Об установлении публичного сервитута Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 17.10.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Жер учаскесіне қоғамдық сервитут белгілеу туралы Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 19-бабы, 69-бабының 4-тармағына және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 35-бабының 6) тармақшасына сәйкес ШЕШІМ ЕТТІ:
Тармақ 1
1. «Uplink» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне Рудный қаласы, Қашар кентіндегі жалпы ауданы 3,3020 гектар жер учаскесіне жобалау және талшықты-оптикалық байланыс желісін (ТОБЖ) тарту мақсатында қоғамдық сервитут орнатылсын.
Тармақ 2
2. «Қашар кенті әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесіне Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы шешімді ресми жарияланғаннан кейін «Қашар кенті әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің интернет ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы шешім оның бірінші рет жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.