Об утверждении Правил и сроков вручения налогоплательщику (налоговому агенту) предварительного акта налоговой проверки, представления письменного возражения к предварительному акту налоговой проверки, а также рассмотрения такого возражения Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 24.10.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Салық төлеушіге (салық агентіне) салықтық тексерудің алдын ала актісін табыс ету, салықтық тексерудің алдын ала актісіне жазбаша қарсылық ұсыну, сондай-ақ осындай қарсылықты қарау қағидалары мен мерзімдерін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 169-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Салық төлеушіге (салық агентіне) салықтық тексерудің алдын ала актісін табыс ету, салықтық тексерудің алдын ала актісіне жазбаша қарсылық ұсыну, сондай-ақ осындай қарсылықты қарау қағидалары мен мерзімдері бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
Тармақша 4
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшасында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Басқа 1. Салық төлеушіге (салық агентіне) салықтық тексерудің алдын ала актісін табыс ету, салықтық тексерудің алдын ала актісіне жазбаша қарсылық ұсыну, сондай-ақ осындай қарсылықты қарау қағидалары мен мерзімдері
Қазақстан Реcпубликасының Қаржы министрі 2025 жылғы 24 қазандағы № 627 Бұйрығына 1-қосымша Салық төлеушіге (салық агентіне) салықтық тексерудің алдын ала актісін табыс ету, салықтық тексерудің алдын ала актісіне жазбаша қарсылық ұсыну, сондай-ақ осындай қарсылықты қарау қағидалары мен мерзімдері
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Салық төлеушіге (салық агентіне) салықтық тексерудің алдын ала актісін табыс ету, салықтық тексерудің алдын ала актісіне жазбаша қарсылық беру, сондай-ақ осындай қарсылықты қарау қағидалары мен мерзімдері (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Салық кодексінің (бұдан әрі – Салық кодексі) 169-бабы 2-тармағына сәйкес әзірленді және мемлекеттік кірістер органдарының салық төлеушіге (салық агентіне) салықтық тексерудің алдын ала актісін табыс ету, салықтық тексерудің алдын ала актісіне жазбаша қарсылық беру, сондай-ақ осындай қарсылықты қарау тәртібі мен мерзімдерін айқындайды.
Тармақ 2
2. Осы Қағидалардың ережелері:
Тармақша 1
1) Салық кодексінің 156-бабы 2-тармағының 20) тармақшасына сәйкес, оның ішінде қайтаруға ұсынылған қосылған құн салығының асып кету сомаларының дұрыстығын растау мәселесі бойынша және Салық кодексінің 156-бабы 5-тармағында көрсетілген негіздерде салық төлеушіге қатысты жүргізілетін;
Тармақша 2
2) қосарланған салық салуды болдырмау туралы халықаралық шарттың ережелерін қолдануға байланысты, сондай-ақ бейрезиденттің осындай салықтық өтінішті қайта қарау туралы жүгінуіне байланысты бейрезиденттің бюджеттен табыс салығын қайтару мәселесі бойынша салық өтінішінің негізінде тақырыптық тексерулерді қоспағанда, салықтың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің, сондай-ақ әлеуметтік төлемдердің сомаларын есептеуге, шығындарды азайтуға әкеп соқтыратын салықтық тексерулерге қолданылады.
Тармақ 3
3. Осы Қағидалардың щеңберінде мынадай ұғымдар пайдаланылады:
Тармақша 1
1) жазбаша қарсылық – салықтық тексерудің алдын ала актісінің нәтижелерімен жазбаша келіспеушілік;
Тармақша 2
2) мемлекеттік кіріс органы – өз құзыреті шегінде салықтар мен бюджетке төленетін төлемдердің түсуін қамтамасыз етуді, Қазақстан Республикасында кедендік реттеуді, Қазақстан Республикасының заңнамасында осы органның қарауына жатқызылған әкімшілік құқық бұзушылықтардың алдын алу, анықтау, жолын кесу және ашу жөніндегі өкілеттіктерді жүзеге асыратын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де өкілеттіктерді орындайтын мемлекеттік орган;
Тармақша 3
3) салық агенті – Салық кодексінде белгіленген жағдайларда және тәртіппен салық агенті деп танылатын жеке тұлға, дара кәсіпкер, жеке практикамен айналысатын адам, заңды тұлға, заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесі, интернет-платформа операторы;
Тармақша 4
4) салықтық тексерудің алдын ала актісі – тексеруші Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес жасаған және салықтық тексеру актісі жасалғанға дейін салық төлеушіге (салық агентіне) табыс етілетін салықтық тексерудің алдын ала нәтижелері туралы құжат;
Тармақша 5
5) салық төлеуші – салықтар мен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеуші болып табылатын тұлға, заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесі.
