Об утверждении Методики оценки деятельности административных государственных служащих корпуса «Б» акимата города Астаны Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 17.10.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Астана қаласы әкімдігі «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесін бекіту туралы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 37-бабына, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңы 33-бабының 5-тармағына, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының «Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің қызметін бағалаудың кейбір мәселелері туралы» 2018 жылғы 16 қаңтардағы № 13 бұйрығына сәйкес Астана қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Астана қаласы әкімдігінің «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесі осы қаулыға қосымшаға сәйкес бекітілсін.
Тармақ 2
2. Мыналардың:
Тармақша 1
1) «Астана қаласы әкімдігі «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесін бекіту туралы» Астана қаласы әкімдігінің 2023 жылғы 23 мамырдағы № 4-988 қаулысының;
Тармақша 2
2) «Астана қаласы әкімдігі «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесін бекіту туралы» Астана қаласы әкімдігінің 2023 жылғы 23 мамырдағы № 4-988 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Астана қаласы әкімдігінің 2023 жылғы 12 шілдедегі № 4-1368 қаулысының күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 3
3. «Астана қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
Тармақша 1
1) осы қаулыға қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін Эталондық бақылау банкінде жариялау үшін «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;
Тармақша 2
2) осы қаулыны Астана қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. «Астана қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің басшысы осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.
Тармақ 5
5. Осы қаулының орындалуын бақылау «Астана қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің басшысына жүктелсін.
Басқа 0. Астана қаласы әкімдігінің «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесі
Астана қаласы әкімдігінің 2025 жылғы «__» __________ № ______________ қаулысына қосымша Астана қаласы әкімдігінің «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесі
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Астана қаласы әкімдігінің «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесі (бұдан әрі – Әдістеме) «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңы (бұдан әрі – Заң) 33-бабының 5-тармағына сәйкес әзірленген және Астана қаласы әкімдігінің «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың тәртібін айқындайды.
Тармақ 2
2. Мемлекеттік органдардың «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесін мемлекеттік органдардың бірінші басшылары Әдістеменің негізінде мемлекеттік орган қызметінің ерекшелігін есепке ала отырып бекітеді.
Тармақ 3
3. Әдістемеде пайдаланылатын негізгі ұғымдар:
Тармақша 1
1) басшылық лауазым – өзіне бағынышты бөлімшенің немесе жекелеген қызметшілердің қызметін ұйымдастыруға өкілеттіктер берілген «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымы;
Тармақша 2
2) тікелей басшы – мемлекеттік лауазымы бойынша жоғары тұрған, мемлекеттік қызметші өзінің лауазымдық нұсқаулығына сәйкес оған тікелей бағынысты болатын адам;
Тармақша 3
3) құрылымдық бөлімшенің/мемлекеттік органның басшысы – D-3 (құрылымдық бөлімшелердің басшылары), D-O-1, Е-1, Е-2 санаттарының «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшісі;
Тармақша 4
4) бағалаушы адам – тікелей басшы және/немесе құрылымдық бөлімшенің /мемлекеттік органның басшысы;
Тармақша 5
5) бағаланатын адам – өзіне қатысты бағалау жүргізілетін адам;
Тармақша 6
6) калибрлеу сессиялары – бағаланатын адамдардың қызметін бағалау нәтижелерін талқылау, ықтимал түзету және бекіту үшін лауазымды адамдардың мерзімді кездесулері;
Тармақша 7
7) бағаланатын кезең – мемлекеттік қызметшінің жұмыс нәтижелерін бағалау кезеңі.
Тармақ 4
4. «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау (бұдан әрі – бағалау) олардың жұмысының тиімділігі мен сапасын анықтау үшін «Е-қызмет» ықпалдастырылған ақпараттық жүйе (бұдан әрі – ақпараттық жүйе) арқылы жүргізіледі. Бағалауды бағалаушы адам болмаған жағдайда, оны алмастырушы адам жүргізеді. Іссапарға жіберілген адамдарды бағалау қабылдаушы мемлекеттік органмен іссапарда болу кезеңі үшін жүргізіледі. Мемлекеттік органның бірінші басшысының шешімі бойынша оның тікелей бағынысындағы адамдар осы мемлекеттік органның басшысымен бағалана алады.
