О некоторых вопросах государственного учреждения «Отдел культуры, развития языков, физической культуры и спорта Отырарского района» акимата Отырарского района Қолданыста
Басқа 0
Отырар ауданы әкімдігінің «Отырар ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің кейбір мәселелері туралы
«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 65-бабына сәйкес, Отырар ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. «Отырар ауданы әкімі аппараты, ауылдық округі әкімі аппараттары және дербес бөлімдері мемлекеттік мекемелердің ережелерін бекіту туралы» Отырар ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 23 шілдедегі №129 қаулысының 1 қосымшасымен бекітілген Отырар ауданы әкімдігінің «Отырар ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің Ережесі осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Отырар ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Басқа 4. Отырар ауданы әкімдігінің «Отырар ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы
ЕРЕЖЕ
Отырар ауданы әкімдігінің
2024 жылғы 20 қазандағы
№ 240 қаулысына қосымша
Отырар ауданы әкімдігінің «Отырар ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы
ЕРЕЖЕ
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Отырар ауданы әкімдігінің «Отырар ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрід–дбөлім) Отырар аудан көлемінде мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт саласындағы (салаларындағы) басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
Тармақ 2
2. Отырар ауданы әкімдігінің «Отырар ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің ведомстволық бағынысты ұйымдары жоқ.
Тармақ 3
3. Отырар ауданы әкімдігінің «Отырар ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
Тармақ 4
4. Отырар ауданы әкімдігінің «Отырар ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, оның Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрлері және атауы қазақ және орыс тілдерінде жазылған мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар.
Тармақ 5
5. Отырар ауданы әкімдігінің «Отырар ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарды Отырар ауданы әкімдігінің «Отырар ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі өз атынан жасайды.
Тармақ 6
6. Отырар ауданы әкімдігінің «Отырар ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасыныңзаңнамасына сәйкес уәкілеттік берілген жағдайда ол мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы.
Тармақ 7
7. Отырар ауданы әкімдігінің «Отырар ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Отырар ауданы әкімдігінің «Отырар ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
Тармақ 8
8. Отырар ауданы әкімдігінің «Отырар ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.
Тармақ 9
9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 160700, Түркістан облысы, Отырар ауданы, Шәуілдір ауылы, Жібек жолы даңғылы, №45 үй.
Тармақ 10
10. Осы ереже Отырар ауданы әкімдігінің «Отырар ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі құрылтай құжаты болып табылады.
Тармақ 11
11. Отырар ауданы әкімдігінің «Отырар ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес республикалық және жергілікті бюджеттерден жүзеге асырылады.
Тармақ 12
12. Отырар ауданы әкімдігінің «Отырар ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілерімен Мемлекеттік органның өкілеттіктері болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысынан шарттық қарым-қатынас жасауға тыйым салынады.
Егер Отырар ауданы әкімдігінің «Отырар ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі заңнамалық актілермен кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кіріс, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджетке жіберіледі.
Тарау 2. 2-тарау. Отырар ауданы әкімдігінің «Отырар ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің мақсаттары мен өкілеттіктері
2-тарау. Отырар ауданы әкімдігінің «Отырар ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің мақсаттары мен өкілеттіктері
Тармақ 13
13. Мақсаттары:
Отырар ауданы әкімдігінің «Отырар ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі ауданының атқарушы органдарының бірыңғай жүйесіне кіреді және мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт саласындағы мемлекеттік саясатты өзінің шектеулі құзыретінде жүзеге асыратын бөлім болып табылады.
Тармақ 14
14. Өкілеттіктері:
Тармақша 1
1) құқықтары:
Отырар ауданы әкімдігінің «Отырар ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі мемлекеттік органдар және басқа да ұйымдардан, лауазымдық тұлғалардан алдында қойылған міндеттерді орындауға байланысты өтеусіз негізде қажетті ақпаратты, құжаттар мен басқа да материалдарды сұрауға және алуға;
жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың ұйымдастырушылық қызметін жетілдіру бойынша Отырар ауданының әкімі мен әкімдігіне ұсыныстар енгізуге;
шарттар жасауға;
қолданыстағы заңнамалық актілермен көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқылы.