Тарау 2. 2-тарау. Салық төлеушіге (салық агентіне) салықтық тексерудің алдын ала актісін табыс ету тәртібі мен мерзімдері
2-тарау. Салық төлеушіге (салық агентіне) салықтық тексерудің алдын ала актісін табыс ету тәртібі мен мерзімдері
Тармақ 4
4. Салық кодексінің 170-бабында көзделген салықтық тексеру актісін жасағанға дейін мемлекеттік кірістер органының лауазымды адамы салық төлеушіге (салық агентіне) салықтық тексерудің алдын ала актісіне қолын қойғызып табыс етеді.
Тармақ 5
5. Салықтық тексеруді жүзеге асыратын мемлекеттік кірістер органы Салық кодексінің 65-бабында белгіленген мерзімдерді және осы Қағидаларда көзделген салық төлеушінің (салық агентінің) салықтық тексерудің алдын ала актісіне жазбаша қарсылықты дайындау, осындай қарсылықты қарау және ұзарту мерзімдерін ескере отырып, Салық кодексінің 163-бабында белгіленген талаптарға сәйкес салықтық тексерудің алдын ала актісін табыс ету мерзімін айқындайды. Салықтық тексерудің алдын ала актісімен бір мезгілде, осы Қағидалардың 6-тармағында көрсетілген жағдайларды қоспағанда, Салық кодексінің 163-бабы 6-тармағына сәйкес салықтық тексеруді тоқтата тұру туралы хабархат табыс етіледі.
Тармақ 6
6. Салық төлеушінің (салық агентінің) тіркеу деректерінде көрсетілген, орналасқан жері бойынша болмауына байланысты салық төлеушіге (салық агентіне) салықтық тексерудің алдын ала актісін табыс ету мүмкін болмаған кезде мемлекеттік кірістер органы Салық кодексінің 181-бабы 2-тармағының 1) тармақшасына сәйкес салықтық зерттеп-қарау актісін жасай отырып, салықтық зерттеп-қарау жүргізеді.
Тарау 3. 3-тарау. Салықтық тексерудің алдын ала актісіне жазбаша қарсылық берудің тәртібі мен мерзімдері
3-тарау. Салықтық тексерудің алдын ала актісіне жазбаша қарсылық берудің тәртібі мен мерзімдері
Тармақ 7
7. Салық төлеуші (салық агенті) салықтық тексеруді жүзеге асыратын мемлекеттік кірістер органына салықтық тексерудің алдын ала актісіне жазбаша қарсылықты алдын ала актіні табыс еткен күннен кейінгі күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде ұсынады. Салық төлеуші (салық агенті) жазбаша қарсылықты мына тәсілдердің бірімен:
Тармақша 1
1) өзі келу тәртібімен. Бұл ретте салықтық тексеруді жүзеге асыратын мемлекеттік кірістер органы осындай қарсылықты қабылдаған және тіркеген күні жазбаша қарсылық келіп түскен күн болып табылады.
Тармақша 2
2) электрондық тәсілмен ұсынады. Бұл тәсіл «Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес электрондық тәсілмен мемлекеттік кірістер органымен өзара іс-қимылда болатын салық төлеушіге (салық агентіне) қолданылады. Салықтық тексеруді жүзеге асыратын мемлекеттік кірістер органына осындай қарсылықты жіберген күн жазбаша қарсылықтың электрондық тәсілмен келіп түскен күні болып табылады.
Тармақ 8
8. Жазбаша қарсылықта:
Тармақша 1
1) салықтық тексеруді жүзеге асыратын мемлекеттік кірістер органының атауы;
Тармақша 2
2) салық төлеушінің (салық агентінің) және (немесе) Салық кодексінің 38-бабына сәйкес жазбаша қарсылықты беретін заңды не уәкілетті өкілінің тегі, аты және әкесінің аты (ол болған жағдайда) не толық атауы, оның тұрғылықты жері (орналасқан жері);
Тармақша 3
3) сәйкестендіру нөмірі;
Тармақша 4
4) салық төлеушінің (салық агентінің) жазбаша қарсылыққа қол қойған күні;
Тармақша 5
5) жазбаша қарсылықты беретін тұлғаның осы мән-жайларды растайтын өзінің талаптары мен дәлелдемелері негізделген мән-жайлар;
Тармақша 6
6) қоса беріліп отырған құжаттардың тізбесі қамтылады.
