Об утверждении Типового устава фонда целевого капитала Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 21.10.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Нысаналы капитал қорының үлгілік жарғысын бекіту туралы «Нысаналы капитал қорлары және эндаумент-қорлар (нысаналы капиталдар) туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабының 1) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған нысаналы капитал қорының үлгілік жарғысы бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі Азаматтық қоғам істері комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеу;
Тармақша 2
2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін Мәдениет және ақпарат министрлігінің интернет-ресурсында орналастыру.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат вице-министріне жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. «КЕЛІСІЛГЕН» Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі
Басқа 7. Нысаналы капитал қорының үлгілік жарғысы
Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрі 2025 жылғы 21 қазандағы № 576-НҚ Бұйрығымен бекітілген Нысаналы капитал қорының үлгілік жарғысы
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Нысаналы капитал қорының Жарғысы (бұдан әрі – Жарғы) (корпоративтік/жеке/қоғамдық) _____________________ (атауы өтініште көрсетіледі) оның атауын, орналасқан жерін, оның органдарын қалыптастыру тәртібі мен құзыретін, оның қызметін қайта ұйымдастыру және тоқтату шарттарын және Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне қайшы келмейтін басқа да ережелерді айқындайды.
Тармақ 2
2. Нысаналы капитал қоры (бұдан әрі – Қор) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес коммерциялық емес ұйым нысанында заңды тұлға болып табылады, дербес балансы, банктік шоттары болады, өз атынан мүліктік және жеке мүліктік емес құқықтарды иеленіп, жүзеге асыра алады, сотта талап қоюшы және жауапкер болуға міндетті.
Тармақ 3
3. Қордың толық атауы:
Тармақша 1
1) мемлекеттік тілде __________________________________________; (атауы өтініште көрсетіледі)
Тармақша 2
2) орыс тілде _________________________________________________. (атауы өтініште көрсетіледі)
Тармақ 4
4. Қордың қысқартылған атауы:
Тармақша 1
1) мемлекеттік тілде ___________________________________________; (атауы өтініште көрсетіледі)
Тармақша 2
2) орыс тілде _________________________________________________. (атауы өтініште көрсетіледі)
Тармақ 5
5. Қордың атқарушы органының орналасқан жері __________________________________________________________________. (атауы өтініште көрсетіледі)
Тарау 2. 2-тарау. Қордың құқықтық мәртебесі
2-тарау. Қордың құқықтық мәртебесі
Тармақ 6
6. Қор – әлеуметтік салада қызмет жүргізетін, мақсатты капиталдың (эндаумент-қордың) активтерін басқару арқылы инвестициялық табыс алуды және эндаумент-қордың (мақсатты капиталдың) қайырымдылық бағдарламасында көзделген қайырымдылық нысандарын қаржыландыруды қамтамасыз ету мақсатында құрылатын, қордың ұйымдық-құқықтық нысанында құрылатын коммерциялық емес ұйым болып табылады. Бұл қызмет заңнамада белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.
Тармақ 7
7. Қор Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасы аумағында филиалдар мен өкілдіктер құруға құқылы.
Тармақ 8
8. Филиал – Қордың орналасқан жерінен тыс жерде орналасқан, Қордың барлық немесе бір бөлігіндегі функцияларын, соның ішінде өкілдік қызметін жүзеге асыратын оқшауланған құрылымдық бөлімшесі болып табылады.
Тармақ 9
9. Өкілдік – Қордың орналасқан жерінен тыс жерде орналасқан, Қордың мүдделерін қорғау және өкілеттік ету, оның атынан мәмілелер мен өзге де құқықтық әрекеттер жасау қызметін жүзеге асыратын оқшауланған құрылымдық бөлімшесі.
Тармақ 10
10. Қор басқа заңды тұлғалармен бірлестіктерге (одақтарға) кіре алады, сондай-ақ басқа заңды тұлғалардың қатысушысы бола алады.
Тармақ 11
11. Қорда мемлекеттік және орыс тілдерінде ұйымның толық атауы бар мөрі, мөртабаны және бланкілері, сондай-ақ белгіленген тәртіппен тіркелген эмблемасы (нышаны) болады.
