Об утверждении Правил определения объектов налогообложения и (или) объектов, связанных с налогообложением, косвенным методом Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 28.10.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Салық салу объектілерін және (немесе) салық салуға байланысты объектілерді жанама әдіспен айқындау қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 173-бабының 5-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Салық салу объектілерін және (немесе) салық салуға байланысты объектілерді жанама әдіспен айқындау қағидалары бекітілсін.
Тармақ 2
2. Мыналардың:
Тармақша 1
1) «Жеке тұлғаның салық салуға жататын кірістерін жанама әдіспен айқындау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2020 жылғы 16 наурыздағы № 275 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №20215 болып тіркелген);
Тармақша 2
2) «Жеке тұлғаның салық салуға жататын кірістерін жанама әдіспен айқындау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2020 жылғы 16 наурыздағы № 275 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2021 жылғы 18 наурыздағы №231 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №22389 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
Тармақша 3
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшасында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Басқа 0. Салық салу объектілерін және (немесе) салық салуға байланысты объектілерді жанама әдіспен айқындау қағидалары
Қазақстан Реcпубликасының Қаржы министрі 2025 жылғы 28 қазандағы № 631 бұйрығымен бекітілген Салық салу объектілерін және (немесе) салық салуға байланысты объектілерді жанама әдіспен айқындау қағидалары
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Салық салу объектілерін және (немесе) салық салуға байланысты объектілерді жанама әдіспен айқындау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Салық кодексінің (бұдан әрі – Салық кодексі) 173-бабының 5-тармағына сәйкес әзірленген және мемлекеттік кірістер органдарының жеке тұлғалардың салық салу объектілерін және (немесе) салық салуға байланысты объектілерін (бұдан әрі – Объектілер) жанама әдіспен айқындау тәртібін айқындайды.
Тармақ 2
2. Объектілерді Салық кодексінің 173-бабы 1-тармағының бірінші бөлігіне сәйкес активтерді, мүлікті, міндеттемелерді, кірістерді, айналымды, шығындарды бағалау, сондай-ақ басқа да объектілерді бағалау негізінде жанама әдіспен айқындау мынадай:
Тармақша 1
1) есепке алуды жүргізу тәртібінің бұзылуы;
Тармақша 2
2) есепке алу құжаттамасының жоғалуы немесе жойылуы.
Тармақ 3
3. Осы Қағидалар дара кәсіпкер ретінде тіркеу есебінде тұрмайтын жеке тұлғаларға, жеке практикамен айналысатын адамдарға қатысты олардың қызметін жүзеге асырған кезеңде қолданылады.
Тарау 2. 2-тарау. Объектілерді жанама әдіспен айқындау тәртібі
2-тарау. Объектілерді жанама әдіспен айқындау тәртібі
Тармақ 4
4. Мемлекеттік кірістер органдары жеке тұлғаның кірісін жанама әдіспен айқындаудың мынадай тәсілдерін қолданады:
Тармақша 1
1) активтер құнының өсімі әдісі;
Тармақша 2
2) шығындарды есепке алу әдісі;
Тармақша 3
3) банктік шоттардағы қозғалысты есепке алу әдісі. Бұл ретте жеке тұлғаның кірісін жанама әдіспен айқындау кезінде Қағидалардың осы тармағының бірінші бөлігінде көрсетілген әдістердің комбинациясын қолдануға жол беріледі.
Тармақ 5
5. Жеке тұлғаның кірісін жанама әдіспен айқындау мынадай кезеңдерден тұрады:
Тармақша 1
1) объектілерді айқындау;
Тармақша 2
2) объектілерді бағалау;
Тармақша 3
3) жеке тұлғаның кірісін есептеу.
Тармақ 6
6. Мемлекеттік кірістер органдары Салық кодексінің 173-бабының 2-тармағына сәйкес жанама әдіс негізінде объектілерді айқындау кезінде салық төлеуші, оның өнім берушілері мен сатып алушылары туралы, оның ішінде салықтық әкімшілендіру бойынша өзара іс-қимыл шеңберінде алынған, сондай-ақ салықтық бақылауды және кедендік бақылаудың өзге де нысандары нәтижесінде алынған мәліметтерді пайдаланады.