Тармақша 2
2) міндеттері:
Бөлім құзыретіне кіретін мәселелер бойынша кеңес беру;
жеке және заңды тұлғалардың ресми сұранымы болған жағдайда өз құзыреті шегінде және заңнама шеңберінде қажетті материалдар мен ақпаратты ұсыну;
сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық пен қылмысқа жол бермеу бойынша шаралар қолдану;
ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы бірыңғай талаптардың, деректерді басқару жөніндегі талаптардың сақталуын қамтамасыз ету;
Бөлім құзыретіне кіретін өзге де міндеттерді орындау.
Тармақ 15
15. функциялары:
Тармақша 1
1) өзінің қызметін орындау үшін қажетті ақпараттарды мемлекеттік органдардан және лауазым иелерінен, басқа ұйымдар мен азаматтардан белгіленген тәртіппен сұратып алады, Мемлекеттік мекеменің құзырына қатысты мәселелерді әзірлеуге қатысуға, тиісті ұсыныстар әзірлеу үшін уақытша жұмысшы топтарын құрады;
Тармақша 2
2) мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт саласында Мемлекеттік мекеменің қызметін жетілдіру жөнінде аудан әкіміне ұсыныстар енгізеді, мемлекеттік мекемеге қатысты мәселелер бойынша ақпараттық талдау және басқа да материалдар әзірлеуді жүзеге асырады;
Тармақша 3
3) Мемлекеттік мекеменің қызмет саласына қатысты мәселелер бойынша тиісті мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдарға ұсыныстар береді, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдар өткізетін шараларға қатысады;
Тармақша 4
4) аудандық деңгейде мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт мәселелеріне мемлекеттік тапсырыстарды іске асыруға қаржыландыруды жүзеге асырады;
Тармақша 5
5) Мемлекеттік мекеменің құзырына кіретін мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт саласында азаматтардың құқықтарын сақтау және басқа да мәселелер бойынша мемлекеттік органдардың лауазымды тұлғаларына ұйымдастырушылық-әдістемелік, ақпараттық және басқа да көмектер көрсетеді;
Тармақша 6
6) Мемлекеттік мекеменің құзырына кіретін мәселелер бойынша отырыстар өткізеді;
Тармақша 7
7) аудан тұрғындарының мәдени демалысын ұйымдастыру, кәсіби және әуесқой ұжымдардың шығармашылығын дамыту;
Тармақша 8
8) мәдениет мекемелерінің материалды-техникалық базасын нығайту және жетілдіру мақсатында қорларды орталықтандыру, музыкалық аспаптармен, құралдармен, аттракциондармен, инвентарлармен, сахналық киімдермен қамтамасыз ету;
Тармақша 9
9) кітаптың мемлекеттік алтын қорын сақтау, кітапханаларды көркем әдебиет шығармаларымен және жас ұрпақтарды тәрбиелеуге арналған оку құралдарымен жабдықтау;
Тармақша 10
10) аудан мәдениет үйлерінде көркемөнерпаз ұжымдарын дамытуға ықпал жасау және әдістемелік басшылық ету;
Тармақша 11
11) аудан мәдениет мекемелерін мамандармен қамтамасыз ету, мамандардың кәсіби деңгейін жетілдіру, қызметкерлерді аттестациялау және тарифтік-біліктілік категорияларын анықтау;
Тармақша 12
12) аудан мәдениет мекемелерін күрделі және ағымдағы жөндеуден өткізу жөнінде аудан әкіміне ұсыныстар енгізеді;
Тармақша 13
13) Республика және шетел арасында мәдени ынтымақтастықты дамыту;
Тармақша 14
14) мемлекеттік тәртіпті, еңбек құқығын, қауіпсіздік техника ережелерін сақтауды бақылау;
Тармақша 15
15) ауданның мәдениет мекемелерінің штаттық кестелерін бекіту;
Тармақша 16
16) Мемлекеттік мекеменің қарамағындағы аудан мәдениет мекемелерінде бухгалтерлік есеп және есеп беру жұмысын ұйымдастыру;
Тармақша 17
17) мекемелердің балансын қарау, барлық қызмет түрлері бойынша кезекті және жылдық есепті тиісті органдарға тапсыру;
Тармақша 18
18) Облыстық мәдениет қызметкерлері кәсіпорындарымен бірлесе отырып, мәдениет мекемелері қызметкерлерінің әлеуметтік және тұрғын жағдайларын жақсарту;
Тармақша 19
19) «Қазақстан Республикасындағы Тіл туралы» Заңын, тілдерді қолдану мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасын орындау мәселесі бойынша мемлекеттік және қоғамдық ұйымдармен өзара бірлесіп іс-қимыл жасау;