Тармақ 9
9. Салық төлеуші (салық агенті) бұрын берген жазбаша қарсылығын кері қайтарып алу туралы шешім қабылдаған кезде салықтық тексеруді жүзеге асыратын мемлекеттік кірістер органына қабылданған шешім туралы хабарлайды.
Тармақ 10
10. Салықтық тексеру Салық кодексінің 15-тарауы 2-параграфында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы Қағидалардың 7-тармағында белгіленген мерзім өткен күннен бастап жазбаша қарсылықты ұсынбаған кезде;
Тармақша 2
2) салықтық тексерудің алдын ала актісінің нәтижелерімен жазбаша келісімді ұсынған жағдайда;
Тармақша 3
3) жазбаша қарсылықты кері қайтарып алған жағдайда;
Тармақша 4
4) осы Қағидалардың 6-тармағында көрсетілген салықтық зерттеп-қарау актісін жасаған күннен кейінгі 1 (бір) жұмыс күні ішінде аяқталуға тиіс. Бұл ретте салықтық тексеруді аяқтағанға дейін, осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген жағдайларда салық төлеушіге (салық агентіне) Салық кодексінің 163-бабында белгіленген тәртіппен салықтық тексеруді жүргізу мерзімін қайта бастау туралы хабархат табыс етіледі.
Тарау 4. 4-тарау. Мемлекеттік кірістер басқармасының салықтық тексерудің алдын ала актісіне жазбаша қарсылықты қарау тәртібі мен мерзімі
4-тарау. Мемлекеттік кірістер басқармасының салықтық тексерудің алдын ала актісіне жазбаша қарсылықты қарау тәртібі мен мерзімі
Тармақ 11
11. Cалықтық тексеруді жүзеге асыратын Мемлекеттік кірістер басқармасы (бұдан әрі – Басқарма) жазбаша қарсылықты, онда көрсетілген мәселелер шегінде ол тіркелген сәттен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қарайды. Бұл ретте жазбаша қарсылықты қарау мерзімі мынадай:
Тармақша 1
1) осы Қағидалардың 12-тармағының 1) тармақшасына сәйкес Мемлекеттік кірістер департаментіне (бұдан әрі – Департамент) сұрау салу жолдаған жағдайда – осындай сұрау салу жолданған күннен бастап осы Қағидалардың 13-тармағында белгіленген мерзімде жауапты алған күнге дейінгі уақыт кезеңіне;
Тармақша 2
2) осы Қағидалардың 12-тармағының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетіне (бұдан әрі – Комитет) сұрау салу жолдаған жағдайда – осындай сұрау салу жолданған күннен бастап осы Қағидалардың 15-тармағында белгіленген мерзімде жауапты алған күнге дейінгі уақыт кезеңіне;
Тармақша 3
3) осы Қағидалардың 14-тармағына сәйкес салық төлеушіге (салық агентіне) және (немесе) Қазақстан Республикасының уәкілетті (мемлекеттік) органдарына, сондай-ақ шет мемлекеттердің тиісті органдарына және (немесе) өзге де ұйымдарға сұрау салу жолдаған жағдайда, бірақ сұрау салу жолданған күннен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күннен аспайтын мерзімге ұзартылады. Жазбаша қарсылықты қарау мерзімін ұзарту туралы салық төлеушіге (салық агентіне) сұрау салу жолданған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде хабарланады.