Тармақ 12
12. Қор заңнамада белгіленген тәртіппен банктерде шоттар ашуға, меншiгiнде немесе оралымды басқаруында оқшауланған мүлкi, сондай-ақ дербес балансы немесе сметасы болуға. Мүліктік және жеке мүліктік емес құқықтарды иемденiп алуға және жүзеге асыруға, Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес жауапкершілік көтеруге, сотта талап қоюшы және жауапкер болуға құқылы.
Тарау 3. 3-тарау. Қызметтің мәні мен мақсаттары
3-тарау. Қызметтің мәні мен мақсаттары
Тармақ 13
13. Қор қызметінің негізгі мақсаты эндаумент-қордың (нысаналы капиталдың) қайырымдылық бағдарламасында көзделген қайырымдылық объектілерін эндаумент-қордың (нысаналы капиталдың) ақшасын және (немесе) өзге де активтерін инвестициялау және кейіннен инвестициялық кірісті пайдалану арқылы қаржылық қолдау болып табылады.
Тармақ 14
14. Қор мынадай қызмет түрлерін жүзеге асырады:
Тармақша 1
1) эндаументтерді (нысаналы салымдарды) иелену, пайдалану және оларға билік ету;
Тармақша 2
2) эндаумент-қорларды (нысаналы капиталдарды) қалыптастыру және (немесе) толықтыру;
Тармақша 3
3) эндаумент-қорлардың (нысаналы капиталдардың) активтерін басқару;
Тармақша 4
4) эндаумент-қорлардың (нысаналы капиталдардың) активтерін инвестициялау;
Тармақша 5
5) эндаумент-қордың (нысаналы капиталдың) қайырымдылық бағдарламасында көзделген қайырымдылық объектілерін қаржыландыру;
Тармақша 6
6) салымшылармен, құрылтайшылармен, пайда алушылармен және басқа да қатысушылармен өзара іс-қимыл жасау;
Тармақша 7
7) ақша жинау және эндаументтерді (нысаналы салымдарды) тарту жолымен эндаумент-қорлардың (нысаналы капиталдардың) активтерін ұлғайтуға бағытталған бастамалар жүргізу;
Тармақша 8
8) Қазақстан Республикасының заңнамасында және Жарғыда көзделген өзге де қызмет.
Тармақ 15
15. Қор қызметінің барлық түрлері Заңда және құрылтай құжаттарында белгіленген мақсаттарға қол жеткізуге бағытталған.
Тарау 4. 4-тарау. Қордың басқару органдарын қалыптастыру құрылымы мен тәртібі
4-тарау. Қордың басқару органдарын қалыптастыру құрылымы мен тәртібі
Тармақ 16
16. Қордың басқару органдары:
Тармақша 1
1) жоғары алқалы орган – қамқоршылық кеңес;
Тармақша 2
2) атқарушы орган – алқалы орган немесе атауы Жарғыда белгіленетін, атқарушы органның функцияларын жеке-дара жүзеге асыратын тұлға;
Тармақша 3
3) ішкі аудит қызметі – қамқоршылық кеңес сайлайтын немесе тағайындайтын бақылау органы;
Тармақша 4
4) Заңға және Жарғыға сәйкес өзге де органдар.
Тармақ 17
17. Қордың басқару органдарын қалыптастыру құрылымы, тәртібі Заңның ерекшеліктері ескеріле отырып, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне, Қазақстан Республикасының коммерциялық емес ұйымдар туралы заңнамасына сәйкес айқындалған.
Тармақ 18
18. Қор жұмыскерлерін тағайындау, шеттету тәртібі, олардың өкілеттіктері мен жауапкершілігі Қазақстан Республикасының заңдарында және Жарғыда белгіленеді.
Тармақ 19
19. Қордың консультативтік-кеңесші органдары қамқоршылық кеңестің құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша ұсыныстар мен ұсынымдар әзірлеу мақсатында тек қана қамқоршылық кеңестің шешімі бойынша құрылуы мүмкін.