Тармақ 5
5. Бағалау тоқсан қорытындысы бойынша – есепті тоқсаннан кейінгі айдың жиырмасыншы күнінен кешіктірілмей жүргізіледі. Қорытынды баға күнтізбелік жылдың есепті тоқсандары бойынша «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшісінің орташа бағасы негізінде ақпараттық жүйеде автоматты түрде қалыптастырылады. Қорытынды баға есепті жылдан кейінгі жылдың 30 қаңтарынан кешіктірілмей қалыптастырылады.
Тармақ 6
6. Егер бағаланатын қызметшінің бағаланатын кезеңде нақты лауазымда болу мерзімі бағаланатын лауазымға тағайындалған немесе сайланған күннен бастап бір айдан кем болған жағдайда, оған бағалау жүргізілмейді. Бұл ретте бағаланатын кезең қызметшінің нақты жұмыс істеген кемінде он бес жұмыс күнін қамтуы тиіс.
Тармақ 7
7. Бағалау мерзімі аяқталғанға дейін мемлекеттік органнан жұмыстан шығарылған қызметшілерді бағалау олардың қатысуынсыз Әдістеменің 5-тармағында көрсетілген мерзімде жүргізіледі.
Тармақ 8
8. Бағалау нәтижелері мынадай саралау бойынша қойылады:
Тармақша 1
1) «Функционалдық міндеттерін тиімді атқарады»,
Тармақша 2
2) «Функционалдық міндеттерін тиісті түрде атқарады»,
Тармақша 3
3) «Функционалдық міндеттерін қанағаттанарлық түрде атқарады»,
Тармақша 4
4) «Функционалдық міндеттерін қанағаттанарлықсыз түрде атқарады» (қанағаттанарлықсыз баға). «Функционалдық міндеттерін тиімді атқарады» нәтижесіне 4-тен 5 баллға дейін, «Функционалдық міндеттерін тиісті түрде атқарады» нәтижесіне 3-тен 3,99 баллға дейін, «Функционалдық міндеттерін қанағаттанарлық түрде атқарады» нәтижесіне 2-ден 2,99 баллға дейін, «Функционалдық міндеттерін қанағаттанарлықсыз түрде атқарады» нәтижесіне 0-ден 1,99 баллға дейінгі бағалар диапазоны сәйкес келеді.
Тармақ 9
9. Бағалауды ұйымдастырушылық сүйемелдеуді персоналды басқару қызметі немесе ол болмаған жағдайда персоналды басқару қызметінің (кадр қызметі) (бұдан әрі – персоналды басқару қызметі) міндеттерін атқару жүктелген құрылымдық бөлімшелер (адам), соның ішінде ақпараттық жүйе арқылы қамтамасыз етеді.
Тармақ 10
10. Бағаланатын қызметші өзінің бағалау нәтижелерін ақпараттық жүйеде, сондай-ақ «Е-қызмет» мобильді қосымша арқылы алады. Жұмыстан босатылған адамдарды таныстыру, есепті тоқсаннан кейінгі айдың ішінде, таныстыру тапсырылғаны туралы хабарламасы бар тапсырыс хатты және/немесе телефонограмманы және/немесе жеделхатты және/немесе ұялы байланыстың абоненттік нөмірі бойынша немесе электрондық мекенжай бойынша мәтіндік хабарды жіберу арқылы не хабарламаны немесе шақыруды тіркеуді қамтамасыз ететін өзге де байланыс құралдарын пайдалана отырып жүзеге асырылады.
Тармақ 11
11. Бағалау нәтижелерімен келіспеген жағдайда, қызметші бағалау нәтижелерімен танысқан күннен бастап бес жұмыс күні ішінде «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшісін мемлекеттік лауазымға тағайындауға және мемлекеттік лауазымнан босатуға құқығы бар лауазымды адамға калибрлеу сессиясын өткізу жөнінде еркін нысанда тиісті өтінішпен жүгінеді.
