О признании утратившими силу некоторых актов акимата Актюбинской области Қолданыста
Басқа 0
Ақтөбе облысы әкімдігінің кейбір актілерінің күші жойылды деп тану туралы
«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабының 2-тармағына сәйкес Ақтөбе облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Мыналардың:
Тармақша 1
1) «Ақтөбе облысының спортшыларына ай сайын ақшалай үлес төлеу туралы» Ақтөбе облысы әкімдігінің 2017 жылғы 4 қыркүйектегі № 303 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5651 тіркелген);
Тармақша 2
2) «Ақтөбе облысы әкімдігінің 2017 жылғы 4 қыркүйектегі № 303 «Ақтөбе облысының спортшыларына ай сайын ақшалай үлес төлеу туралы» қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Ақтөбе облысы әкімдігінің 2018 жылғы 12 наурыздағы № 119 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5902 тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 2
2. «Ақтөбе облысының дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасы» мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақтөбе облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.