Тарау 5. 5-тарау. Қамқоршылар кеңесі
5-тарау. Қамқоршылар кеңесі
Тармақ 20
20. Қамқоршылық кеңес Қордың алқалы жоғары басқару органы болып табылады, ол:
Тармақша 1
1) Қор қызметінің жалпы стратегиясы мен бағыттарын айқындайды;
Тармақша 2
2) Қор Заңға сәйкес эндаумент-қорды (нысаналы капиталды) қалыптастыру және (немесе) толықтыру арқылы қол жеткізетін мақсаттарды айқындайды;
Тармақша 3
3) қамқоршылық кеңестің құрамы мен мүшелерінің саны бойынша өзгерістерді бекітеді;
Тармақша 4
4) эндаумент-қорды (нысаналы капиталды) қалыптастыру және (немесе) толықтыру, эндаумент-қор (нысаналы капитал) қалыптастырылатын мерзім (егер мерзім нысаналы салым шартында айқындалмаса) және эндаумент-қорды (нысаналы капиталды) таратып жіберу туралы шешімдер қабылдайды;
Тармақша 5
5) Жарғыға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізеді;
Тармақша 6
6) Заңға және Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Қордың қызметін жүзеге асыру тәртібін белгілейтін ішкі құжаттарды бекітеді;
Тармақша 7
7) эндаумент-қордың (нысаналы капиталдың) активтерін басқару мен инвестициялаудың кәсіби әдеп қағидаларын бекітеді;
Тармақша 8
8) Қордың есепке алу саясатын бекітеді;
Тармақша 9
9) Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасына сәйкес жылдық қаржылық есептілікті бекітеді;
Тармақша 10
10) жыл сайын Қордың қаржылық жоспарын (бұдан әрі – қаржылық жоспар) бекітеді;
Тармақша 11
11) қаржылық жоспардың орындалуын бақылауды жүзеге асырады;
Тармақша 12
12) инвестициялық декларацияны, сондай-ақ оған өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды бекітеді;
Тармақша 13
13) егер көрсетілген талаптар қайырмалдық шартында айқындалмаса, Қордың меншікті қаражатын және ерікті қайырмалдықтарды пайдаланудың арналымы мен мақсаттарын айқындайды;
Тармақша 14
14) басқарушы компанияларға (фидуциарийлерге) қойылатын талаптарды әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 15
15) эндаумент-қордың (нысаналы капиталдың) қайырымдылық бағдарламаларын бекітеді;
Тармақша 16
16) эндаумент-қордың (нысаналы капиталдың) қайырымдылық бағдарламасының орындалуын бақылауды жүзеге асырады;
Тармақша 17
17) жыл сайын Қордың қызметін қамтамасыз етуге жұмсалатын шығыстардың мөлшерлерін бекітеді;
Тармақша 18
18) Қор атқарушы органының басшысын тағайындау немесе шеттету, атқарушы орган мүшелерінің (атқарушы органның функцияларын жеке-дара жүзеге асыратын адамның) сандық құрамы мен өкілеттіктер мерзімі, оларды (оны) тағайындау және өкілеттіктерін мерзімінен бұрын тоқтату тәртібі туралы шешімдер қабылдайды;
Тармақша 19
19) ішкі аудит қызметінің басшысын тағайындау немесе шеттету туралы шешімдер қабылдайды;
Тармақша 20
20) Қордың консультативтік-кеңесші органдарын құру туралы шешімдер қабылдайды;
Тармақша 21
21) Қордың консультативтік-кеңесші органдарының қызметі туралы ережені бекітеді;
Тармақша 22
22) басқарушы компания (фидуциарий) мен аудиторлық ұйымды, сондай-ақ олардың сыйақысының мөлшері мен нысандарын айқындайды;
Тармақша 23
23) эндаумент-қорды (нысаналы капиталды) қалыптастыру және (немесе) толықтыру үшін ақша жинау туралы шешімдер қабылдайды және ақша жинау жөніндегі нысаналы салым шартының үлгілік нысанын бекітеді;
Тармақша 24
24) егер көрсетілген талаптар нысаналы салым шартында айқындалмаса, инвестициялық кірісті пайдаланудың арналымы мен мақсаттарын, сондай-ақ пайда алушыларды, пайда алушыларға инвестициялық кіріс есебінен төленетін төлемдердің көлемін, оларды жүзеге асырудың кезеңділігі мен тәртібін айқындайды;
Тармақша 25
25) атқарушы орган ұсынған, эндаумент-қорды (нысаналы капиталды) қалыптастыруға және (немесе) толықтыруға негіз болатын нысаналы салым шартын келіседі;
Тармақша 26
26) жыл сайын Қордың қызмет бағыттары бойынша оның ақпараттық-түсіндіру жұмысының жоспарын бекітеді;
Тармақша 27
27) Қор жұмыскерлерінің еңбегіне ақы төлеу және оларға сыйлықақы беру туралы ережені бекітеді;
Тармақша 28
28) Эндаумент-қордың (нысаналы капиталдың) активтерін сенімгерлік басқаруға беру туралы шешімді қабылдайды.