Тармақ 12
12. Мемлекеттік қызметші калибрлеу сессиясының шешіміне Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодекспен белгіленген тәртіпте шағымдана алады.
Тармақ 13
13. Бағалаумен байланысты құжаттар бағалау аяқталған күннен бастап үш жыл ішінде персоналды басқару қызметінде және ақпараттық жүйеде сақталады.
Тармақ 14
14. Бағалау нәтижелері жасырын ақпарат болып табылады және қызметтік қажеттілікті, сондай-ақ «Ақпаратқа қол жеткізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес мемлекеттік орган осы ақпаратты ашуға міндетті жағдайларды қоспағанда, үшінші адамдарға жария етуге жатпайды.
Тармақ 15
15. Бағалау рәсіміне байланысты келіспеушіліктерді барлық мүдделі адамдар мен тараптардың жәрдемдесуімен персоналды басқару қызметі қарастырады.
Тармақ 16
16. Персоналды басқару қызметінің басшысы мыналарға жауапты болады:
Тармақша 1
1) коммуникациялық хабарламаларды дайындау, бағалау процесіне қатысушыларға консультация жүргізуді қосқанда, қызметті бағалау процесін ұйымдастыру мен сүйемелдеу;
Тармақша 2
2) қажет болған жағдайда бағалаушы мен бағаланатын адамдардың кездесуіне қатысу, қызметті бағалау процесінің мәселелері бойынша консультация беру жолымен даулы мәселелерді шешуге көмектесу;
Тармақша 3
3) калибрлеу сессияларына дайындық шеңберінде әр қызметкерге ақпарат дайындауды қоса алғанда, калибрлеу сессиясын өткізу;
Тармақша 4
4) есепті кезең ішінде олардың қызметін бағалау шеңберінде қажетті құжаттарды толтыру толықтығы мен уақтылы орындалуын, қызметкерлердің қызметіне бағалау жүргізу шеңберінде қызметкерге тиісті хабарламалар жіберу, қажетті есептік жазбаларды жүргізу.
Тарау 2. 2-тарау. «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерін бағалау тәртібі
2-тарау. «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерін бағалау тәртібі
Тармақ 17
17. D-3 (құрылымдық бөлімшелердің басшылары), D-O-1, Е-1, Е-2 санаттарының «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерін бағалау тікелей басшымен осы Әдістемеге 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жүргізіледі. Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген адамдарды қоспағанда, басшы лауазымдарды атқаратын «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерін бағалау құрылымдық бөлімшенің/мемлекеттік органның басшысымен осы Әдістемеге 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жүргізіледі. D-3 санатының (құрылымдық бөлімшелердің басшыларын қоспағанда) «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерін бағалау тікелей басшымен Әдістемеге 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жүргізіледі. «Б» корпусының өзге мемлекеттік әкімшілік қызметшілерін бағалау құрылымдық бөлімшенің/мемлекеттік органның басшысымен Әдістемеге 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жүргізіледі.
Тармақ 18
18. Бағалаушы адамға бағалау парағы персоналды басқару қызметімен ақпараттық жүйе арқылы жіберіледі. Бағалаушы адаммен 0-ден 5-ке дейінгі баға қойылады. Егер бағаланатын адамдардың саны жиырма адамнан асқан жағдайда, бағалауды бағалаушы адам айқындайтын «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілері де жүзеге асырады.
Тарау 3. 3-тарау. Калибрлеу сессияларын өткізу және кері байланыс ұсыну тәртібі
3-тарау. Калибрлеу сессияларын өткізу және кері байланыс ұсыну тәртібі
Тармақ 19
19. Бағалау процесіне бірыңғай тәсілді келісу және сақтау мақсатында мемлекеттік органдар Әдістеменің 11-тармағында көзделген тәртіппен калибрлеу сессияларын өткізеді.