Тармақ 12
12. Салық төлеушінің (салық агентінің) жазбаша қарсылығымен келіспеген жағдайда, салықтық тексеруді жүзеге асыратын Басқарма осы Қағидалардың 11-тармағында көзделген жазбаша қарсылықты қарау мерзімі ішінде:
Тармақша 1
1) Департаментке – осы тармақтың 2) тармақшасында көрсетілмеген салық төлеушілерге қатысты;
Тармақша 2
2) Комитетке – мынадай: Салық кодексінің 143-бабының 2-тармағына сәйкес салықтық мониторингке жататын, сондай-ақ деңгейлес мониторинг бойынша келісім жасасқан тұлғаларға; Салық кодексінің 144-бабының 3-тармағына сәйкес мониторингке жататын ірі салық төлеушілерге; инвестициялық және (немесе) арнайы инвестициялық келісімшарттар жасасқан салық төлеушілерге қатысты сұрау салу жолдайды. Сұрау салуға мынадай құжаттар: салықтық тексерудің алдын ала актісі; салық төлеушінің (салық агентінің) жазбаша қарсылығы; салықтық тексеруді жүзеге асыратын Басқарманың жазбаша қарсылықта көрсетілген қорытындымен келіспеу негіздерін көрсете отырып, ұстанымы; есептер, сондай-ақ салықтық тексеру барысында алынған, сондай-ақ жазбаша қарсылықта жазылған мәселелерді қозғайтын, жазбаша қарсылықты қарау барысында алынған құжаттар мен мәліметтер қоса беріледі.
Тармақ 13
13. Департамент салықтық тексеруді жүзеге асыратын Басқарманың сұрау салуын, ол Департаментте тіркелген күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде, қарсылық берген тұлға өзінің талаптары мен осы мән-жайларды растайтын дәлелдемелерді негіздейтін мән-жайлар шегінде, сондай-ақ салықтық тексеруді жүзеге асыратын Басқарманың ұстанымында көрсетілген дәлелдемелер мен негіздемелер шегінде қарайды. Департамент Басқарманың сұрау салуын қарау кезінде салық төлеушіге (салық агентіне) және (немесе) Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарына, сондай-ақ шет мемлекеттердің тиісті органдарына және (немесе) өзге де ұйымдарға жазбаша қарсылықта жазылған мәселелер бойынша ақпарат не түсіндірме беру туралы сұрау салу жолдайды. Бұл ретте сұрау салуды қарау мерзімі сұрау салу жолданған күннен бастап жауапты алған күнге дейінгі уақыт кезеңіне, бірақ күнтізбелік 30 (отыз) күннен аспайтын мерзімге ұзартылады. Сұрау салуды қарау қорытындысы бойынша Департамент салықтық тексеруді жүзеге асыратын Басқармаға жазбаша қарсылықта жазылған мәселелер бойынша Департаменттің ұстанымы жазылған жауапты жолдайды. Департаменттің ұстанымында жазылған қорытындыны салықтық тексеруді жүзеге асыратын Басқарма салықтық тексеруді аяқтаған кезде міндетті түрде қолданады.
Тармақ 14
14. Салық төлеушінің (салық агентінің) осы Қағидалардың 12-тармағында көрсетілмеген жазбаша қарсылығын қарау кезінде салықтық тексеруді жүзеге асыратын Басқарма жазбаша қарсылықты қарау мерзімі ішінде салық төлеушіге (салық агентіне) және (немесе) Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарына, сондай-ақ шет мемлекеттердің тиісті органдарына және (немесе) өзге де ұйымдарға жазбаша қарсылықта жазылған мәселелер бойынша ақпарат не түсіндірме беру туралы сұрау салулар жолдайды.
Тармақ 15
15. Комитет салықтық тексеруді жүзеге асыратын Басқарманың сұрау салуын, ол Комитетте тіркелген күнінен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде, қарсылық берген тұлға өзінің талаптары мен осы мән-жайларды растайтын дәлелдемелерді негіздейтін мән-жайлар шегінде, сондай-ақ салықтық тексеруді жүзеге асыратын Басқарманың ұстанымында көрсетілген дәлелдемелер мен негіздемелер шегінде қарайды. Комитет Басқарманың сұрау салуын қарау кезінде салық төлеушіге (салық агентіне) және (немесе) Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарына, сондай-ақ шет мемлекеттердің тиісті органдарына және (немесе) өзге де ұйымдарға жазбаша қарсылықта жазылған мәселелер бойынша ақпарат не түсіндірме беру туралы сұрау салу жолдайды. Бұл ретте сұрау салуды қарау мерзімі сұрау салу жолданған күннен бастап жауапты алған күнге дейінгі уақыт кезеңіне, бірақ күнтізбелік 30 (отыз) күннен аспайтын мерзімге ұзартылады. Комитет сұрау салуды қарау қорытындысы бойынша ведомстволық бағыныстылығына салықтық тексеруді жүзеге асыратын Басқармаға кіретін Департаментке көшірмесін жолдай отырып, салықтық тексеруді жүзеге асыратын Басқармаға жазбаша қарсылықта жазылған мәселелер бойынша Комитеттің ұстанымы жазылған жауапты жолдайды. Комитеттің ұстанымында жазылған қорытындыны салықтық тексеруді жүзеге асыратын Басқарма салықтық тексеруді аяқтаған кезде қолданады.