Тармақ 21
21. Қамқоршылық кеңес Қордың құрылтайшылары (олардың өкілдері), салымшылар (олардың өкілдері), қоғам алдында сіңірген еңбегі, Қор қызметінің мақсаттарына сай салада беделі және (немесе) жетістіктері бар азаматтар және заңды тұлғалардың өкілдері қатарынан құрылады. Қамқоршылық кеңестің құрамына Қордың үлестес тұлғалары болып табылатын бір заңды тұлғаның немесе әртүрлі заңды тұлғалардың өкілдері болып табылатын екі және одан да көп тұлға кіре алмайды. Бұл шектеу Қор құрылтайшыларының өкілдеріне қолданылмайды. Қордың құрылтайшылары немесе олардың өкілдері қамқоршылық кеңес құрамының үштен бірінен аспайтын бөлігін құрауы мүмкін. Қор өздеріне жүктелген функцияларды орындағаны үшін Қордың қамқоршылық кеңесінің мүшелеріне және консультативтік-кеңесші органдарының мүшелеріне сыйақы төлеуді жүзеге асыруға құқылы емес.
Тармақ 22
22. Қамқоршылық кеңестің бастапқы құрамын Қордың құрылтайшылары бекітеді және жеті мүшеден кем болмауы тиіс.
Тармақ 23
23. Эндаумент (нысаналы салымның) мөлшері соңғы есепті күні эндаумент-қордың (нысаналы капиталдың) он пайызынан астамын құрайтын салымшы өзін немесе өз өкілін қамқоршылық кеңестің құрамына енгізуді талап етуге құқылы. Бұл жағдайда қамқоршылық кеңес осындай салымшыны немесе оның өкілін салымшының тиісті талабын алған күннен бастап бір ай ішінде, егер мұндай енгізу Жарғының 21-тармағына қайшы келмесе, қамқоршылық кеңестің құрамына енгізу туралы шешім қабылдауға міндетті.
Тарау 6. 6-тарау. Атқарушы орган
6-тарау. Атқарушы орган
Тармақ 24
24. Атқарушы орган Қордың ағымдағы қызметіне басшылықты жүзеге асырады. Атқарушы орган алқалы немесе жеке-дара болуы мүмкін. Атқарушы орган Заңмен және Жарғымен қамқоршылық кеңестің айрықша құзыретіне жатқызылған мәселелерді қоспағанда, Қордың қызметіне ағымдағы басшылықты жүзеге асырады және қамқоршылық кеңеске есеп береді. Алқалы атқарушы органның шешімдері хаттамамен ресімделеді, оған атқарушы органның отырысқа қатысып отырған барлық мүшесі қол қоюға және онда дауысқа салынған мәселелер, атқарушы органның әр мүшесінің әрбір мәселе бойынша дауыс беру нәтижесі көрсетілген, осы мәселелер бойынша дауыс беру қорытындылары қамтылуға тиіс. Атқарушы орган мүшесінің дауыс беру құқығын өзге адамға, оның ішінде атқарушы органның басқа мүшесіне беруіне жол берілмейді. Атқарушы орган қамқоршылық кеңестің шешімдерін орындауға міндетті.