Тармақша 20
20) жүргізіліп отырған тіл саясатының тиімділігін арттыруға, мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту мен дамытуға байланысты кешенді шараларды ұсыну және оларды жүзеге асыру;
Тармақша 21
21) Мемлекеттік мекеменің құзырына жататын мәселелер бойынша ақпараттық-сараптамалық материалдар мен құжаттар әзірлеу;
Тармақша 22
22) мемлекеттік мекемелерге, қоғамдық ұйымдарға меншік нысандарына қарамастан тілдерді қолдану мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыруда, мемлекеттік тілде іс қағаздарын жүргізуді енгізуде, әр түрлі жастағы адамдар тобына мемлекеттік тілді үйретуді ұйымдастыруға нақтылы көмек көрсету;
Тармақша 23
23) мемлекеттік және мемлекеттік емес мекемелерге деректемелер мен көрнекі ақпаратты «Қазақстан Республикасындағы Тіл туралы» Заңның талаптарына сәйкес рәсімдеуге көмек көрсету;
Тармақша 24
24) аудандағы ономастикалық және терминологиялық жұмыстарды үйлестіру, аудандық ономастикалық комиссияның жұмысын ұйымдастыру;
Тармақша 25
25) Қазақстан Республикасынан шет тұратын қазақ диаспорасымен қазақ тілі мен мәдениетін сақтау мен дамыту мәселелері бойынша байланыс жасау;
Тармақша 26
26) Мемлекеттік тілді насихаттауға және дамытуға бағытталған мәдени-көпшілік шараларды ұйымдастыру және өткізу барысында басқа мемлекеттік мекемелермен бірігіп іс-қимыл жасау;
Тармақша 27
27) тіл саясаты бойынша барлық органдар мен ұйымдардан ақпараттар, материалдар, қажетті мәліметтер және анықтамалар талап етуге, сондай-ақ тіл мәселелеріне қатысты заңның дұрыс қолданылуы туралы түсініктеме беру;
Тармақша 28
28) жеке тұлғалардың спортпен айналысуы үшін, оның ішінде халықтың жүріп-тұруы шектеулі топтарына қолжетімді болуы ескеріле отырып, тұрғылықты жері бойынша және көпшілік демалатын орындарда инфрақұрылым жасау;
Тармақша 29
29) бұқаралық спортпен айналысуға арналған спорттық жабдықтың қауіпсіз пайдаланылуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;
Тармақша 30
30) аккредиттелген жергілікті спорт федерацияларымен бірлесіп, спорт түрлерi бойынша аудандық, облыстық спорттық жарыстарды өткiзу;
Тармақша 31
31) спорт түрлерi бойынша аудандық құрама командаларды даярлауды және олардың облыстық спорттық жарыстарға қатысуын қамтамасыз ету;
Тармақша 32
32) ауданда бұқаралық спортты және ұлттық спорт түрлерiн дамытуды қамтамасыз етуі;
Тармақша 33
33) аудандық дене шынықтыру-спорт ұйымдарының қызметiн үйлестiру;
Тармақша 34
34) балалар-жасөспірімдердің дене шынықтыру даярлығы, оның ішінде бейімдік дене шынықтыру және спорт клубтарын құру;
Тармақша 35
35) спортшыларға: 2-разрядты спортшы, 3-разрядты спортшы, жасөспірімдер бойынша 1-разрядты спортшы, жасөспірімдер бойынша 2-разрядты спортшы, жасөспірімдер бойынша 3-разрядты спортшы спорттық разрядтарын беру, спортшыларды осындай спорттық разрядтардан айыру;
Тармақша 36
36) мынадай: бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты жаттықтырушы, бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты жаттықтырушы-оқытушы, бiлiктiлiгi орта деңгейдегi екiншi санатты жаттықтырушы, бiлiктiлiгi орта деңгейдегi екiншi санатты жаттықтырушы-оқытушы, бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты әдiскер, бiлiктiлiгi орта деңгейдегi екiншi санатты әдiскер, бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты нұсқаушы-спортшы, спорт төрешiсi біліктілік санаттарын беру, біліктілік санаттарынан айыру;
Тармақша 37
37) спорттық-бұқаралық iс-шаралардың бірыңғай өңірлік күнтiзбесін iске асыру;
Тармақша 38
38) аудан аумағында спорттық iс-шараларды ұйымдастыруды және өткiзудi үйлестiру;
Тармақша 39
39) аудан аумағында дене шынықтыру мен спортты дамыту жөніндегі ақпаратты жинауды, талдауды жүзеге асырады және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген нысанда және мерзімдерде облыстың жергілікті атқарушы органына ұсыну;