Тармақ 16
16. Салықтық тексеруді жүзеге асыратын Басқарманың Салық кодексінің 170-бабына сәйкес жазбаша қарсылық бойынша қабылданған шешімді, оның ішінде Департаменттің не Комитеттің осы Қағидалардың 13 және 15-тармағында көзделген жауабын ескере отырып, жасаған салықтық тексеруді аяқтауы салық төлеушінің (салық агентінің) салықтық тексерудің алдын ала актісіне жазбаша қарсылығын қараудың нәтижесі болып табылады. Салықтық тексеру Салық кодексінің 15-тарауының 2-параграфында белгіленген тәртіпте аяқталады.
Тарау 5. 5-тарау. Мемлекеттік кірістер департаментінің салықтық тексерудің алдын ала актісіне жазбаша қарсылықты қарау тәртібі мен мерзімі
5-тарау. Мемлекеттік кірістер департаментінің салықтық тексерудің алдын ала актісіне жазбаша қарсылықты қарау тәртібі мен мерзімі
Тармақ 17
17. Салықтық тексеруді жүзеге асыратын Департамент жазбаша қарсылықты, онда көрсетілген мәселелер шегінде ол тіркелген сәттен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қарайды. Бұл ретте жазбаша қарсылықты қарау мерзімі:
Тармақша 1
1) осы Қағидалардың 18-тармағына сәйкес Комитетке сұрау салу жолдаған жағдайда – осындай сұрау салуды жолдаған күннен бастап осы Қағидалардың 19-тармағында белгіленген мерзімде жауапты алған күнге дейінгі уақыт кезеңіне;
Тармақша 2
2) осы Қағидалардың 20-тармағына сәйкес салық төлеушіге (салық агентіне) және (немесе) Қазақстан Республикасының уәкілетті (мемлекеттік) органдарына, сондай-ақ шет мемлекеттердің тиісті органдарына және (немесе) өзге де ұйымдарға сұрау салуды жолдаған жағдайда, бірақ сұрау салу жолданған күннен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күннен аспайтын мерзімге ұзартылады. Жазбаша қарсылықты қарау мерзімін ұзарту туралы салық төлеушіге (салық агентіне) сұрау салу жолданған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде хабарланады.
Тармақ 18
18. Салық төлеушінің (салық агентінің) жазбаша қарсылығымен келіспеген жағдайда, салықтық тексеруді жүзеге асыратын Департамент осы Қағидалардың 17-тармағының 1) тармақшасында көзделген жазбаша қарсылықты қарау мерзімі ішінде Комитетке:
Тармақша 1
1) Салық кодексінің 143-бабының 2-тармағына сәйкес салықтық мониторингке жататын, сондай-ақ деңгейлес мониторинг бойынша келісім жасасқан тұлғаларға;
Тармақша 2
2) Салық кодексінің 144-бабының 3-тармағына сәйкес мониторингке жататын ірі салық төлеушілерге;
Тармақша 3
3) инвестициялық және (немесе) арнайы инвестициялық келісімшарттар жасасқан салық төлеушілерге қатысты сұрау салу жолдайды. Сұрау салуға мынадай құжаттар: салықтық тексерудің алдын ала актісі; салық төлеушінің (салық агентінің) жазбаша қарсылығы; салықтық тексеруді жүзеге асыратын Департаменттің жазбаша қарсылықта көрсетілген қорытындымен келіспеу негіздерін көрсете отырып, ұстанымы; есептер, сондай-ақ салықтық тексеру барысында алынған, сондай-ақ жазбаша қарсылықта жазылған мәселелерді қозғайтын, жазбаша қарсылықты қарау барысында алынған құжаттар мен мәліметтер қоса беріледі.