Тармақ 25
25. Атқарушы органның басшысы:
Тармақша 1
1) қамқоршылық кеңестің шешімдерінің орындалуын ұйымдастырады;
Тармақша 2
2) үшінші тұлғалармен қарым-қатынаста Қор атынан сенімхатсыз әрекет етеді;
Тармақша 3
3) өз құзыреті шегінде үшінші тұлғалармен қарым-қатынастарда Қордың атынан өкілдік ету құқығына сенімхат береді;
Тармақша 4
4) атқарушы органның құрамына кіретін жұмыскерлерді және ішкі аудит қызметінің жұмыскерлерін қоспағанда, Қордың жұмыскерлерін (Заңда белгіленген жағдайларды қоспағанда) қабылдауды, ауыстыруды және жұмыстан босатуды жүзеге асырады, оларға көтермелеу шараларын қолданады және тәртіптік жаза қолданады, штат кестесіне және Қор жұмыскерлерінің еңбегіне ақы төлеу және оларға сыйлықақы беру туралы ережеге сәйкес, Қор жұмыскерлерінің лауазымдық жалақыларының және жалақыға дербес үстемеақылардың мөлшерін белгілейді;
Тармақша 5
5) өзі болмаған жағдайда алқалы атқарушы орган жанындағы өз міндеттерін атқаруды атқарушы орган мүшелерінің біріне жүктейді;
Тармақша 6
6) атқарушы орган мүшелерінің арасында міндеттерді, сондай-ақ өкілеттіктер саласын және жауапкершілікті бөледі;
Тармақша 7
7) пайда алушылардың ұсыныстарын ескере отырып, эндаумент-қордың (нысаналы капиталдың) қайырымдылық бағдарламаларын әзірлеуді қамтамасыз етеді;
Тармақша 8
8) эндаумент-қордың (нысаналы капиталдың) қайырымдылық бағдарламаларын қамқоршылық кеңеске бекітуге енгізеді;
Тармақша 9
9) қамқоршылық кеңес бекіткен эндаумент-қордың (нысаналы капиталдың) қайырымдылық бағдарламаларын орындайды;
Тармақша 10
10) қамқоршылық кеңес бекіткен Қордың қызмет бағыттары бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмысының жоспарын әзірлейді және орындайды.
Тармақ 26
26. Қордың жұмыскерлері алқалы атқарушы органның мүшелері бола алады. Атқарушы органның мүшесі қамқоршылық кеңестің келісімімен ғана басқа ұйымдарда жұмыс істеуге құқылы. Атқарушы органның басшысы не атқарушы органның функцияларын жеке-дара жүзеге асыратын адам атқарушы орган басшысының не атқарушы органның, басқа заңды тұлғаның функцияларын жеке-дара жүзеге асыратын адамның лауазымын атқаруға не шетелдік заңды тұлғаның филиалы немесе өкілдігі басшысының лауазымын атқаруға құқылы емес. Атқарушы орган мүшесінің функциялары, құқықтары мен міндеттері Заңда, Қазақстан Республикасының заңдарында, Жарғыда, сондай-ақ атқарушы орган мүшесі мен Қор арасында жасалатын еңбек шартында белгіленеді. Қордың атынан атқарушы органның басшысымен еңбек шартына қамқоршылық кеңестің төрағасы немесе оған Қамқоршылық кеңес уәкілеттік берген адам қол қояды. Атқарушы органның қалған мүшелерімен еңбек шартына атқарушы органның басшысы қол қояды.
Тармақ 27
27. Атқарушы органның басшысы мен мүшелері қамқоршылық кеңестің құрамына кірмейді.
Тармақ 28
28. Салымшы мен оның өкілдерінің, сондай-ақ Қордың үлестес тұлғаларының атқарушы орган басшысының немесе мүшелерінің лауазымдарын атқаруға құқығы жоқ. 29.Қордың үлестес тұлғалары туралы мәліметтерді ашу тәртібі Жарғыда белгіленеді. 30.Атқарушы органның басшысы мен мүшелері өз міндеттерін орындау кезінде Қордың мүддесінде әрекет етуге тиіс.