Тармақ 20
20. «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшісін мемлекеттік лауазымға тағайындау және мемлекеттік лауазымнан босату құқығы бар лауазымды адам қызметшінің өтініші түскен уақыттан бастап үш жұмыс күн ішінде калибрлеу сессиясын өткізу туралы шешім қабылдайды және оның құрамын бекітеді. Калибрлеу сессиясының құрамы мүшелердің тақ санынан тұрады. Калибрлеу сессиясы мүшелерінің саны үштен кем болмауы тиіс. Нақты калибрлеу сессиясының құрамына бағамен келіспейтін адам, сондай-ақ оны бағалаған адам кірмейді. Калибрлеу сессиясы мүшелерінің құрамына бағалаушы адамдар (бағалауы калибрлеу сессиясында қаралуға жататын адамды қоспағанда), сондай-ақ персоналды басқару қызметінің қызметкері не персоналды басқару қызметінің міндеттерін орындау жүктелген адам кіреді.
Тармақ 21
21. Калибрлеу сессиясы қызметшінің өтініші түскен күннен бастап он жұмыс күн ішінде осы Әдістеменің 11-тармағында көзделген тәртіппен өткізіледі.
Тармақ 22
22. Персоналды басқару қызметі калибрлеу сессиясының қызметін ұйымдастырады.
Тармақ 23
23. Калибрлеу сессиясында бағалаушы адам бағаланатын адамның жұмысын қысқаша сипаттайды және өз бағасына дәлел келтіреді. Бағаланатын адам калибрлеу сессиясының мүшелеріне жазбаша немесе ауызша нысанда бағалауға өзінің келіспейтіндігін дәлелдеуге құқылы. Калибрлеу сессиясының мүшелері бағалаушы адамның бағасын қолдауы немесе бағалауға түзетулер енгізу үшін дәлелдер келтіруі мүмкін. Бағалауды түзетулер жоғарылау жағынан да, төмендеу жағынан да енгізілуі мүмкін. Қорытынды баға калибрлеу сессиясы мүшелерінің басым дауысымен қабылданады және тиісті хаттамамен рәсімделеді. Персоналды басқару қызметі хаттамаға қол қойылған күннен бастап үш жұмыс күн ішінде оның ақпараттық жүйеге (техникалық мүмкіндік болған жағдайда) орналастырылуын қамтамасыз етеді.
Тармақ 24
24. Калибрлеу сессиясының нәтижелері бойынша бағалаушы адам бағаланатын қызметшімен кездесу өткізеді және қорытынды бағалау нәтижесі туралы кері байланысты ұсынады. Кездесу кезінде мынадай мәселелер талқыланады: бағаланатын кезеңдегі жетістіктеріне шолу; машықтар мен құзыреттердің дамуына шолу; қызметкердің әлеуетін шолу және мансаптық мақсатын талқылау. Бағалаушы адам кездесу кезінде ашық және достық қалыптағы диалогты қамтамасыз етеді. _____________________________
Басқа 1
Астана қаласы әкімдігінің «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесіне 1-қосымша Нысан (Бағаланатын адамның Т.А.Ә., мемлекеттік органды көрсете отырып лауазымы) _______________________________________________________________________________ (Бағаланатын кезең) _______________________________________________________________________________ (Бағалайтын қызметшінің Т.А.Ә., мемлекеттік органды көрсете отырып лауазымы) _______________________________________________________________________________ «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау (бұдан әрі – бағалау) мақсатында Сізге өз әріптестеріңізді 5 баллдық шкала бойынша бағалауды ұсынамыз. Бағаларды объективті түрде, жеке ұнатуларсыз/ұнатпауларсыз қою керек. Сауалнаманы басынан аяғына дейін алаңдамай толтыру қажет. Осылайша, Сіз уақытты үнемдей аласыз және нәтижелердің дұрыстылығын арттыра аласыз. Көрсеткіштер Бағалау (0- ден* 