Об утверждении Положения о государственном учреждении «Отдел физической культуры и спорта акимата города Костаная» Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 10.12.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Қостанай қаласы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына, «Мемлекеттік органдар мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі № 590 қаулысына сәйкес, Қостанай қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. «Қостанай қаласы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы Ереже осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
Тармақ 2
2. «Қостанай қаласы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) жоғарыда көрсетілген Ережені әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы қаулыға қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күн ішінде оның көшірмесін электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Қостанай облысы бойынша «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорынының филиалына жіберуді;
Тармақша 3
3) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін оны Қостанай қаласы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қостанай қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Басқа 8. «Қостанай қаласы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы ереже
Қостанай қаласы әкімдігінің 2025 жылғы «20» қазан № 1659 қаулысымен бекітілді «Қостанай қаласы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы ереже
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. «Қостанай қаласы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі дене шынықтыру және спорт саласындағы басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
Тармақ 2
2. «Қостанай қаласы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілеріне және өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
Тармақ 3
3. «Қостанай қаласы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
Тармақ 4
4. «Қостанай қаласы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарды өз атынан жасайды.
Тармақ 5
5. «Қостанай қаласы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы.
Тармақ 6
6. «Қостанай қаласы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен «Қостанай қаласы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
Тармақ 7
7. «Қостанай қаласы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
Тармақ 8
8. Заңды тұлғаның орналасқан жері: индекс 110000, Қазақстан Республикасы, Қостанай обласы, Қостанай қаласы, «Юбилейный» шағын ауданы, № 26А ғимарат.
Тармақ 9
9. Осы Ереже «Қостанай қаласы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
Тармақ 10
10. «Қостанай қаласы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру Қостанай қаласының бюджетінен жүзеге асырылады.
Тармақ 11
11. «Қостанай қаласы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілерімен «Қостанай қаласы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің өкілеттіктері болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қарым-қатынастар жасауға тыйым салынады. Егер «Қостанай қаласы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кірістер, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджетке жіберіледі.
Тарау 2. 2-тарау. Мемлекеттік органның мақсаттары мен өкілеттіктері
2-тарау. Мемлекеттік органның мақсаттары мен өкілеттіктері
Тармақ 12
12. Мақсаттары:
Тармақша 1
1) Қостанай қаласында дене шынықтыру мен спортты дамыту бойынша жұмысты ұйымдастыру;
Тармақша 2
2) бұқаралық, ұлттық спорт түрлерінен, мүгедектігі бар адамдар арасындағы спорттан қала құрама командаларының дайындығын және олардың облыстық спорт жарыстарына қатысуын ұйымдастыру және қамтамасыз ету.
Тармақ 13
13. Өкілеттіктері:
Тармақша 1
1) құқықтары: өз құзыреті шегінде белгіленген тәртіпте мемлекеттік органдардан және басқа да ұйымдардан, олардың лауазымды тұлғаларынан қажетті мәліметтерді, материалдар мен құжаттарды сұрату және алу; конференцияларды, семинарларды және оқытудың басқа да нысандарын ұйымдастыруға және өткізуге қатысу және бұқаралық дене шынықтыру-сауықтыру жұмысының мамандарымен тәжірибе алмасу;
Тармақша 2
2) міндеттері: жергілікті атқарушы органдармен келісім бойынша өзінің негізгі қызметін жоспарлау және дене шынықтыру мен спорт саласын дамытуды айқындау; дене шынықтыру және спортты дамыту бағдарламаларын, жоспарларын іске асыруды жүзеге асырады.
Тармақ 14
14. Функциялары:
Тармақша 1
1) жеке адамдардың тұрғылықты жері бойынша және олардың көпшілік демалатын орындарда спортпен шұғылдануы үшін инфрақұрылым жасау;
Тармақша 2
2) аккредиттелген жергілікті спорт федерацияларымен бірлесіп, спорт түрлері бойынша қалалық спорт жарыстарын ұйымдастыру;
Тармақша 3
3) Қостанай қаласының аумағында қалалық дене шынықтыру-спорт ұйымдарының қызметін үйлестіру;
Тармақша 4
4) спортшыларға: 2-разрядты спортшы, 3-разрядты спортшы, 1-жасөспірімдік-разрядты спортшы, 2-жасөспірімдік-разрядты спортшы, 3-жасөспірімдік-разрядты спортшы спорттық разрядтарын беру, спортшыларды спорттық разрядтардан айыру;
Тармақша 5
5) біліктілік санаттарын беру, біліктілік санаттарын айыру: біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты жаттықтырушы, біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты жаттықтырушы-оқытушы, біліктілігі орта деңгейдегі екінші санатты жаттықтырушы, біліктілігі орта деңгейдегі екінші санатты жаттықтырушы-оқытушы, біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты әдіскер, біліктілігі орта деңгейдегі екінші санатты әдіскер, біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты нұсқаушы-спортшы екінші санатты, спорт төрешісі;