Тармақша 40
40) аккредиттелген өңірлік және жергілікті спорт федерацияларының ұсыныстары бойынша спорт түрлері бойынша аудандардың құрама командаларының тізімдерін қалыптастыру және бекіту;
Тармақша 41
41) Заңға сәйкес Олимпиада, Паралимпиада және Сурдлимпиада ойындарының чемпиондары мен жүлдегерлерін тұрғын үймен қамтамасыз етуді ұйымдастыру;
Тармақша 42
42) аудан аумағында спорт ғимараттарын салу мәселелерін үйлестіреді және олардың халыққа қолжетімді болуын қамтамасыз ету;
Тармақша 43
43) спорт ұйымдарына әдістемелік және консультациялық көмек көрсету;
Тармақша 44
44) халықпен жұмыс істеу үшін дене шынықтыру және спорт жөніндегі нұсқаушылармен қамтамасыз ету;
Тармақша 45
45) белгіленген тәртіп бойынша халықтың хаттары мен арыз-шағымдарын қарау және жеке мәселелері бойынша азаматтарды қабылдауды ұйымдастыру;
Тармақша 46
46) Қазақстан Республикасының Заңдары, Президент жарлықтары, Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулылары, осы мәселе жөніндегі облыс, аудан әкімдерінің шешімдері мен өкімдері негізінде оларды орындау мақсатында бұйрықтар, нұсқаулар және басқа да актілер шығару;
Тармақша 47
47) өзінің ақпараттық-анықтамалық бюллетендерін, плакаттарын, әдістемелік материалдары шығару;
Тармақша 48
48) өзінің қызметінен туындайтын мәселелер бойынша сотқа талап арыздар бере алады.
Тармақша 49
49) театр, музыка өнері және кино өнері, кітапхана және музей ісі, мәдени-демалыс қызметі саласында ауданның мемлекеттік мәдениет ұйымдарының қызметін қолдайды және үйлестіреді;
Тармақша 50
50) мәдени құндылықтарды есепке алу, қорғау және пайдалану жөніндегі жұмысты ұйымдастырады;
Тармақша 51
51) ауданның сауықтық мәдени-бұқаралық іс-шараларын, сондай-ақ әуесқой шығармашылық бірлестіктер арасында байқаулар, фестивальдер және конкурстар өткізуді жүзеге асырады;
Тармақша 52
52) ауданның мемлекеттік мәдениет ұйымдарын аттестаттаудан өткізеді;
Тармақша 53
53) өз құзыреті шегінде мәдениет саласындағы коммуналдық меншікті басқаруды жүзеге асырады;
Тармақша 54
54) ауданның мәдени мақсаттағы объектілерінің құрылысы, реконструкциясы және жөнделуі бойынша тапсырысшы болады;
Тармақша 55
55) мемлекеттік мәдениет ұйымдарын қолдайды және материалдық-техникалық қамтамасыз етуде жәрдем көрсетеді;
Тармақша 56
56) бюджет қаражатының көлемі шегінде балалар мен жасөспірімдерге арналған шығармашылық үйірмелерін қаржыландыруға арналған мемлекеттік шығармашылық тапсырысты бекітеді;
Тармақша 57
57) мемлекеттік шығармашылық тапсырыстың көрсетілетін қызметтерін берушілердің меншік нысанына, ведомстволық бағыныстылығына, типтері мен түрлеріне қарамастан, балалар мен жасөспірімдерге арналған шығармашылық үйірмелерінде мемлекеттік шығармашылық тапсырысты орналастыруды қамтамасыз етеді;
Тармақша 58
58) мемлекеттік шығармашылық тапсырысты орналастырудың, оның сапасын бақылаудың және нысаналы игерілуінің барлық кезеңдері мен рәсімдерінің электрондық және жалпыға қолжетімді форматтарда орындалуын қамтамасыз етеді;
Тармақша 59
59) тиісті аумақта орналасқан мәдениет ұйымдарының қызметіне мониторингті жүзеге асырады және облыстың жергілікті атқарушы органына ақпаратты, сондай-ақ белгіленген нысандағы статистикалық есептерді ұсынады;
Тармақша 60
60) тарихи-мәдени мұраны сақтау жөніндегі жұмысты ұйымдастырады, тарихи, ұлттық және мәдени дәстүрлер мен әдет-ғұрыптарды дамытуға жәрдемдеседі;
Тармақша 61
61) Қазақстан Республикасының Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы кодексінің 729-бабы 2-1-тармағына сәйкес, істерді қарайды және әкімшілік жазалар қолдануға құқылы;
Тармақша 62
62) жергілікті атқарушы органдарға Қазақстан Республикасының заң талаптарына сәйкес жүктелген басқа да мемлекеттік басқару уәкілеттіктерін жүзеге асырады.
