О присвоении наименований улицам города Қонаев Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 21.10.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қонаев қаласының көшелеріне атау беру туралы «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 4-1-тармағына және Республикалық ономастикалық комиссияның 2025 жылғы 10 қыркүйектегі қорытындысына сәйкес Алматы облысының әкімідігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Алматы облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Қонаев қаласының атауы жоқ көшелеріне келесі атаулар берілсін: Атауы жоқ көшесі (1-ші линия) – «Әбдіқадыр Нұрмағанбетов» көшесі; Атауы жоқ көшесі (2-ші линия) – «Ақбай Әлібаев» көшесі; Атауы жоқ көшесі (3-ші линия) – «Жақыпжан Шарипов» көшесі; Атауы жоқ көшесі (4-ші линия) – «Сүндетбай Балхашев» көшесі; Атауы жоқ көшесі (6-шы линия) – «Жұмабек Жақыпов» көшесі; Атауы жоқ көшесі (8-ші линия) – «Әукен Жылқыбаев» көшесі.
Тармақ 2
2. «Алматы облысының тілдерді дамыту басқармасы», «Қонаев қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемелері осы бірлескен Алматы облысы әкімдігінің қаулысынан және Алматы облысы мәслихатының шешімінен туындайтын барлық қажетті шараларды қабылдасын.
Тармақ 3
3. Осы бірлескен Алматы облысы әкімдігінің қаулысының және Алматы облысы мәслихаты шешімінің орындалуын бақылау Алматы облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бірлескен Алматы облысы әкімдігінің қаулысы және Алматы облысы мәслихатының шешімі оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.