О некоторых вопросах Министерства внутренних дел Республики Казахстан Қолданыста
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің
кейбір мәселелері туралы
«Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 24-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Профилактикалық жұмысты үйлестіру комитеті құрылсын.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгеріс пен толықтырулар енгізілсін:
1) «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 22 маусымдағы № 607 қаулысында:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі туралы ережеде:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Министрліктің мынадай ведомстволары бар:
1) Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының Бас қолбасшылығы;
2) Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті;
3) Әкімшілік полиция комитеті;
4) Көші-қон қызметі комитеті;
5) Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитеті;
6) Профилактикалық жұмысты үйлестіру комитеті.»;
2) қызмет бабында пайдалану үшін.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
Тармақ 4
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.