Тарау 3. 3-тарау. Отырар ауданы әкімдігінің «Отырар ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің, алқалы органдардың (бар болса) бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттіктері
3-тарау. Отырар ауданы әкімдігінің «Отырар ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің, алқалы органдардың (бар болса) бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттіктері
Тармақ 16
16. Отырар ауданы әкімдігінің «Отырар ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесін басқаруды бірінші басшы жүзеге асырады, ол бөлімге жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз өкілеттіктерін жүзеге асыруына дербес жауапты болады.
Тармақ 17
17. Отырар ауданы әкімдігінің «Отырар ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалады және лауазымнан босатылады.
Тармақ 18
18. Отырар ауданы әкімдігінің «Отырар ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалатын және лауазымнан босатылатын орынбасарлары болады.
Тармақ 19
19. Отырар ауданы әкімдігінің «Отырар ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының өкілеттіктері:
Тармақша 1
1) мемлекеттік органның атынан сенімхатсыз әрекет жасайды және барлық ұйымдарда мемлекеттік органның мүдделерін білдіреді;
Тармақша 2
2) заңнамада белгіленген жағдайларда және шектерде бөлімнің мүлігіне билік жасайды;
Тармақша 3
3) шарттар жасасады, сенімхаттар береді, бөлімнің регламентін, жұмыс тәртібі жоспарларын бекітеді;
Тармақша 4
4) банктерде есеп-шоттар ашады, бөлімнің барлық қызметкерлеріне міндетті бұйрықтар шығарады және нұсқаулар береді;
Тармақша 5
5) заңдарға сәйкес бөлімнің қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен
Тармақша 6
6) бөлімнің қызметкерлерін марапаттайды және тәртіптік жазаға тарту шараларын қолданады және мемлекеттік орган қызметкерлерінің міндеттері мен өкілеттік шеңберін белгілейді;
Тармақша 7
7) бұйрықтарға қол қояды;
Тармақша 8
8) бөлімдегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет етуге бағытталған шараларды қабылдайды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар қабылдау үшін дербес жауапты болады;
Тармақша 9
9) заңнамамен осы ережемен және аудан әкімдігімен жүктелген басқа да қызметтерді атқарады.
Отырар ауданы әкімдігінің «Отырар ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.
Тармақ 20
20. Бірінші басшы өз орынбасарларының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес айқындайды.
Тарау 4. 4-тарау. Отырар ауданы әкімдігінің «Отырар ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің мүлкі
4-тарау. Отырар ауданы әкімдігінің «Отырар ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің мүлкі
Тармақ 21
21. Отырар ауданы әкімдігінің «Отырар ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі заңнамада көзделген жағдайлардажедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.
Отырар ауданы әкімдігінің «Отырар ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
Тармақ 22
22. Отырар ауданы әкімдігінің «Отырар ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
Тармақ 23
23. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Отырар ауданы әкімдігінің «Отырар ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне берілген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
Тарау 5. 5-тарау. Отырар ауданы әкімдігінің «Отырар ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату
5-тарау. Отырар ауданы әкімдігінің «Отырар ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату
Тармақ 24
24. Отырар ауданы әкімдігінің «Отырар ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Тарау 6. 6-тарау. Отырар ауданы әкімдігінің «Отырар ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің қарауындағы ұйымдардың тізбесі
6-тарау. Отырар ауданы әкімдігінің «Отырар ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің қарауындағы ұйымдардың тізбесі
Тармақ 25
25. Ұйымдардың атауы:
Тармақша 1
1) Отырар ауданы мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің «Отырар аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесі» коммуналдық мемлекеттiк мекемесi;
Тармақша 2
2) Отырар ауданының Мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің «Тілдерді оқыту және дамыту орталығы» коммуналдық мемлекеттiк мекемесi;
Тармақша 3
3) «Отырар ауданы мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің «Отырар аудандық мәдениет сарайы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
Тармақша 4
4) Отырар ауданы әкімдігінің «Отырар ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің «Отырар спорт клубы» коммуналдық мемлекеттiк мекемесi.