Тарау 7. 7-тарау. Ішкі аудит қызметі
7-тарау. Ішкі аудит қызметі
Тармақ 31
31. Қаржы-шаруашылық қызметті бақылауды жүзеге асыру және ішкі бақылауды қамтамасыз ету үшін ішкі аудит қызметі құрылады. 32.Ішкі аудит қызметінің жұмыскерлері қамқоршылық кеңестің және атқарушы органның құрамына сайлана алмайды. Ішкі аудит қызметінің жұмыскерлерін қамқоршылық кеңестің келісімінсіз жұмыстан шығаруға жол берілмейді. 33.Ішкі аудит қызметі тікелей қамқоршылар кеңеске бағынады және өз жұмысы туралы оның алдында есеп береді. 34.Ішкі аудит қызметі:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасы заңнамасының, Жарғының және Қор қызметін жүзеге асыру тәртібін белгілейтін Қордың ішкі құжаттарының сақталуын тексереді;
Тармақша 2
2) қаражатты мақсатсыз пайдалану және фидуциарлық міндеттемелерді бұзу жағдайларын анықтайды;
Тармақша 3
3) жыл сайын өткен жылдың аудиторлық есебін бекіту үшін қамқоршылық кеңеске ұсынады, қажет болған кезде анықталған және (немесе) ықтимал бұзушылықтардың бар екендігі туралы түсіндірме жазбаны аудиторлық есепке қоса береді;
Тармақша 4
4) Қазақстан Республикасының аудиторлық қызмет туралы заңнамасына сәйкес құрылған аудиторлық қызмет жөніндегі кәсіби кеңеспен, сондай-ақ қажет болған кезде басқа да аудиторлық ұйымдармен өзара іс-қимыл жасайды.
Тармақ 35
35. Ішкі аудит қызметі Қазақстан Республикасының заңнамасының, Жарғының және Қор қызметін жүзеге асыру тәртібін белгілейтін Қордың ішкі құжаттарының анықталған және (немесе) ықтимал бұзушылықтардың бар екендігі туралы тікелей қамқоршылық кеңестің төрағасына хабарлауға міндетті.
Тарау 8. 8-тарау. Салымшылардың құқықтары мен міндеттері
8-тарау. Салымшылардың құқықтары мен міндеттері 36.Салымшылар:
Тармақша 1
1) талап ету бойынша Қордың қызметі, оның қаржылық жағдайы және эндаумент-қор (нысаналы капитал) активтерінің пайдаланылуы туралы ақпарат алуға;
Тармақша 2
2) эндаумент-қордың (нысаналы капиталдың) Заңға және Жарғыға сай келетін қайырымдылық бағдарламаларын ұсынуға;
Тармақша 3
3) егер бұл Жарғыда көзделсе, Қордың консультативтік-кеңесші органдарының және (немесе) басқару органдарының қызметіне қатысуға;
Тармақша 4
4) Заңға, Қордың құрылтай және ішкі құжаттарына сәйкес Қорды басқаруға қатысуға;
Тармақша 5
5) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өздерінің құқықтары мен заңды мүдделерін бұзатын Қордың басқару органдарының әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) немесе шешімдеріне шағым жасауға;
Тармақша 6
6) нысаналы салым шартының мерзімі өткен, эндаумент-қор (нысаналы капитал) таратып жіберілген жағдайларда және нысаналы салым шартында көзделген өзге де жағдайларда эндаументті (нысаналы салымды) қайтаруды талап етуге құқығы бар. 37.Салымшылар:
Тармақша 1
1) Қордың консультативтік-кеңесші органдарының және (немесе) басқару органдарының қызметіне қатысқан жағдайда Жарғыны сақтауға;
Тармақша 2
2) жасалған нысаналы салым шарттарына сәйкес мүлікті эндаумент-қорға (нысаналы капиталға) беруді уақтылы және толық жүзеге асыруға;
Тармақша 3
3) Қордың қызметіне және жұмыс істеуіне кедергі келтірмеуге, Қордың қызметіне өзінің қатысуын Жарғыға және құрылу мақсаттарына қайшы келетін мақсаттарда пайдаланбауға міндетті.