Тармақ 7
7. Мемлекеттік кірістер органдары объектілерді айқындау мақсатында:
Тармақша 1
1) банк ұйымдарына;
Тармақша 2
2) тиісті мемлекеттік органдарға, жергілікті атқарушы органдарға және Қазақстан Республикасының аумағында қызметін жүзеге асыратын ұйымдарға;
Тармақша 3
3) тексерілетін салық төлеушінің өнім берушілерімен және сатып алушыларымен өзара есеп айырысулар мәселесі бойынша қарсы салықтық тексерулер жүргізу туралы басқа мемлекеттік кірістер органдарына;
Тармақша 4
4) шет мемлекеттердің құзыретті органдарына;
Тармақша 5
5) тексерілетін салық төлеуші (салық агенті) көрсеткен қызметтердің құны туралы тапсырыс берушілерге және сатып алынған өнімнің құны мен көлемі туралы сатып алушыларға;
Тармақша 6
6) тексерілетін салық төлеушіге (салық агентіне) акцизделетін тауарлардың жекелеген түрлерінің өндірісі және айналымы саласында қызметтер көрсеткен, шикізатты, энергия ресурстарын және қосалқы материалдарды жіберуді жүзеге асырған жеке және заңды тұлғаларға сұрау салулар жібереді. Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген ақпарат көздері мән-жайларға, тексерілетін салық төлеушінің (салық агентінің) қызмет сипаты мен түріне қарай әрбір нақты жағдайда қолданылады.
Тармақ 8
8. Мемлекеттік кірістер органдары объектілерді айқындау үшін мынадай:
Тармақша 1
1) жеке тұлғаның банктік шоттарындағы ақша қалдығы мен қозғалысы туралы, жеке тұлғаға берілген кредиттер және ипотекалық тұрғын үй қарыздары бойынша сыйақыларды өтеуге шығыстар туралы;
Тармақша 2
2) жеке тұлғалардың Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан мүлкі туралы, медицинаға және білімге жұмсаған шығыстары, мәмілелері мен шарттары, оның ішінде сақтандыру шарттары бойынша, жеке тұлғаның бағалы қағаздармен, биржа тауарларымен мәмілелері және әлеуметтік төлемдер бойынша аударымдары мен төлемдері туралы;
Тармақша 3
3) шет мемлекеттеріндегі мүлік туралы мәліметтер, оның ішінде жеңілдікті салық салынатын;
Тармақша 4
4) жеке және заңды тұлғалардың ұсынған салықтық есептілік нысандарынан;
Тармақша 5
5) салықтық және кедендік бақылау нәтижелері бойынша алынған мәліметтер, оның ішінде жеке тұлғамен Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне сәйкес мәмілелер жасасқан тұлғаларға қатысты және (немесе) дебиторлық және (немесе) кредиторлық берешек туындаған жеке тұлғамен өзара есеп айырысулар бойынша;
Тармақша 6
6) құжаттармен расталған басқа ақпарат көздерінен алынған мәліметтерді қолданады.
Тармақ 9
9. Мемлекеттік кірістер органдары жанама әдіс негізінде айқындаған объектілер туралы мәліметтерді жеке тұлғаның салықтық есептілігінде көрсетілген тиісті деректермен салыстырады.
Тармақ 10
10. Жеке тұлға Салық кодексінің 417-бабында белгіленген мерзімде кірістер және мүлік туралы декларацияны табыс етпеген жағдайда, мұндай жеке тұлғада: жеке тұлғаның дертес салық салуға жататын кірістері; мемлекеттік немесе басқа тіркеуге жататын мүлікті, құқықтары және (немесе) мәмілелері мемлекеттік немесе өзге тіркеуге жататын мүлікті сатып алу, иеліктен шығару, өтеусіз алу, дебиторлық және (немесе) кредиторлық берешек, оның ішінде Қазақстан Республикасының шегінен тысқары жерлердегі фактісі болмағаны расталды деп саналады.
Тармақ 11
11. Егер жеке тұлғаның салықтық есептілігінде көрсетілген жеке тұлғаның кірістері оның жеке тұтынуға, оның ішінде мүлік сатып алуға жұмсаған шығыстарынмен сәйкес келмеген жағдайда, мемлекеттік кірістер органдары, өткен кезеңдердегі кірістерді ескере отырып, оның шығындары негізінде кірісті және салықты айқындайды.
Тармақ 12
12. Жеке тұлғада активтерінің, оның ішінде аяқталмаған құрылыс объектілерінің, көлік құралдарының, жер учаскелерінің, материалдық емес активтердің, инвестициялық мүлік және басқа мүліктің құнын растайтын құжаттары болмаса, онда осы тұлғаның кірісіне көрсетілген активтің нарықтық құны қосылады. Объектілердің нарықтық құны мемлекеттік кірістер органы тартқан, «Қазақстан Республикасындағы бағалау қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қызметті жүзеге асыратын бағалаушының есебі негізінде айқындалады.
Тармақ 13
13. Жеке тұлғаның жанама әдіспен салық салуға жататын кірістерін айқындау нәтижелері салықтық тексеру жүргізу және (немесе) мемлекеттік бақылаудың өзге де нысанын жүзеге асыру барысында пайдаланылады.