Тармақ 19
19. Комитет салықтық тексеруді жүзеге асыратын Департаменттің сұрау салуын, ол Комитетте тіркелген күнінен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде, қарсылық берген адам өзінің талаптары мен аталған мән-жайларды растайтын дәлелдемелерді негіздейтін мән-жайлар шегінде, сондай-ақ салықтық тексеруді жүзеге асыратын Департаменттің ұстанымында көрсетілген, сондай-ақ жазбаша қарсылықты қарау барысында алынған дәлелдемелер мен негіздемелер шегінде қарайды. Комитет Департаменттің сұрау салуын қарау кезінде салық төлеушіге (салық агентіне) және (немесе) Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарына, сондай-ақ шет мемлекеттердің тиісті органдарына және (немесе) өзге де ұйымдарға жазбаша қарсылықта жазылған мәселелер бойынша ақпарат не түсіндірме беру туралы сұрау салу жолдайды. Бұл ретте сұрау салуды қарау мерзімі сұрау салу жолданған күннен бастап жауапты алған күнге дейінгі уақыт кезеңіне, бірақ күнтізбелік 30 (отыз) күннен аспайтын мерзімге ұзартылады. Сұрау салуды қарау қорытындысы бойынша Комитет салықтық тексеруді жүзеге асыратын Департаментке жазбаша қарсылықта жазылған мәселелер бойынша Комитеттің ұстанымы жазылған жауапты жолдайды. Комитеттің ұстанымында жазылған қорытындыны салықтық тексеруді жүзеге асыратын Департамент салықтық тексеруді аяқтаған кезде қолданады.
Тармақ 20
20. Салық төлеушінің (салық агентінің) осы Қағидалардың 17-тармағында көрсетілмеген жазбаша қарсылықтарын қарау кезінде салықтық тексеруді жүзеге асыратын Департамент жазбаша қарсылықты қарау мерзімі ішінде салық төлеушіге (салық агентіне) және (немесе) Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарына, сондай-ақ шет мемлекеттердің тиісті органдарына және (немесе) өзге де ұйымдарға жазбаша қарсылықта жазылған мәселелер бойынша ақпарат не түсіндірме беру туралы сұрау салулар жолдайды.
Тармақ 21
21. Салықтық тексеруді жүзеге асыратын Департаменттің Салық кодексінің 170-бабына сәйкес жазбаша қарсылық бойынша қабылданған шешімді, оның ішінде Комитеттің осы Қағидалардың 19-тармағында көзделген жауабын ескере отырып, жасаған салықтық тексеруді аяқтауы салық төлеушінің (салық агентінің) салықтық тексерудің алдын ала актісіне жазбаша қарсылығын қараудың нәтижесі болып табылады. Салықтық тексеру Салық кодексінің 15-тарауының 2-параграфында белгіленген тәртіпте аяқталады.
Басқа 2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің жойлуға жататын кейбір бұйрықтарының тізбесі
Қазақстан Реcпубликасының Қаржы министрі 2025 жылғы 24 қазандағы № 627 Бұйрығына 2-қосымша Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің жойлуға жататын кейбір бұйрықтарының тізбесі
Тармақ 1
1. «Салық төлеушіге салықтық тексерудің алдын ала актісін табыс ету, салықтық тексерудің алдын ала актісіне жазбаша қарсылық беру, осындай қарсылықты қарау қағидалары мен мерзімдерін, сондай-ақ оларға қатысты салықтық тексерудің алдын ала актісі бойынша нормалар қолданылатын салық төлеушiлер санаттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 12 қаңтардағы № 20 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16295 болып тіркелген).
Тармақ 2
2. «Салық төлеушіге салықтық тексерудің алдын ала актісін табыс ету, салықтық тексерудің алдын ала актісіне жазбаша қарсылық беру, осындай қарсылықты қарау қағидалары мен мерзімдерін, сондай-ақ оларға қатысты салықтық тексерудің алдын ала актісі бойынша нормалар қолданылатын салық төлеушiлер санаттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 12 қаңтардағы № 20 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің міндетін атқарушының 2018 жылғы 1 тамыздағы № 726 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17351 болып тіркелген).
Тармақ 3
3. «Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер және толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2019 жылғы 16 қыркүйектегі № 1002 бұйрығымен бекітілген өзгерістер және толықтырулар енгізілетін Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің кейбір бұйрықтары тізбесінің 1-тармағы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19402 болып тіркелген).
Тармақ 4
4. «Салық төлеушіге салықтық тексерудің алдын ала актісін табыс ету, салықтық тексерудің алдын ала актісіне жазбаша қарсылық беру, осындай қарсылықты қарау қағидалары мен мерзімдерін, сондай-ақ оларға қатысты салықтық тексерудің алдын ала актісі бойынша нормалар қолданылатын салық төлеушiлер санаттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 12 қаңтардағы № 20 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2021 жылғы 11 мамырдағы № 445 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11741 болып тіркелген).