Тармақ 38
38. Салымшылардың Қорды басқаруға қатысуы салымшыларды немесе олардың өкілдерін Қордың қамқоршылық кеңесіне және (немесе) консультативтік-кеңесші органдарына қосу арқылы іске асырылады.
Тармақ 39
39. Салымшылардың немесе олардың өкілдерінің Қорды басқаруға қатысуы оларға эндаумент-қордың (нысаналы капиталдың) активтеріне меншік құқықтарын беруге алып келмейді.
Тармақ 40
40. Салымшылар немесе олардың өкілдері Қорды басқаруда өздеріне жүктелген функцияларды орындағаны үшін сыйақы алуға құқылы емес.
Тарау 9. 9-тарау. Қордың мүлкі
9-тарау. Қордың мүлкі
Тармақ 41
41. Қордың Жарғыда көзделген Қор қызметін материалдық қамтамасыз ету үшін қажетті меншігінде, сенімгерлік және жедел басқаруында мүлкі болуы мүмкін.
Тармақ 42
42. Оның құрылтайшысы Қорға берген мүлік Қордың меншігі болып табылады. Құрылтайшылардың Қор мүлкіне мүліктік құқығы жоқ және міндеттемелерін орындамаған жағдайда Жарғымен бекітілген тәртіпте құрылтайшылардың жалпы жиналысымен Қордан шығарылуы мүмкін.
Тармақ 43
43. Қордың мүлкі:
Тармақша 1
1) жеке және заңды тұлғалардың ерікті қайырмалдықтарынан;
Тармақша 2
2) сенімгерлік басқару шарты (шарттары) бойынша берілген мүліктен;
Тармақша 3
3) жеке және заңды тұлғалардың нысаналы салым шарты (шарттары) бойынша берілген эндаументтерінен (нысаналы салымдарынан);
Тармақша 4
4) Қор құрылтайшыларының жарналарынан;
Тармақша 5
5) эндаумент-қордың (нысаналы капиталдың) активтерін басқарудан түсетін инвестициялық кірістерден тұрады.
Тармақ 44
44. Нысаналы салым шарты шеңберінде берілген мүлікті қоспағанда, эндаумент-қорға (нысаналы капиталға) енгізілген мүлік Қордың меншігіне айналады.
Тармақ 45
45. Құрылтайшылар сыйға тарту, қайырмалдық, нысаналы салым шарты (шарттары), сондай-ақ өсиет бойынша Қорға енгізген және беретін мүлікке үшінші тұлғалардың құқықтарымен ауыртпалық салынбауға тиіс.
Тарау 10. 10-тарау. Қордың қаржылық және бухгалтерлік есептілігі мен аудиті
10-тарау. Қордың қаржылық және бухгалтерлік есептілігі мен аудиті
Тармақ 46
46. Қордың бухгалтерлік есепті жүргізу және қаржылық есептілікті жасау тәртібі Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп, қаржылық есептілік туралы заңнамасына және халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына сәйкес айқындалады.
Тармақ 47
47. Қор Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен эндаумент-қордың (нысаналы капиталдың) меншікті қаражаты мен активтері бойынша бөлек бухгалтерлік есепке алуды жүргізеді және қаржылық есептілікті ұсынады.
Тармақ 48
48. Бухгалтерлік есепке алуды жүргізуді және қаржылық есептілікті жасауды атқарушы орган жүзеге асырады.
Тармақ 49
49. Атқарушы орган жыл сайын қамқоршылық кеңеске бекіту үшін аудиті Қазақстан Республикасының аудиторлық қызмет туралы заңнамасына сәйкес жүргізілген өткен жылғы жылдық қаржылық есептілікті ұсынады.
Тармақ 50
50. Қордың қаржы жылы 1 қаңтардан 31 желтоқсанды қоса алғандағы күнтізбелік жыл есепті кезең болып табылады.
Тармақ 51
51. Қор жылдық қаржылық есептілікке тәуелсіз аудит жүргізуге міндетті.
