Об утвержении тарифов на оказание специальных социальных услуг в условиях временного пребывания Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 24.10.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Уақытша болу жағдайында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге арналған тарифтерді бекіту туралы Қазақстан Республикасының Әлеуметтік Кодексінің 142-бабына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына, «Арнаулы әлеуметтік қызметтерге тарифтерді қалыптастыру қағидалары мен әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 281 бұйрығына сәйкес (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32987 тіркелген), Ақтөбе қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес уақытша болу жағдайында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге арналған тарифтері бекітілсін.
Тармақ 2
2. «Ақтөбе қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен бекітілген бюджет шеңберінде қызметтерді уақтылы қаржыландыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақтөбе қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 5
Ақтөбе қаласы әкімдігінің 2025 жылғы « 24 » 10 № 2282 қаулысына қосымша Уақытша болу жағдайында бір қызмет алушыға көрсетілетін арнаулы әлеуметтік қызметтер тарифтері № Мекемелердің түрлері Қызмет алушылардың түрлері Күніне бір қызмет алушының тарифі (теңге) Кі­ші тү­рі Қыз­мет алушы­ның жағ­дайы 1 2 3 4 5 1. Уақытша болу бел­гі­лі бір тұр­ғы­лық­ты же­рі жоқ 7733,49 түн­гі бө­лім 540,60 әле­умет­тік пат­руль қыз­ме­ті 565,35 тұр­мыстық зор­лық-зомбы­лық құр­ба­ны 7713,43 адам са­уда­сы­ның құр­ба­ны 10851,83