5 баллға дейін) Түсінік-теме (қалау бойын-ша) Толтыру кезінде түсініктеме 1. Жетекшілік ететін бөлімшелерде (жетекшілік ететін қызметшілердің) міндеттердің сапалы орындалуын қамтамасыз ету Есепке алынады: жетекшілік ететін бөлімшелердегі міндеттер мен тапсырмаларды сапалы орындау; осы көрсеткіш бойынша негізделген ескертулердің, қайтарулардың, шағымдардың немесе осы көрсеткіш бойынша мемлекеттік органның әдістемесінде айқындалған өзге де фактілер 2. Жетекшілік ететін бөлімшелерде (жетекшілік ететін қызметшілердің) міндеттердің орындалу мерзімдерінің сақталуын қамтамасыз ету Есепке алынады: орындаудың жеделдігі; осы көрсеткіш бойынша құжаттарды, тапсырмаларды, міндеттерді орындау мерзімдерінің бұзылмауы немесе осы көрсеткіш бойынша мемлекеттік органның әдістемесінде айқындалған өзге де фактілер. 3. Көшбасшылық және шешім қабылдау дағдылары Есепке алынады: команданы басқаруды және командалық нәтиже үшін жауапкершілікті өз мойнына ала білу; мақсаттар мен міндеттерді нақты белгілей білу; жеке мысал арқылы тиімді қарым-қатынас және оң командалық климат құру арқылы команданы ынталандыру мүмкіндігі; белгісіздік жағдайында тиімді әрекет ете білу; ықтимал тәуекелдерді ескере отырып, міндеттерді шешудің бірнеше нұсқаларын ұсына білу; осы көрсеткіш бойынша мемлекеттік органның әдістемесінде айқындалған өзге де фактілер. 4. Бағалаушы адамның еңбек тәртібін сақтауы Есепке алынады: кешігудің болмауы; себепсіз жұмыстан мерзімінен бұрын шығудың болмауы; қызметтік әдеп бұзушылықтардың болмауы; ақпараттық қауіпсіздік талаптарын сақтау; мемлекеттік құпияларды қамтамасыз ету жөніндегі талаптарды сақтау; мемлекеттік орган регламентінің сақталуы немесе осы көрсеткіш бойынша мемлекеттік органның әдістемесінде айқындалған өзге де фактілер. 5. Тәртіптік жазалардың болмауы Бағаланатын тоқсанда қолданылған тәртіптік жаза ескеріледі. Тәртіптік жаза болған жағдайда: ескерту, сөгіс, қатаң сөгіс үшін баға 2,99 баллдан аспауы керек; жазаның өзге де түрлері түрінде, оның ішінде мемлекеттік қызметке кір келтіретін теріс қылықтары үшін баға 1,99 баллдан аспауы тиіс. Орташа қорытынды баға Ескертпе: Орташа қорытынды бағаны есептеу үшін қойылған бағалар сомасын бағаланатын көрсеткіштер санына бөлу керек. * Бағалаудың 0 баллы қызметші бағалау көрсеткішін толық орындамаған жағдайда қойылады. Бағалау нәтижесі: ____________ (функционалдық міндеттерін тиімді атқарады, функционалдық міндеттерін тиісті түрде атқарады, функционалдық міндеттерін қанағаттанарлық түрде атқарады, функционалдық міндеттерін қанағаттанарлықсыз түрде атқарады. Қызметшінің бағалау нәтижесі орташа қорытынды бағаның негізінде қойылады. Қолы ________________ (электрондық цифрлық қолтаңба арқылы куәләндырылған) Күні _________________ _____________________________
Басқа 2
