О признании утратившими силу некоторых решений маслихата района Үлкен Нарын Қолданыста
Басқа 0
Үлкен Нарын ауданы мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасының «Құқықтық актілер туралы» Заңының 27-бабының 2-тармағына сәйкес, Үлкен Нарын ауданы мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Үлкен Нарын ауданы мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын:
Тармақша 1
1) «Үлкен Нарын ауданы бойынша тұрғын үй сертификаттарының мөлшерін және оларды алушылар санаттарының тізбесін айқындау туралы» Үлкен Нарын аудандық мәслихатының 2024 жылғы 5 шілдедегі № 4/22-VIII шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №9050-16 болып тіркелген);
Тармақша 2
2) «Үлкен Нарын ауданы мәслихатының 2024 жылғы 5 шілдедегі № 4/22-VIII «Үлкен Нарын ауданы бойынша тұрғын үй сертификаттарының мөлшері және оларды алушылар санаттарының тізбесін айқындау туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы» Үлкен Нарын ауданы мәслихатының 2025 жылғы 15 сәуірдеі № 11/126-VIII шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9190-16 болып тіркелген).
Тармақ 2
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.