Тарау 11. 11-тарау. Қордың қызметі туралы ақпаратты жариялау
11-тарау. Қордың қызметі туралы ақпаратты жариялау
Тармақ 52
52. Қор жыл сайын өзінің ресми интернет-ресурсында жылдық қаржылық есептілікті, аудиторлық қорытындыны, эндаумент-қорлардың (мақсатты капиталдардың) қайырымдылық бағдарламаларын орындау туралы есепті, мақсатты капитал қорының меншікті қаражаты мен эндаумент-қордың (мақсатты капиталдың) активтерін пайдалану туралы есепті, сондай-ақ мақсатты капитал қорының әкімшілік-басқару шығыстары бойынша есепті Қамқоршылық кеңес оларды бекіткеннен кейін отыз күнтізбелік күн ішінде жариялауға міндетті.
Тарау 12. 12-тарау. Қордың филиалдары мен өкілдіктері
12-тарау. Қордың филиалдары мен өкілдіктері
Тармақ 53
53. Филиалдар мен өкілдіктер заңды тұлғалар болып табылмайды. Оларға Қордың мүлкі беріледі және бекітілген ереже негізінде әрекет етеді. Филиалдың немесе өкілдіктің мүлкі жеке баланста және Қор балансында есепке алынады.
Тармақ 54
54. Филиалдар мен өкілдіктердің басшыларын тағайындау, шеттету тәртібі, Қазақстан Республикасының заңдарында және Жарғыда белгіленеді.
Тарау 13. 13-тарау. Жарғыға өзгерістер мен толықтырулар енгізу тәртібі
13-тарау. Жарғыға өзгерістер мен толықтырулар енгізу тәртібі
Тармақ 55
55. Жарғыға өзгерістер мен толықтырулар енгізу қамқоршылық кеңестің тиісті шешім қабылдауы арқылы жүзеге асырылады.
Тарау 14. 14-тарау. Қорды тарату
14-тарау. Қорды тарату
Тармақ 56
56. Қор ерікті түрде немесе мәжбүрлеп таратылуы мүмкін.
Тармақ 57
57. Қорды ерікті түрде тарату туралы шешімді қамқоршылық кеңес не құрылтай құжаттарымен уәкілеттік берілген Қор органы қабылдайды. Қорды ерікті түрде тарату туралы шешім қабылдаған Қор органы тарату комиссиясын тағайындайды және Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне, Заңға және Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Қорды тарату тәртібі мен мерзімдерін белгілейді.
Тармақ 58
58. Қорды мәжбүрлеп таратуды Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда және тәртіппен сот жүзеге асырады. Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, мүдделі тұлғалар сотқа Қорды тарату туралы талап қоюы мүмкін.
Тармақ 59
59. Тарату комиссиясы тағайындалған сәттен бастап оған Қордың мүлкі мен істерін басқару жөніндегі өкілеттіктер ауысады. Тарату комиссиясы таратылатын Қор атынан сотқа қатысады. Тарату комиссиясының құрамы Қор қызметінің өзіндік ерекшелігі ескеріліп, мынадай қатысушылар:
Тармақша 1
1) қамқоршылық кеңес өкілдері;
Тармақша 2
2) атқарушы органның өкілдері;
Тармақша 3
3) ішкі аудит қызметінің өкілдері;
Тармақша 4
4) Қордың басқару органдарының құрамына кірмейтін салымшылардың өкілдері міндетті түрде енгізе отырып айқындалады.
Тармақ 60
60. Қор таратылған кезде кредиторлардың талаптары қанағаттандырылғаннан кейін қалған мүлік Жарғыда көрсетілген мақсаттарға жіберіледі. Оның кредиторларының талаптарын қанағаттандыру тәртібі Қазақстан Республикасының заңдарында реттеледі.
Тармақ 61
61. Қорды тарату туралы ақпарат тарату туралы шешім қабылданғаннан кейін күнтізбелік отыз күн ішінде оның ресми интернет-ресурсында міндетті түрде жариялануға тиіс. Жариялау міндеті тарату комиссиясына жүктеледі.
Тарау 15. 15-тарау. Қорытынды ережелер
15-тарау. Қорытынды ережелер
Тармақ 62
62. Жарғымен реттелмеген қатынастар Қазақстан Республикасының заңнамасымен регламенттеледі.