Астана қаласы әкімдігінің «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесіне 2-қосымша Нысан (Бағаланатын адамның Т.А.Ә., мемлекеттік органды көрсете отырып лауазымы) _______________________________________________________________________________ (Бағаланатын кезең) _______________________________________________________________________________ (Бағалайтын қызметшінің Т.А.Ә., мемлекеттік органды көрсете отырып лауазымы) _______________________________________________________________________________ «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау (бұдан әрі – бағалау) мақсатында Сізге өз әріптестеріңізді 5 баллдық шкала бойынша бағалауды ұсынамыз. Бағаларды объективті түрде, жеке ұнатуларсыз/ұнатпауларсыз қою керек. Сауалнаманы басынан аяғына дейін алаңдамай толтыру қажет. Осылайша, Сіз уақытты үнемдей аласыз және нәтижелердің дұрыстылығын арттыра аласыз. Көрсеткіштер Бағалау (0- ден* 5 баллға дейін) Түсінік-теме (қалау бойын-ша) Толтыру кезінде түсініктеме 1. Жетекшілік ететін бөлімшелерде (жетекшілік ететін қызметшілердің) міндеттердің сапалы орындалуын қамтамасыз ету Есепке алынады: жетекшілік ететін бөлімшелердегі міндеттер мен тапсырмаларды сапалы орындау; осы көрсеткіш бойынша негізделген ескертулердің, қайтарулардың, шағымдардың немесе осы көрсеткіш бойынша мемлекеттік органның әдістемесінде айқындалған өзге де фактілер. 2. Жетекшілік ететін бөлімшелерде (жетекшілік ететін қызметшілердің) міндеттердің орындалу мерзімдерінің сақталуын қамтамасыз ету Есепке алынады: орындаудың жеделдігі; осы көрсеткіш бойынша құжаттарды, тапсырмаларды, міндеттерді орындау мерзімдерінің бұзылмауы немесе осы көрсеткіш бойынша мемлекеттік органның әдістемесінде айқындалған өзге де фактілер. 3. Көшбасшылық және шешім қабылдау дағдылары Есепке алынады: команданы басқаруды және командалық нәтиже үшін жауапкершілікті өз мойнына ала білу; мақсаттар мен міндеттерді нақты белгілей білу; жеке мысал арқылы тиімді қарым-қатынас және оң командалық климат құру арқылы команданы ынталандыру мүмкіндігі; белгісіздік жағдайында тиімді әрекет ете білу; ықтимал тәуекелдерді ескере отырып, міндеттерді шешудің бірнеше нұсқаларын ұсына білу; осы көрсеткіш бойынша мемлекеттік органның әдістемесінде айқындалған өзге де фактілер. 4. Бағалаушы адамның еңбек тәртібін сақтауы Есепке алынады: кешігудің болмауы; себепсіз жұмыстан мерзімінен бұрын шығудың болмауы; қызметтік әдеп бұзушылықтардың болмауы; ақпараттық қауіпсіздік талаптарын сақтау; мемлекеттік құпияларды қамтамасыз ету жөніндегі талаптарды сақтау; мемлекеттік орган регламентінің сақталуы немесе осы көрсеткіш бойынша мемлекеттік органның әдістемесінде айқындалған өзге де фактілер. 5. Тәртіптік жазалардың болмауы Бағаланатын тоқсанда қолданылған тәртіптік жаза ескеріледі. Тәртіптік жаза болған жағдайда: ескерту, сөгіс, қатаң сөгіс үшін баға 2,99 баллдан аспауы керек; жазаның өзге де түрлері түрінде, оның ішінде мемлекеттік қызметке кір келтіретін теріс қылықтары үшін баға 1,99 баллдан аспауы тиіс Орташа қорытынды баға Ескертпе: Орташа қорытынды бағаны есептеу үшін қойылған бағалар сомасын бағаланатын көрсеткіштер санына бөлу керек. * Бағалаудың 0 баллы қызметші бағалау көрсеткішін толық орындамаған жағдайда қойылады. Бағалау нәтижесі: ____________ (функционалдық міндеттерін тиімді атқарады, функционалдық міндеттерін тиісті түрде атқарады, функционалдық міндеттерін қанағаттанарлық түрде атқарады, функционалдық міндеттерін қанағаттанарлықсыз түрде атқарады. Қызметшінің бағалау нәтижесі орташа қорытынды бағаның негізінде қойылады. Қолы ________________ (электрондық цифрлық қолтаңба арқылы куәләндырылған) Күні _________________ _____________________________