Об утверждении перечня, наименований и индексов автомобильных дорог общего пользования районного значения района Жаңасемей области Абай Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 20.10.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Абай облысы Жаңасемей ауданының жалпыға ортақ пайдаланылатын аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының тізбесін, атаулары мен индекстерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасының «Автомобиль жолдары туралы» Заңының 3-бабы 7-тармағына және 6-бабы 2-тармағына сәйкес, Жаңасемей ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Абай облысы Жаңасемей ауданының жалпыға ортақ пайдаланылатын аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының тізбесі, атаулары мен индекстерi осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
Тармақ 2
2. «Абай облысы Жаңасемей ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары, құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесі заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіпте:
Тармақша 1
1) осы қаулыға қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі нұсқасын Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Абай облысы бойынша филиалына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін қамтамасыз етсін;
Тармақша 2
2) ресми жарияланғаннан кейін осы қаулыны Жаңасемей ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімініңорынбасары Ж. Сайлаубековқа жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 7. Абай облысы Жаңасемей ауданының жалпыға ортақ пайдаланылатын аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының тізбесін, атаулары мен индекстерін бекіту туралы
Аудан әкімінің «20» қазан 2025 жыл № 197 қаулысына қосымша. Абай облысы Жаңасемей ауданының жалпыға ортақ пайдаланылатын аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының тізбесін, атаулары мен индекстерін бекіту туралы № р/с Автомобиль жолдарының индексі Автомобильжолдарыныңатауы Жалпыұзындығы, киллометр Санатыбойынша, киллометр I II III IV V 1 KU GS-1 Семей-Талица, 0-32,5км. 32,5 32,5 2 KU GS-2 Ақбұлақауылынакіреберіс, 0-17,5км 17,5 17,5 3 KU GS-3 Танат ауылынакіреберіс, 0-16,4км 16,4 16,4 4 KU GS-4 Жазықауылынакіреберіс, 0-14,0км 14,0 14,0 5 KU GS-5 Айнабұлақауылынакіреберіс, 0-13,0км 13,0 13,0 6 KU GS-6 Талдыауылынакіреберіс, 0-11,9 км 11,9 11,9 7 KU GS-7 Қаракөлауылынакіреберіс, 0 - 8,8км 8,8 8,8 8 KU GS-8 Абралы, ауылынакіреберіс, 0-8,1км 8,1 8,1 9 KU GS-9 Алғабасауылынакіреберіс, 0 – 6,2км 6,2 6,2 10 KU GS-10 Жалпақ ауылынакіреберіс, 0 – 4,6км 4,6 4,6 11 KU GS-11 Мұздыбай, ауылынакіреберіс, 0 – 3,1км 3,1 3,1 12 KU GS-12 Мұқырауылынакіреберіс, 0 – 3,0км 3,0 3,0 13 KU GS-13 Приречное ауылынакіреберіс, 0 – 1,9км 1,9 1,9 14 KU GS-14 Қыземшекауылынакіреберіс, 0 – 1,9км 1,9 1,9 15 KU GS-15 Көкентау (Знаменка) ауылынакіреберіс, 0 – 1,7км 1,7 1,7 16 KU GS-16 Новобаженово ауылынакіреберіс, 0 – 1,0км 1,0 1,0 17 KU GS-17 Маралдыауылынакіреберіс, 0 – 0,8км 0,8 0,8 18 KU GS-18 Достықауылынакіреберіс, 0 – 0,8км 0,8 0,8 19 KU GS-19 Бөкеншіауылынакіреберіс, 0-0,6 км 0,6 0,6 20 KU GS-20 Прииртышскийауылынакіреберіс, 0 – 0,4км. 0,4 0,4 21 KU GS-21 Шақаманауылынакіреберіс, 0 – 0,4км 0,4 0,4 22 KU GS-22 Шүлбі кентінекіреберіс, 0 – 1,1 км 1,1 1,1 23 KU GS-23 Шаған кентінекіреберіс, 0 – 0,35 км 0,35 0,35 ЖИЫНЫ 150,5 141,25 8,8