О признании утратившими силу некоторых решений Алматинского областного маслихата Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 23.10.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Алматы облыстық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабының 2-тармағына сәйкес Алматы облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Алматы облыстық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын:
Тармақша 1
1) «Алматы облысында ортақ су пайдалану қағидаларын белгілеу туралы» Алматы облыстық мәслихатының 2016 жылғы 12 мамырдағы № 2-16 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3891 болып тіркелген);
Тармақша 2
2) «Алматы облысының жер үсті көздерінен су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерлемелерін белгілеу туралы» Алматы облыстық мәслихатының 2018 жылғы 25 шілдедегі № 34-176 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4782 болып тіркелген).
Тармақ 2
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау облыс әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.