Тармақша 6
6) аккредиттелген өңірлік және жергілікті спорт федерацияларының ұсыныстарына сәйкес спорт түрлері бойынша құрама командалардың тізімдерін қалыптастыру және бекіту;
Тармақша 7
7) ресми дене шынықтыру және спорт іс-шараларын медициналық қамтамасыз етуді ұйымдастыру;
Тармақша 8
8) дене шынықтыру және спорт іс-шараларын өткізу кезінде қоғамдық тәртіпті және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету болып табылады;
Тармақша 9
9) дене шынықтыру мен спортты насихаттау, денсаулықты сақтау және нығайту, аурулардың алдын алу, жұмысқа қабілеттілік пен ұзақ өмір сүрудің жоғары деңгейіне қол жеткізу үшін дене шынықтыру компоненттерін практикалық пайдалануда халықтың білім деңгейін, сондай-ақ спорттың гуманистік идеалдары мен құндылықтарын арттыру;
Тармақша 9-1
9-1) дене шынықтыру-сауықтыру және спорт ғимараттарының тізілімін жүргізу;
Тармақша 9-2
9-2) халық үшін спорт секцияларының жұмысын қамтамасыз ету және спорттық іс-шараларды өткізу мақсатында білім беру ұйымдарының спорт құрылысжайларын сабақтан тыс және кешкі уақытта пайдалану жөнінде шаралар қабылдау;
Тармақша 9-3
9-3) бюджет қаражатының көлемдері шегінде балалар мен жасөспірімдерге арналған спорт секцияларын қаржыландыруға мемлекеттік спорттық тапсырысты бекіту;
Тармақша 9-4
9-4) мемлекеттік спорттық тапсырыстың көрсетілетін қызметтерін берушілердің меншік нысанына, ведомстволық бағыныстылығына, типтері мен түрлеріне қарамастан, балалар мен жасөспірімдерге арналған спорт секцияларында мемлекеттік спорттық тапсырысты орналастыруды қамтамасыз ету;
Тармақша 9-5
9-5) мемлекеттік спорттық тапсырысты орналастырудың, оның сапасын бақылаудың және мақсатты игерілуінің барлық кезеңі мен рәсімдерінің электрондық және жалпыға қолжетімді форматтарда орындалуын қамтамасыз ету.
Тарау 3. 3-тарау. Мемлекеттік органның, бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттіктері
3-тарау. Мемлекеттік органның, бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттіктері
Тармақ 15
15. «Қостанай қаласы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесін басқаруды бірінші басшы жүзеге асырады, «Қостанай қаласы әкiмдігінің мәдениет және тiлдердi дамыту бөлiмi» мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болады.
Тармақ 16
16. «Қостанай қаласы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысын Қостанай қаласының әкімі лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады.
Тармақ 17
17. «Қостанай қаласы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының орынбасарлары жоқ.
Тармақ 18
18. «Қостанай қаласы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының өкілеттіліктері:
Тармақша 1
1) «Қостанай қаласы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің атынан әрекет етеді;
Тармақша 2
2) «Қостанай қаласы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің жұмысын ұйымдастырады және басшылық етеді;
Тармақша 3
3) барлық ұйымдарда «Қостанай қаласы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің мүддесін білдіреді;
Тармақша 4
4) заңдарда белгіленген реттер мен шектерде мүлікке билік етеді;
Тармақша 5
5) шарттар жасасады;
Тармақша 6
6) сенімхаттар береді;
Тармақша 7
7) «Қостанай қаласы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің барлық қызметкерлері орындауға міндетті бұйрықтар шығарады және нұсқаулар береді;
Тармақша 8
8) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен «Қостанай қаласы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін жұмысқа қабылдайды және жұмыстан босатады;
Тармақша 9
9) «Қостанай қаласы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің қызметкерлеріне көтермелеу шараларын қолданады және тәртіптік жаза қолданады;
Тармақша 10
10) қаулы жобаларын уақтылы, сапалы әзірлеуге, рәсімдеуге және әкімдікке белгіленген мерзімдерде ұсынуға, сондай-ақ қаулы жобалары мәтіндерінің мемлекеттік тілдегі және орыс тіліндегі түпнұсқалылығына дербес жауапты болады;
Тармақша 11
11) әзірлеушісі мемлекеттік мекеме болып табылатын органның әкімдіктің нормативтік құқықтық актілерінің жобаларын әзірлеу, қабылдау және кейіннен мемлекеттік тіркеу барысына тікелей бақылауды жүзеге асырады;
Тармақша 13
13) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша қызметті ұйымдастыруға дербес жауапты болады. «Қостанай қаласы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес оны алмастыратын адам жүзеге асырады.
Тарау 4. 4-тарау. Мемлекеттік органның мүлкі
4-тарау. Мемлекеттік органның мүлкі
Тармақ 19
19. Қостанай қаласы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі мемлекеттік мекемесінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін. «Қостанай қаласы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
Тармақ 20
20. «Қостанай қаласы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
Тармақ 21
21. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, «Қостанай қаласы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
Тарау 5. 5-тарау. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату
5-тарау. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату
Тармақ 22
22. «Қостанай қаласы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.