық ұсыныстарды іске асыру жөніндегі бюджеттік есептерді жергілікті бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес жасайды.
Тармақ 26
26. Жобалық ұсыныстарды іске асыру барысы туралы, сондай-ақ оларды іске асыру қорытындылары туралы ақпарат тоқсан сайын, есепті айдан кейінгі айдың 10-ы күнінен кешіктірілмей интернет-ресурста міндетті түрде орналастырылуға жатады. Қоғамдастық, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері және тұрғындар жобалық ұсыныстардың іске асырылу барысымен танысады және олардың іске асырылуына мониторинг жүргізеді.
Тармақ 27
27. Әкімдік (әкім аппараты) ресми интернет-ресурсын және бұқаралық ақпарат құралдарында жобалық ұсыныстарды іске асыру және оларды қаржыландыруға байланысты құралдарды пайдалану туралы ақпаратты жаңартады.
Тармақ 28
28. Облыстық, аудандық маңызы бар қалалардың әкімдері халықпен кездесу барысында оларды халық қатысатын бюджеттер шеңберінде іске асырылатын жобалық ұсыныстар туралы хабардар етеді.